Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня заболеваний, при наличии которых лицо не может усыновить ребенка, принять его под опеку или попечительство, патронат

Қаулы · № 404 · қабылданған 30.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64349/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Перечня заболеваний, при наличии которых лицо не может усыновить ребенка, принять его под опеку или попечительство, патронат Күшін жойған Қаулы ·№ 404 ·30.03.2012
27.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня заболеваний, при наличии которых лицо не может усыновить ребенка, принять его под опеку или попечительство, патронат

Күшін жойған Қаулы ·№ 404 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня заболеваний, при наличии которых лицо не может усыновить ребенка, принять его под опеку или попечительство, патронат
Атауы (қаз.)
Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
404
Қабылданған күні
30.03.2012
Көрсетілген редакция
27.01.2016 AI64349_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000404
ЭКБ идентификаторы
64349
Редакция идентификаторы
AI64349_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:41

0 Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 91-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесі бекітілсін.

2 2. "Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 28, 272-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 404 қаулысымен
бекітілген
Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы

1 1. Адамның жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ).

2 2. Психикалық аурулар, АХЖ-10 бойынша кодтары F00-F79, күйзеліске және соматонысандық бұзылуға байланысты невроздықтан басқа АХЖ-10 бойынша кодтары F40-F48.

3 3. Маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық.

4 4. Туберкулез (бактерия бөлетін созылмалы, алғаш рет анықталған, бацилла бөлетін (абацилирлеу сәтіне дейін).

5 5. Негізінен жыныстық жолмен берілетін аурулар (емделмеген мерез, емделмеген соз, емделмеген урогениталды хламидиоз).

6 6. Алапес, АХЖ-10 бойынша кодтары А30.0-А30.9.

7 7. Біріктіруші тіндердің бүлінуінің ауыр сырқаттары (жүйелі қызыл жегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит).

8 8. Ороговенияның бұзылуымен ауыр дерматоздар (ихтиоздардың ауыр нысандары, ихтиозонысанды эритродермия, артропатиялық псориаз).

9 9. Ауыр созылмалы буллездік дерматоздар (акантолиздік көпіршік, пемфигоид, терінің ихтиозонысанды зақымдануы, буллездік эпидермолиз).

10 10. Медициналық қорытындының негізінде үнемі күтім мен көмекке мұқтаждыққа әкеп соқтырған аурулар.

Қолданыстағы