Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил учета лиц, желающих усыновить детей

Қаулы · № 386 · қабылданған 30.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64358/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил учета лиц, желающих усыновить детей Күшін жойған Қаулы ·№ 386 ·30.03.2012
25.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил учета лиц, желающих усыновить детей

Күшін жойған Қаулы ·№ 386 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил учета лиц, желающих усыновить детей
Атауы (қаз.)
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
386
Қабылданған күні
30.03.2012
Көрсетілген редакция
25.04.2015 AI64358_4.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000386
ЭКБ идентификаторы
64358
Редакция идентификаторы
AI64358_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:41

0 Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 386 қаулысымен
бекітілген
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары

1

1. Осы Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 89-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бала асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарды (бұдан әрі – азаматтар) есепке алуды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Азаматтарды есепке алуды ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары (бұдан әрі – орган) жүзеге асырады.

3 3. Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша органға бала асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш береді, оған мынадай құжаттар:

1 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2 2) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;

3 3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама;

4 4) отбасы жағдайы туралы анықтама;

5 5) азаматтардың және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтама;

6 6) соттылығының болмауы туралы анықтама;

7 7) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

4 4. Орган азаматтардың Кодекстің 91-бабына сәйкес бала асырап алуға үміткер болу құқығын, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың толықтығын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Тексеру қорытындысы бойынша орган бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тиісті акті жасайды және 2-қосымшаға сәйкес азаматтардың бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды.

5

5. Азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болған жағдайда орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу журналына жазба енгізу арқылы оларды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке қояды.
Органның бланкісінде орындалған оң қорытындының түпнұсқасы қорытындыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бала асырап алуға үміткерлерге беріледі. Оң қорытынды бала асырап алуға үміткерлер ретінде есепке қою үшін және бала таңдау үшін негіз болып табылады.
Әр бала асырап алуға үміткерге тұрғылықты жері бойынша органда жеке үй-жайда сақталатын жеке іс басталады.

6

6. Азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда орган қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде азаматтардың назарына негіздемесі бар теріс қорытындыны жеткізеді. Теріс қорытынды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке алудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар азаматтардың өздеріне бір мезгілде қайтарылады.
Азаматтар келіспеген жағдайда теріс қорытындыға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағымдануға болады.

7 7. Азаматтар теріс қорытындыда көрсетілген жол берілген кемшіліктерді жойған жағдайда құжаттар органға қайта беріледі, ол осы Қағидалардың талаптарына сәйкес оларды қарайды.

8

8. Егер бала асырап алуға үміткерлер өзі тұратын аумақтағы облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада асырап алу үшін бала таңдай алмаса, бала асырап алуға үміткерлердің тұрғылықты жері бойынша орган олар тілек білдірсе, басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органына кейіннен органда бала асырап алуға үміткерлер ретінде тіркеу үшін жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Бұл ретте осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау актісі, бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі туралы оң қорытынды қоса беріледі.
Басқа облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада тіркелгеннен кейін бала асырап алуға үміткерлер жазбаша өтініш негізінде тұрғылықты жері бойынша органда есептен шығарылады.

1 Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау АКТІСІ

Бала асырап алуға тілек
білдірген адамдарды
есепке алу қағидаларына
1-қосымша
Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау АКТІСІ
Тексеріп-қарау жүргізілген күн_______________________________________
Тексеріп-қарауды жүргізген __________________________________________
(тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс орны)
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органның мекенжайы және телефоны:___________________________________
____________________________________________________________________
Тексеріп-қарау мақсаты:_____________________________________________
(бала асырап алу)
1. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың
жалпы мінездемесі
Тегі ______________________________ аты______________________________
әкесінің аты ______________________ туған күні_____________________
жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________
білімі ____________________________ азаматтығы ______________________
Тегі ______________________________ аты _____________________________
әкесінің аты ______________________ туған күні ____________________
жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________
білімі ____________________________ азаматтығы ______________________
Тұрғылықты жері______________________________________________________
Некеде _________________________ _____________________________ бастап
(тұрады, тұрмайды) (неке тіркелген күн)
Күйеуінің бұдан бұрынғы некелері _________, ______________ аралығында
(иә, жоқ)
Әйелінің бұдан бұрынғы некелері _________, _______________ аралығында
(иә, жоқ)
Балалары ____________________________________________________________
(бар, жоқ)
Балалары туралы мәліметтер:
1) Тегі ____________________________ аты ____________________________
әкесінің аты ________________________ туған күні ____________________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен бөлек-бөлек)
_____________________________________________________________________
(туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
2) Тегі ____________________________ аты ____________________________
әкесінің аты ________________________ туған күні ____________________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен бөлек-бөлек)
_____________________________________________________________________
(туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
3) Тегі ____________________________ аты ____________________________
әкесінің аты ________________________ туған күні ____________________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке бөлек-бөлек)
____________________________________________________________________
(туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
2. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы
Жалпы ауданы ________ (шаршы м) тұрғылықты ауданы _________ (шаршы м)
Тұрғын бөлмелердің саны _________
Тіркелгендер_________________________________________________________
(тұрақты, уақытша)
___________________________________________________ құқығымен тұрады
(меншік иесі, жалдаушы, қосымша жалдаушы)
Үйдің, пәтердің тиесілілігі _________________________________________
(мемлекеттік, жеке)
Тұрғын үйдің жайлылығы_______________________________________________
(абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)
Санитариялық-гигиеналық жай-күйі ____________________________________
(жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер _________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
Ту­ған кү­ні
Туы­стық қа­ты­на­ста­ры
Жыл­дық та­быс
3. Биографиялық деректер (балалық шақта және жасөспірім кезеңдегі отбасы
ахуалы, ата-анасымен, аға-інілерімен, апа-сіңлі-қарындастарымен, басқа
туыстарымен қарым-қатынасы): ___________________________________________
____________________________________________________________________
4. Отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастар (отбасының бұрынғы ерлі-зайыптылық
өмірінің сипаттамасы және қазіргі уақыттағы ахуалы, бала асырап алушылардың
жеке қасиеттері, қызығушылығы, бос уақытын өткізуі, дүниетанымы, дінге,
тәрбиелеуге көзқарасы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесінің бар-жоғы, жақын
туыстарының бала асырап алуға көзқарасы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Бала асырап алуға себеп: __________________________________
____________________________________________________________________
6. Денсаулығының жай-күйі (бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген
азаматтар денсаулығының жай-күйі туралы дәрігерлік қорытындыға сәйкес)
____________________________________________________________________
7. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтар
Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танымаған.
Сот ата-ана құқығынан айырмаған және оны шектемеген.
Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылар,
қамқоршылар міндеттерінен шеттетілмеген.
Егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала
асырап алушылар болып табылмайды.
Қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ.
_________________ __________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
_________________
(күні)

2 Бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы ҚОРЫТЫНДЫ

Бала асырап алуға тілек
білдірген адамдарды
есепке алу қағидаларына
2-қосымша
_________________________________________
(қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органның атауы)
Бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы ҚОРЫТЫНДЫ
Т.А.Ә. (толық) _____________________________________________________
Туған күні: ________________________________________________________
Т.А.Ә. (толық) _____________________________________________________
Туған күні: ________________________________________________________
Мекенжайы (тұрғылықты жері, индексі)________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының сипаттамасы (құрамы, некенің ұзақтығы (қайта некеде болған
кезде бұрынғы некеден балаларының бар-жоғы көрсетілсін), балалармен
қарым-қатынас жасау тәжірибесі, отбасы мүшелерінің арасындағы өзара
қарым-қатынас, жақын туысқандардың бар-жоғы және олардың бала асырап
алуға көзқарасы, бала асырап алуға үміткерлердің мінез-құлық
ерекшеліктері); ерлі-зайыптылардың біреуі бала асырап алған кезде
екіншісінің бала асырап алуға келісімінің бар екені көрсетілсін).
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Білімі және кәсіптік қызметі _______________________________________
____________________________________________________________________
Денсаулық жай-күйінің сипаттамасы (денсаулығының жалпы жай-күйі, бала
асырап алуға кедергі келтіретін ауруларының болуы)
____________________________________________________________________
Материалдық жағдайы (мүлкі, жалақысының мөлшері, табыстардың өзге
түрлері)____________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бала асырап алуға себеп ____________________________________________
Бала асырап алушылардың баланың кандидатурасы бойынша тілектері
(жынысы, жасы, мінез-құлқы, түр-әлпетінің ерекшеліктері, бала асырап
алуға үміткерлердің дамуында ауытқушылықтары бар баланы асырап алуға
келісімі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Азамат______________________________________________________________
(өтініш берушінің (берушілердің) Т.А.Ә.)
бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болуының мүмкіндігі/мүмкін
еместігі туралы қорытынды___________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________ __________________________
лауазымы, Т.А.Ә. күні, қолы
М.О.

3 Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу журналы

Бала асырап алуға тілек
білдірген адамдарды
есепке алу қағидаларына
3-қосымша
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу журналы
Ба­ла асы­рап алу­ға үміт­кер­лер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (то­лық)
Ту­ған кү­ні (ту­ған кү­ні, айы, жы­лы)
Ұл­ты
Тұр­ғы­лық­ты же­рі (ме­кен­жайы, коды­мен үй, қыз­мет коды­мен, ұя­лы те­ле­фо­ны)
Жұ­мыс ор­ны, ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Ден­са­улы­ғы­ның жай-күйі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды
От­ба­сы­лық жағ­дайы (то­лық, то­лық емес от­ба­сы)
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Те­гін, атын, әке­сі­нің атын, ту­ған кү­нін, жұ­мысы мен тұр­ғы­лық­ты же­рін көр­се­те оты­рып, от­ба­сы­ның құ­ра­мы, оның мы­на­ла­ры бар
жа­қын туы­ста­ры
кәме­лет­ке толған ба­ла­ла­ры
кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­ла­ры
бұ­рын асы­рап алын­ған (қам­қор­шы­лық­та­ғы) ба­ла­лар
8
9
10
11
кестенің жалғасы
Жа­қын туы­ста­ры­ның ба­ла асы­рап алу­ға жа­з­ба­ша ке­лі­сі­мі­нің бо­луы
Көр­ші­ле­рі­нің ұсы­ным хат­та­ры­ның (ке­мін­де үш) бо­луы
От­ба­сы­ның жиын­тық та­бысы­ның мөл­ше­рі
Тұр­ғын үй­і­нің (же­ке, жал­ға алын­ған) бо­луы
Өті­ніш бе­ру­ші­ні есеп­ке қою кү­ні
Аза­мат­тар­дың ба­ла асы­рап алу­ға үміт­кер бо­лу­дан бас тар­туы
Ес­керт­пе
12
13
14
15
16
17
18

Қолданыстағы