Құжат мәтініне өту

О реализации кредитной линии Всемирного банка

Өзге акт · № 492 · қабылданған 09.05.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6435/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О реализации кредитной линии Всемирного банка Күшін жойған Өзге акт ·№ 492 ·09.05.2000
14.09.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реализации кредитной линии Всемирного банка

Күшін жойған Өзге акт ·№ 492 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации кредитной линии Всемирного банка
Атауы (қаз.)
Дүниежүзілік банктің несие желісін іске асыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
492
Қабылданған күні
09.05.2000
Көрсетілген редакция
14.09.2009 6435_176197.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00B000203_
ЭКБ идентификаторы
6435
Редакция идентификаторы
6435_176197
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:29

0 Дүниежүзілік банктің несие желісін іске асыру туралы

📌 Ескерту.
Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 17 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Реконструкция және Даму Банкі арасында "Жекешелендірілген ауыл шаруашылығын қолдау" Жобасын қаржыландыру жөніндегі Займ туралы келісім жасалды.
Дүниежүзілік банк Займы Ақмола мен Алматы облысы үшін 15 млн. доллар құрайды. Бұл қаржыны реструктуризацияланған ауыл шаруашылық кәсіпорындарын несиелеуге қолдану көзделініп отыр.
Бірақ Дүниежүзілік Банктің несиелері өте нашар игерілуде. Аудан басшылары бұл бағдарламаны жүзеге асыруға немқұрайлы қарап отыр, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер несие алу шарттарын толық білмейді.
Дүниежүзілік Реконструкция және Даму Банкінің займдарын қолдануды тездету мақсаттарында Ақмола облысының әкімі шешім қабылдайды:

1 1. Дүниежүзілік банктің несие желісі бағдарламасын іске асыру жөнінде жұмысшы орган ретінде облыстық ауыл шаруашылық басқармасы (Т.С. Махметов) белгіленсін.

2 2. Қаржыландырудың басты бағыттары ретінде мыналар белгіленсін:

2.1 2.1. Қайта өңдеу кәсіпорындарының техникалық модернизациясы мен шикізат сатып алу үшін айналыс қаржыларын толықтыруға;

2.2 2.2. Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер ауыл шаруашылық техникаларын, егін жинау комбайндарын сатып алуға.

3 3. Аудан әкімдері ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің Дүниежүзілік банктің несие желісін игеруі бойынша жұмыстарын жандандырсын, аудан әкімі орынбасарларының бірін жауапты атқарушы етіп белгілесін.

4

4. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Т. Махметов "Ақмолалық ауылдық консультация орталығы" қоғамдық қорының төрағасы С. Әшебековпен келісе отырып мамандарды аттестациялау және оқыту, оларға несие алу шарттары бойынша түсінік беру жұмыстарын жүргізсін, несие алушыларға бизнес-жоспарлар әзірлеуге және бекітуге, екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жүргізуге көмек көрсетсін. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысы бойынша ай сайын жазбаша ақпарат беріп отырсын.

5 5. Облыс әкімінің 19.03.1999 ж. N 115 "Дүниежүзілік Реконструкция және Даму Банкінің жекешелендірілген ауыл шаруашылықты қолдау жобасын жүзеге асыру жөніндегі Консультациялық Кеңес құру туралы" шешімі күшін жойсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.

Қолданыстағы