Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Ордабасинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Ордабасинском районе
- Атауы (қаз.)
- Ордабасы ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/7
- Қабылданған күні
- 12.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2012 AI64261_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UH000124
- ЭКБ идентификаторы
- 64261
- Редакция идентификаторы
- AI64261_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:51
0 Ордабасы ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Ордабасы ауданында иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2 Ордабасы ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
кезекті ІІ сессиясының төрағасы Б.Тәйтелі
Аудандық мәслихат хатшысы П.Жұрман
Ордабасы аудандық мәслихаттың
12 наурыз 2012 жылғы № 2/7
шешімімен бекітілген
Ордабасы ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Ордабасы ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнің 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына сәйкес әзірленген және Ордабасы ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау тәртібін белгілейді.