Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к виду деятельности в сфере специальных технических средств, предназначенных для проведения оперативно-розыскных мероприятий

Қаулы · № 412 · қабылданған 31.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64352/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к виду деятельности в сфере специальных технических средств, предназначенных для проведения оперативно-розыскных мероприятий Күшін жойған Қаулы ·№ 412 ·31.03.2012
06.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к виду деятельности в сфере специальных технических средств, предназначенных для проведения оперативно-розыскных мероприятий

Күшін жойған Қаулы ·№ 412 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к виду деятельности в сфере специальных технических средств, предназначенных для проведения оперативно-розыскных мероприятий
Атауы (қаз.)
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
412
Қабылданған күні
31.03.2012
Көрсетілген редакция
06.03.2013 AI64352_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000412
ЭКБ идентификаторы
64352
Редакция идентификаторы
AI64352_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:39

0 Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2

2. «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және осы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы № 528 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 238-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 наурыздағы
№ 412 қаулысымен
бекітілген
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды (бұдан әрі - АТҚ) әзірлеу, ендіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызмет мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

1 1) АТҚ-ны әзірлеу және өндіру;

2 2) АТҚ-ны жөндеу және өткізу.

2 2. АТҚ саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) жоғарғы техникалық білімі бар маманның;

2 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, мәлімделген қызмет түрі бойынша жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсаттың;

3 3) осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес ең аз техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының;

4 4) біліктілік сынақтың нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын мәлімделген тұлғалардың білім деңгейін бағалаудың болуын қамтиды. АТҚ саласындағы біліктілік сынақтарын тапсыру үшін сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді.

3 3. АТҚ-ны әзірлеу және өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай қосымша біліктілік талаптары белгіленеді:

1 1) арнайы бөлінген өндірістік үй-жайдың (жеке меншік құқығы немесе өзгеше заңды негіз болған кезде);

2 2) әзірленетін және өндірілген АТҚ-ны сақтау үшін оқшауландырылған үй-жайдың (жеке меншік құқығы немесе өзгеше заңды негіз болған кезде).

Бұл ретте үй-жайлар:

1 1) терезелері темір тормен;

2 2) тәуліктік күзет пультіне қосылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;

3 3) екі құлыпты құрылғысы бар мөрленетін темір есіктермен;

4 4) мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы тиіс.

4 4. АТҚ-ны жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі арнайы бөлінген үй-жайдың болуын қамтитын қосымша біліктілік талап белгіленеді.

Бұл ретте үй-жай;

1 1) терезелері темір тормен;

2 2) тәуліктік күзет пультіне қосылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;

3 3) құлыпталатын мөрленетін темір есіктермен;

4 4) арнайы техникалық құралдарды, және оларға техникалық құжаттамаларды сақтау үшін мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы тиіс.

0 Техникалық құралдардың және бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз қажетті ТІЗБЕСІ

Жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдар
саласындағы қызмет түріне
қойылатын біліктілік талаптарына
қосымша
Техникалық құралдардың және бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз қажетті ТІЗБЕСІ
Р/с

Тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­дың және ба­қы­лау-өл­шеу жаб­дық­та­ры­ның ата­уы
1
муль­ти­метр
2
ос­цил­ло­граф
3
вольт­метр
4
ам­пер­метр
5
жи­і­лік өл­ше­гіш
6
жо­ға­ры жи­і­лік­ті сиг­нал­дар­дың ге­не­ра­то­ры
7
тө­мен­гі жи­і­лік­ті сиг­нал­дар­дың ге­не­ра­то­ры
8
ток кү­ші мен кер­не­уі рет­те­лі­не­тін тұ­рақ­ты ток кө­зі
9
рет­те­лі­не­тін ай­ны­ма­лы кер­неу кө­зі (ав­то­транс­фор­ма­тор)
10
өріс ин­ди­ка­то­ры
11
дәне­кер­лей­тін стан­ция

Қолданыстағы