Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О взимании платы за использование особо охраняемых территорий

Өзге акт · № 4-131 · қабылданған 01.04.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-643/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О взимании платы за использование особо охраняемых территорий Күшін жойған 01.04.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О взимании платы за использование особо охраняемых территорий

Күшін жойған Өзге акт № 4-131 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О взимании платы за использование особо охраняемых территорий
Атауы (қаз.)
Ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-131
Қабылданған күні
01.04.1998
Көрсетілген редакция
01.04.1998 643_241971.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98D000006_
ЭКБ идентификаторы
643
Редакция идентификаторы
643_241971
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:46
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы алу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен.
Табиғат қорғау, орманды қалпына келтiру жұмыстар кешенiн жүргiзу мақсатында және Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 73, 77-баптары мен Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 10, 29, 30-баптарының негiзiнде облыс Әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ерекше қорғалатын аумақтарды ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациондық мақсатта пайдаланғаны үшін ақы мөлшерi (N 1 қосымша) белгiленсiн.

📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - Алматы облысы Әкімінің
1998 жылғы 26 маусымдағы N 6-125 шешімімен.

2. Iле Алатауы Мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi (Бегiмбетов А.), Алтын Емел Мемлекеттiк ұлттық паркi (Байдусенов Б.), Алматы, Талдықорған орман және аң шаруашылығы бiрлестiгi (Чукарин В.Д., Демесiнов А.) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын аумақтарға келу және оларды пайдалану ережелерiн жасасын және тиiстi орындарға бекiтуге тапсырсын.

3. Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланудан түсетін қаржы облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына, ал мемлекеттік парктер мен қорықтардан түсетін қаржы осы мекемелердің арнаулы есеп шоттарына жолдансын.

📌 ЕСКЕРТУ. 3 тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Әкімінің
1999 жылғы 7 маусымдағы N 6-183 шешімімен.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары В.П. Меренковқа жүктелсін.

📌 ЕСКЕРТУ. 4 тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Әкімінің
1998 жылғы 26 маусымдағы N 6-215 шешімімен.

5. Осы шешiмнiң орындалуын ұйымдастыру мен ақы алу тәртiбiн белгiлеу облыстық экономика басқармасына жүктелсiн.

6. Шешiм әдiлет басқармасында тiркелуге жатады.

7 Облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы

сәуiрдiң 2-гi N 4-131
шешiмiне қосымша
📌 ЕСКЕРТУ. N 1 қосымша күшін жойды - Алматы облысы Әкімінің
1998 жылғы 26 маусымдағы N 6-215 шешімімен.