Құжат мәтініне өту

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда

Қаулы · № 4-110 · қабылданған 17.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64230/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Күшін жойған Қаулы ·№ 4-110 ·17.02.2012
26.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда

Күшін жойған Қаулы ·№ 4-110 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-110
Қабылданған күні
17.02.2012
Көрсетілген редакция
26.06.2013 64230_186336.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12DA000156
ЭКБ идентификаторы
64230
Редакция идентификаторы
64230_186336
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:03

0 Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 12-7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 1-1-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Талдықорған қаласы, "Қаратал" шағын ауданы, N 60 "Б" үй мекен жайында орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына бір шаршы метрдің төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес 152 теңге 46 тиын (бір жүз елу екі теңге қырық алты тиын) сомасында белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 А = Ц/Т/12+Р

Талдықорған қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 17 ақпандағы
"Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін белгілеу
туралы" N 4-110 қаулысына
қосымша
Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына 1 (бір) шаршы метр үшін
төлемақы мөлшерін есептеу
Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына 1 (бір) шаршы метр үшін төлемақы мөлшері (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 6 қазанда N 7232 тіркелген, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы N 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес):
А = Ц/Т/12+Р
формуласымен есептеледі, мұндағы:
А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттардың қызмет көрсету есептік мерзімі (жыл);
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге):
Р = Г3/12/ ?п
формуласымен есептеледі, мұндағы:
Г3 – тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге);
?п – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы (шаршы метр);
Ц = 76273,63 теңге;
Т = 50 жыл;
Г3 = 338551,62 теңге;
?п = 1113,2 м2;
Р = 338551,62 теңге:12 ай:1113,2 м2=25,34;
А= 76273,63 т/м2:50 жыл: 12 ай+25,34 теңге=152,46 теңге;
А (айына 1 м2 төлемақы мөлшері) =152,46 теңге/ м2

Қолданыстағы