Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения мониторинга реализации бюджетных инвестиций посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц

Қаулы · № 374 · қабылданған 29.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64353/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения мониторинга реализации бюджетных инвестиций посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц Күшін жойған Қаулы ·№ 374 ·29.03.2012
26.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения мониторинга реализации бюджетных инвестиций посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц

Күшін жойған Қаулы ·№ 374 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения мониторинга реализации бюджетных инвестиций посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц
Атауы (қаз.)
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
374
Қабылданған күні
29.03.2012
Көрсетілген редакция
26.05.2014 AI64353_4.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000374
ЭКБ идентификаторы
64353
Редакция идентификаторы
AI64353_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:42

0 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 159-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 374 қаулысымен
бекітілген
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың (бұдан әрі – Бюджеттiк инвестициялар) іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) іс-шара – Бюджеттiк инвестициялар шеңберінде орындалатын және Бюджеттiк инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде көзделетін міндеттерді орындауға бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар кешені;

2 2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3 3) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

4 4) есепті жарты жылдық – Бюджеттiк инвестициялар есебінен іс-шара іске асырыла басталған немесе іске асырылып жатқан күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 маусымды қоса алғандағы және 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең;

5

5) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi – мемлекеттiк кәсiпорындар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар, оның iшiнде қатысушысы немесе акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншiлес, тәуелдi және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;

6

6) заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттары – ұлттық басқарушы компаниялардың, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген ұлттық басқарушы компаниялардың, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын әзірлеу мен бекіту бойынша квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары.

2 2. Бюджеттiк инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібі

3

3. Бюджеттік инвестициялар мониторингі тұрақты және жүйелi түрде ақпарат жинау, Бюджеттiк инвестициялардың тиімділігін бақылап отыру мақсатында көрсетілген іс-шаралардың түпкілікті іске асырылу сәтіне дейін заңды тұлғалардың акциялар пакетін (қатысу үлестерін) сатып алу жолымен, бастапқы жарғылық капиталды қалыптастыру арқылы республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған Бюджеттiк инвестицияларды есепке алу мен олардың іске асырылуын талдау болып табылады.

4 4. Бюджеттік инвестициялар мониторингі өзіне мыналарды:

1 1) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың барысы туралы ақпарат жинауды;

2

2) Бюджеттік инвестициялар есебінен заңды тұлғалар іске асыратын іс-шаралардың сапалық көрсеткіштері мен тиімділік көрсеткіштерінің іс жүзінде қол жеткізілген тікелей нәтижелерін (сандық көрсеткіштері), түпкілікті нәтижелерін (нәтиже көрсеткіштері), Бюджеттiк инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде және (немесе) мемлекеттiк органдардың стратегиялық даму жоспарларында және (немесе) заңды тұлғалардың стратегиялық құжаттарында жоспарланған тиісті нәтижелерімен салыстыру жолымен әрбір кезеңдегі қол жеткізілген шығындар мен іске асыру көлемін, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін талдауды;

3 3) есепті кезеңдегі орындалған жұмыстардың іс жүзіндегі және жоспарланған көлемі және қаржы қаражатын игеру сомасы туралы ақпаратты қамтитын Бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп дайындауды қамтиды.

5 5. Бюджеттiк инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

6

6. Бюджеттік инвестициялар есебінен іс–шараларды жүзеге асыратын квазимемлекеттiк сектор субъектiсі бюджеттiк бағдарламалардың әкімшісіне есепті жарты жылдықтағы Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жөніндегі есебін (бұдан әрі – квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің есебі) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ түсіндірме жазбаны (іс жүзіндегі көрсеткіштердің жоспардағыдан теріс бағытталған ауытқуы жағдайында ауытқуды егжей-тегжейлі негіздей отырып), бір мезгілде соңғы есепті кезең үшін қаржылық есептілікті, квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің стратегиялық даму құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің есебі бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне жылына 2 рет есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 1-күніне дейін беріледі.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің есебінде:

1 1) бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы;

2 2) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңінің құны;

3

3) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және заңды тұлғалардың жарияланған акцияларының төлеміне олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайтуға ақша аудару кезінде акционердің (қатысушының) және директорлар кеңесінің шешімдері бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу мәліметтері;

4 4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу мәліметтері;

5 5) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңін іске асыру кестесі;

6 6) іске асырылуы үшін Бюджеттік инвестициялар жүзеге асырылған Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының деректемелері;

7 7) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараны қаржыландыру сызбасы;

8 8) Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінде қол жеткізілуі жоспарланып отырған Бюджеттiк инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның нысаналы индикаторларға сәйкес сандық-сапалық көрсеткіштері;

9 9) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жауапты орындаушысының деректемелері көрсетіледі.

Квазимемлекеттік сектор субъектісі есебінің әрбір парағын Бюджеттік инвестициялардың мониторингі және олардың іске асырылуы туралы есепті дайындау үшін жауапты заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ондайлар болмаған жағдайда – заңды тұлғаның басшысы не оны алмастыратын тұлға дәйектейді.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің есебіне заңды тұлғаның басшысы, не оны алмастыратын тұлға қол қояды. Бұл ретте жауапты орындаушы, құрылымдық бөлімшенің басшысы және заңды тұлғаның басшысы ұсынылып отырған ақпараттың толық және дұрыс екендігіне жауапты болады.

7

7. Бюджеттік инвестицияларды іске асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал бюджеттік инвестицияларды іске асыратын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті жартыжылдықтағы бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың іске асырылу мониторингі бойынша есепті (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ түсіндірме жазбаны (нақты көрсеткіштердің жоспардағыдан теріс бағытталған ауытқыған жағдайында ауытқуды егжей-тегжейлі негіздей отырып) ұсынады, бір мезгілде соңғы есепті кезеңдегі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық есептіліктерін, заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебі жылына 2 рет есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 30-күніне дейін ұсынылады.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің есебінде:

1 1) бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы;

2 2) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңінің құны;

3

3) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және заңды тұлғалардың жарияланған акцияларының төлеміне олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайтуға ақша аудару кезінде акционердің (қатысушының) және директорлар кеңесінің шешімдері бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу мәліметтері;

4 4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу мәліметтері;

5 5) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңін іске асыру кестесі;

6 6) іске асырылуы үшін Бюджеттік инвестициялар жүзеге асырылған Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының деректемелері;

7 7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаражат бөлу туралы ақпарат;

8 8) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс–шараны қаржыландыру сызбасы;

9 9) Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінде қол жеткізілуі жоспарланып отырған Бюджеттiк инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның нысаналы индикаторларға сәйкес сандық- сапалық көрсеткіштері;

10 10) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жауапты орындаушысының деректемелері көрсетіледі.

Тікелей нәтиженің көрсеткіштері Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінде жоспарланған көрсеткіштерімен салыстырғанда есепті жарты жылдықта іс жүзінде орындалған сандық көрсеткіштермен айқындалады.
Жоспарланған сандық көрсеткіштер орындалмаған (толық көлемде орындалмаған) жағдайда орындалмау немесе толық көлемде орындалмау себептері көрсетіле отырып, белгіленген мерзімде орындалмаған (толық орындалмаған) іс-шаралардың нақты тізбесі айқындалады.
Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің көрсеткішін айқындау кезінде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бірлігіне жұмсалған шығыстардың көлемін жоспарланған шығыстар көлемімен салыстырмалы талдау жүзеге асырылады, жоспарланғаннан іс жүзінде жүргізілген шығындардың ауытқу деңгейі айқындалады, ал нәтижелерге қол жеткізу тиімділігінің көрсеткішін айқындау кезінде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бірлігіне жұмсалған шығыстардың көлемі жоспарланғанмен салыстырылады.
Бюджеттік инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын іс-шаралар бойынша әрбір объекті бойынша заттық мәнінде жоспарланған және іс жүзінде жүргізілген жұмыстардың көлемі туралы ақпарат беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі есебінің әрбір парағын Бюджеттік инвестициялардың мониторингі және олардың іске асырылуы туралы есепті дайындау үшін жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оны алмастыратын тұлға дәйектейді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебіне орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға) қол қояды, ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеменің басшысы және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы және төмен тұрған бюджеттің тиісті жергілікті атқарушы органының басшысы қол қояды. Бұл ретте аталған тұлғалар ұсынылып отырған ақпараттың толық және дұрыс екендігіне жауапты болады.

8 8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

9 9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептерді бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша тиісті қорытындыны дайындаған кезде пайдаланады.

1 заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектісінің есебі

Заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына
мемлекеттiң қатысуы
арқылы бюджеттiк
инвестициялардың іске
асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
__________________________________________________________
(квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы)
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектісінің есебі
1-бө­лім. Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма
Ко­ды
Ата­уы
Си­патта­ма­сы
Стра­те­ги­я­лық ба­ғы­ты
нө­мі­рі
ата­уы
Мақ­са­ты
нө­мі­рі
ата­уы
Мін­де­ті
нө­мі­рі
ата­уы
Со­ма­сы, мың тең­ге
Іс­ке асы­ру ке­зе­ңі
ба­стап
дей­ін
2-бө­лім. Іс-ша­ра­лар
Р/с №
Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар
Ак­ци­я­лар­ды са­тып алу
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лар­ды іс­ке асы­ру есе­бі­нен ор­на­ла­сты­ры­л­ған ак­ци­я­лар­дың са­ны, да­на
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лар іс­ке асы­ру есе­бі­нен ор­на­ла­сты­ры­л­ған ак­ци­я­лар­дың құ­ны, мың тең­ге
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лар­ды іс­ке асыр­ған­ға дей­ін
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лар­ды іс­ке асыр­ған­нан кей­ін
ке­зе­ңін­де
бар­лы­ғы
1 ке­зең

n ке­зең
Ак­ци­я­лар­ды (құн­ды қа­ға­з­дар­ды) шы­ға­ру­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу мә­лі­мет­те­рі
Р/с №
Се­рік­те­стіктер
Жар­ғы­лық ка­пи­та­лын ұл­ғай­ту, мың тең­ге
Жар­ғы­лық ка­пи­тал мөл­ше­рі­нің жиы­ны, мың тең­ге
Қа­ты­су­шы­лар­дан қа­ты­су үле­сте­рін са­тып алу
жос­пар
нақ­ты
жос­пар
нақ­ты
%
құ­ны, мың тең­ге
мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі қа­ты­су үле­сте­рі, %
жос­пар
нақ­ты
жос­пар
нақ­ты
жос­пар
нақ­ты
1 ке­зең

n ке­зең
Р/с №
Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар
Жар­ғы­лық ка­пи­та­лын ұл­ғай­ту, мың тең­ге
Жар­ғы­лық ка­пи­тал мөл­ше­рі­нің жиы­ны, мың тең­ге
жос­пар
нақ­ты
жос­пар
нақ­ты
1 ке­зең

n ке­зең
Заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік қай­та тір­кеу мә­лі­мет­те­рі
кестенің жалғасы
3-бө­лім.
Іс­ке асы­ру кесте­сі, жос­пар/ нақ­ты мың тең­ге
Р/с №
Іс-ша­ра­лар
Іс-ша­ра­лар­дың іс­ке асы­ры­л­ған жы­лы
Қаң­тар
Ақ­пан
На­урыз
Сәу­ір
Ма­мыр
Мау­сым
Шіл­де
Та­мыз
Қыр­күй­ек
Қа­зан
Қа­ра­ша
Жел­тоқ­сан
1 ке­зең

n ке­зең
4-бө­лім. Олар­ды іс­ке асы­ру үшін бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар жү­зе­ге асы­ры­л­ған мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­ле­рі
Р/с №
Құ­жат­тың ата­уы
Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жа­ты бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті
Тү­рі
Қа­был­дан­ған кү­ні
Нө­мі­рі
1.

n
кестенің жалғасы
5-бө­лім. Қар­жы­лан­ды­ру сыз­ба­сы (есеп­ті жар­ты жыл­дық)
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің шо­ты­нан ауда­рыл­ды
Алушы
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сін қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры бой­ын­ша
іс жү­зін­де ауда­рыл­ды
ауда­ры­л­ған кү­ні (айы, жы­лы)
со­ма­сы, мың тең­ге
ауда­ры­л­ған кү­ні (кү­ні, айы, жы­лы)
құ­жат
со­ма­сы, мың тең­ге
ата­уы

Р/с №
1.

n
Алушы­ның банк­тік шо­ты­нан ауда­рыл­ды
Р/с №
Алушы
қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры бой­ын­ша
іс жү­зін­де ауда­рыл­ды
ауда­ры­л­ған кү­ні (айы, жы­лы)
со­ма­сы, мың тең­ге
ауда­ры­л­ған кү­ні (кү­ні, айы, жы­лы)
құ­жат
со­ма­сы, мың тең­ге
ата­уы

1.

n
6-бө­лім. Нәти­же
Р/с №
Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
өлш. бір­лі­гі
есеп­ті жар­ты жыл­дық­тың ал­дын­да­ғы­дан екі жыл бұ­рын
есеп­ті жар­ты жыл­дық­тың ал­дын­да­ғы­дан бір жыл бұ­рын
есеп­ті жар­ты жыл­дық­та
нақ­ты
нақ­ты
жар­ты жыл­дық­та­ғы жос­пар
нақ­ты
1 жыл­да
үде­ме­лі жиы­ны
1 жыл­да
үде­ме­лі жиы­ны
жар­ты жыл­дық­та
үде­ме­лі жиы­ны
Ті­ке­лей нәти­же(сан­дық көр­сет­кіш­те­рі
1.

n
Са­па­лық көр­сет­кіш­те­рі
1.

n
Ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
1.

n
Түп­кі­лік­ті нәти­же (нәти­же көр­сет­кіш­те­рі)
Ті­ке­лей нәти­же­нің Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі же­тек­ші­лік ете­тін бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма мен са­ла­ның (жүй­е­нің, өңір­дің) мақ­сат­та­ры­на қол жет­кі­зу­іне әсер етуі
7-бө­лім. Жа­у­ап­ты тұл­ға
Те­гі
Аты
Әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Ла­у­а­зы­мы
Ме­кен­жайы
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
Факс
Элек­трон­дық по­шта­сы
Басшы ________ ___________ 20 ж. « » _________
(қолы) (Т.А.Ә.) (күні)

2 заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебі

Заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына мемлекеттiң
қатысуы арқылы бюджеттiк
инвестициялардың іске
асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
______________________________________________________________
(Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебі
1-бө­лім.Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма
Ко­ды
Ата­уы
Си­патта­ма­сы
Стра­те­ги­я­лық ба­ғы­ты
нө­мі­рі
ата­уы
Мақ­са­ты
нө­мі­рі
ата­уы
Мін­де­ті
нө­мі­рі
ата­уы
Со­ма­сы, мың тең­ге
Іс­ке асы­ру ке­зе­ңі
ба­стап
дей­ін
кестенің жалғасы
2-бө­лім. Іс-ша­ра­лар
Р/с №
Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар
Ак­ци­я­лар­ды са­тып алу
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лар­ды іс­ке асы­ру есе­бі­нен ор­на­ла­сты­ры­л­ған ак­ци­я­лар­дың са­ны, да­на
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лар­ды іс­ке асы­ру есе­бі­нен ор­на­ла­сты­ры­л­ған ак­ци­я­лар­дың құ­ны, мың тең­ге
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лар­ды іс­ке асыр­ған­ға дей­ін
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лар­ды іс­ке асыр­ған­нан кей­ін
ке­зе­ңін­де
бар­лы­ғы
1 ке­зең

n ке­зең
Ак­ци­я­лар­ды (ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды) шы­ға­ру­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу мә­лі­мет­те­рі
Р/с №
Се­рік­те­стіктер
Жар­ғы­лық ка­пи­тал­ды ұл­ғай­ту, мың тең­ге
Жар­ғы­лық ка­пи­тал мөл­ше­рі­нің жиы­ны, мың тең­ге
Қа­ты­су­шы­лар­дан қа­ты­су үле­сте­рін са­тып алу
%
құ­ны, мың тең­ге
мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі қа­ты­су үле­сте­рі, %
жос­пар
нақ­ты
жос­пар
нақ­ты
жос­пар
нақ­ты
жос­пар
нақ­ты
жос­пар
нақ­ты
1 ке­зең

n ке­зең
Р/с №
Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар
Жар­ғы­лық ка­пи­та­лын ұл­ғай­ту, мың тең­ге
Жар­ғы­лық ка­пи­тал мөл­ше­рі­нің жиы­ны, мың тең­ге
жос­пар
нақ­ты
жос­пар
нақ­ты
1 ке­зең

n ке­зең
Заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік қай­та тір­кеу мә­лі­мет­те­рі
кестенің жалғасы
3-бө­лім.Іс­ке асы­ру кесте­сі, жос­пар/нақ­ты мың тең­ге
Р/с №
Іс-ша­ра
Іс-ша­ра­лар іс­ке асы­ры­л­ған жыл
Қаң­тар
Ақ­пан
На­урыз
Сәу­ір
Ма­мыр
Мау­сым
Шіл­де
Та­мыз
Қыр­күй­ек
Қа­зан
Қа­ра­ша
Жел­тоқ­сан
1 ке­зең

n ке­зең
кестенің жалғасы
4-бө­лім.Іс­ке­а­сы­ры­луы үшін бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар жү­зе­ге асы­ры­л­ған мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­ле­рі
Р/с №
Құ­жат­тың ата­уы
Мем­
ле
кет
тік
жос­
пар
лау
жүй­
е­сі­
нің
құ
жа
ты
бе
кі
ті­л
ген
нор­
ма
тив
тік
құ
қық
тық
ак
ті
Тү­рі
Қа­был­дан­ған кү­ні
Нө­мі­рі
1.

n
5-бө­лім.Бюд­жет­тік ақ­ша, мың тең­ге
бө­лін­ді
Бар­лы­ғы
оның ішін­де
есеп­ті жар­ты жыл­дық­тың ал­дын­да­ғы екі жыл бұ­рын
есеп­ті жар­ты жыл­дық­тың ал­дын­да­ғы бір жыл бұ­рын
есеп­тік жар­ты жыл­дық­та
тү­сім - бі­рың­ғай қа­зы­на­шы­лық шот­тан Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің шо­ты­на тү­сті
Бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де
есеп­ті жар­ты жыл­дық­тың ал­дын­да­ғы екі жыл бұ­рын
есеп­ті жар­ты жыл­дық­тың ал­дын­да­ғы бір жыл бұ­рын
есеп­тік жар­ты жыл­дық­та
оның ішін­де
құ­жат­тың ата­уы
жі­бе­рі­л­ген кү­ні
құ­жат­тың №
6-бө­лім. Қар­жы­лан­ды­ру сыз­ба­сы (есеп­ті жар­ты жыл­дық)
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің шо­ты­нан ауда­рыл­ды
Р/с №
Алушы
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сін қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры бой­ын­ша
іс жү­зін­де ауда­рыл­ды
ауда­ры­л­ған кү­ні (айы, жы­лы)
со­ма­сы, мың тең­ге
ауда­ры­л­ған кү­ні (айы, жы­лы)
құ­жат
со­ма­сы, мың тең­ге
ата­уы

1.

n
Алушы­ның банк­тік шо­ты­нан ауда­рыл­ды
Р/с №
Алушы
қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры бой­ын­ша
іс жү­зін­де ауда­рыл­ды
ауда­ры­л­ған кү­ні (айы, жы­лы)
со­ма­сы, мың тең­ге
ауда­ры­л­ған кү­ні (айы, жы­лы)
құ­жат
со­ма­сы, мың тең­ге
ата­уы

1.

n
7-бө­лім.Нәти­же
Р/с №
Мақ­сат­ты ин­ди­ка­тор
өлш. бір­лі­гі
есеп­ті жар­ты жыл­дық­тың ал­дын­да­ғы екі жыл бұ­рын
есеп­ті жар­ты жыл­дық­тың ал­дын­да­ғы бір жыл бұ­рын
есеп­ті жар­ты жыл­дық­та
нақ­ты
нақ­ты
жар­ты жыл­дық­та­ғы жос­пар
нақ­ты
1 жыл­да
үде­ме­лі жиы­ны
1 жыл­да
үде­ме­лі жиы­ны
жар­ты жыл­дық­та­ғы жос­пар
жар­ты жыл­дық­ты
үде­ме­лі жиы­ны
Ті­ке­лей нәти­же(сан­дық көр­сет­кіш­те­рі)
1.

n
Са­па­лық көр­сет­кіш­те­рі
1.

n
Ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
1.

n
Түп­кі­лік­ті нәти­же (нәти­же көр­сет­кіш­те­рі)
Ті­ке­лей нәти­же­нің Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі же­тек­ші­лік ете­тін бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма мен са­ла­ның (жүй­е­нің, өңір­дің) мақ­сат­та­ры­на қол жет­кі­зу­іне әсер етуі
8-бө­лім. Жа­у­ап­ты тұл­ға
Те­гі
Аты
Әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ата­уы
Ла­у­а­зы­мы
Ме­кен­жайы
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
Факс
Элек­трон­дық по­шта­сы
Басшы ________ ___________ 20 ж. « » _________
(қолы) (Т.А.Ә.) (күні)

Қолданыстағы