Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к виду деятельности по оказанию услуг по выявлению технических каналов утечки информации и специальных технических средств, предназначенных для проведения оперативно-розыскных мероприятий

Қаулы · № 411 · қабылданған 31.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64351/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к виду деятельности по оказанию услуг по выявлению технических каналов утечки информации и специальных технических средств, предназначенных для проведения оперативно-розыскных мероприятий Күшін жойған Қаулы ·№ 411 ·31.03.2012
06.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к виду деятельности по оказанию услуг по выявлению технических каналов утечки информации и специальных технических средств, предназначенных для проведения оперативно-розыскных мероприятий

Күшін жойған Қаулы ·№ 411 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к виду деятельности по оказанию услуг по выявлению технических каналов утечки информации и специальных технических средств, предназначенных для проведения оперативно-розыскных мероприятий
Атауы (қаз.)
Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
411
Қабылданған күні
31.03.2012
Көрсетілген редакция
06.03.2013 AI64351_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000411
ЭКБ идентификаторы
64351
Редакция идентификаторы
AI64351_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:39

0 Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 наурыздағы
№ 411 қаулысымен
бекітілген
Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Осы біліктілік талаптарының әрекеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғауға байланысты қызметке қолданылмайды.

2 2. Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды (бұдан әрі - АТҚ) анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) жоғары не орта кәсіптік техникалық білімі бар маманның болуын;

2 2) іздестіру техникалық құралдарын сақтау үшін жеке меншігінде немесе өзге заңды негізде арнайы бөлінген үй-жайдың болуын.

Бұл ретте үй-жай:
терезелері темір тормен;
тәуліктік күзет пультіне қосылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;
құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;
іздестіру техникалық құралдарын, олардың құжаттамаларын сақтау үшін мөрленетін темір шкафтармен жабдықталуы тиіс;

3 3) осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес ең аз іздестіру техникалық құралдарының болуын;

4

4) біліктілік сынағының нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын мәлімделген тұлғалардың білім деңгейін бағалаудың болуын қамтиды. Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ-ны анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы біліктілік сынақтарын тапсыру үшін сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді.

0 Қажетті ең аз іздестіру техникалық құралдарының ТІЗБЕСІ*

Ақпарат таралып кететін
техникалық арналарды және
жедел-іздестіру іс-шараларын
жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарды анықтау
бойынша қызмет көрсету жөніндегі
қызмет түріне қойылатын
біліктілік талаптарына
қосымша
Қажетті ең аз іздестіру техникалық құралдарының ТІЗБЕСІ*
Р/с

Із­де­сті­ру тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры­ның ата­уы
Із­де­сті­ру тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры­ның мақ­са­ты
1
Же­лі­лік емес ло­ка­тор (Же­лі­лік емес ауы­су­лар­дың де­тек­то­ры)
Ар­найы тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры­нан және ин­те­рьер­де­гі заттар­дан қи­рат­пай ба­қы­лау әді­сі­мен та­бу
2
Көп функ­ци­о­нал­дық із­де­сті­ру ас­па­бы
Ақ­па­рат та­ра­лып ке­те­тін тех­ни­ка­лық ар­на­лар­ды анық­тау
3
Ұт­қыр/тұ­рақ­ты ра­дио­мо­ни­то­ринг ке­ше­ні, ска­нер­лей­тін ра­дио­қа­был­да­ғыш құ­ры­л­ғы
Ақ­па­рат та­ра­лып ке­те­тін тех­ни­ка­лық ар­на­лар­ды және ар­найы тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды із­деу
4
Кө­те­ріп жү­ру­ге лай­ык­тал­ған ра­дио­пе­лен­га­тор
Ар­найы тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­дың ор­на­ты­л­ған жер­ле­рін анық­тау
5
Жа­сы­рын бейне ка­ме­ра­лар­ды тап­қыш
Бейне ба­қы­лау ар­найы тех­ни­ка­лық құ­рал­да­рын қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры­нан және ин­те­рьер­де­гі заттар­дан та­бу
6
Сте­то­скоп
Ақ­па­рат­тың та­ра­лып ке­те­тін ді­ріл ак­ку­сти­ка­лық ар­на­лар­ды та­бу
7
Те­ле­ви­зи­я­лық тек­се­ріп қа­рау жүй­е­сі, тек­се­ріп қа­ра­удың ай­на­лар жиын­тығы, эн­до­скоп
Ар­найы тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды қол жет­кізу­ге қо­лай­сыз жер­лер­ден та­бу
8
Сым-өт­кіз­гіш же­лі­лер­ге тал­дау жа­сай­тын ре­флек­то­метр
Сым-өт­кіз­гіш ком­му­ни­ка­ци­я­лар­да­ғы ар­найы тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды та­бу
9
Теп­ло­ви­зор
Ар­найы тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры­нан және ин­те­рьер­де­гі заттар­дан та­бу
Ескертпе:
* Іздестіру техникалық құралдары ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың санатына жатқызылмауға тиіс.

Қолданыстағы