О некоторых вопросах Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканский центр "Дошкольное детство" Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканский центр "Дошкольное детство" Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 392
- Қабылданған күні
- 30.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 64322_592356.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000392
- ЭКБ идентификаторы
- 64322
- Редакция идентификаторы
- 64322_592356
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:40
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) құрылсын.
3 3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру Мекеме қызметiнiң негiзгi мәні болып айқындалсын.
4 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1 1) Мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемелекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын кәсіпорын кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін Мекемеге беруді қамтамасыз етсін;
3 3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 392 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
3 3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде" деген реттік нөмірі 12-жолда:
"2876,5" деген сандар "2916,5" деген сандармен ауыстырылсын;
"2104,5" деген сандар "2144,5" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы – 40".