Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации учета детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей и подлежащих усыновлению, и доступа к информации о них

Қаулы · № 388 · қабылданған 30.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64359/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации учета детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей и подлежащих усыновлению, и доступа к информации о них Күшін жойған Қаулы ·№ 388 ·30.03.2012
25.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации учета детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей и подлежащих усыновлению, и доступа к информации о них

Күшін жойған Қаулы ·№ 388 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации учета детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей и подлежащих усыновлению, и доступа к информации о них
Атауы (қаз.)
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
388
Қабылданған күні
30.03.2012
Көрсетілген редакция
25.04.2015 AI64359_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000388
ЭКБ идентификаторы
64359
Редакция идентификаторы
AI64359_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:41

0 Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 117-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 388 қаулысымен бекітілген
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

1

1. Осы Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 117-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және оларды отбасына тәрбиелеуге беру мақсатында жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды (бұдан әрі – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін белгілейді.

2 2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды толық және жан-жақты есепке алу үшiн бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған есепке алу жүргiзiледi.

3

3. Ата-аналардың қайтыс болуына, ата-ана құқықтарының айрылуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне, әрекетке қабiлетсiз деп тануға, ата-аналардың сырқаттануына, ата-аналардың ұзақ мерзiмде болмауына, ата-аналардың баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының өзге жағдайларында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiметтерге ие жеке және заңды тұлғалар балалардың нақты тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға олар туралы дереу хабарлайды.

4

4. Медициналық ұйымдардың лауазымды тұлғалары жаңа туылған нәресте қалдырылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мекеменің орналасқан жері бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.

2 2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібі

5

5. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы есепке алуды және оларды отбасына тәрбиелеуге (қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронаттық тәрбие, бала асырап алу) беру немесе барлық үлгідегі ұйымдарға (білім беру, медициналық және өзге де) орналастыру үшін қажетті құжаттар дайындауды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жүзеге асырады.

6

6. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтаған кезде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы бұл балаларды бастапқы есепке алуды және олар туралы мәліметтерді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу журналында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тіркейді.

7

7. Егер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бастапқы есепке қойылған күннен бастап бір ай өткен соң нақты орналасқан жері бойынша отбасына тәрбиелеуге орналастырылмаса, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы оларға сауалнамаларды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес толтырады және жеті жұмыс күні ішінде өңірлік есепке қою және баланы кейін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасында тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшін облыстың білім беруді басқару органына тапсырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамаларына ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының маманы қол қояды.
Сауалнамалардың көшiрмелерi және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесін растайтын құжаттар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органында, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиелетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке істерінде сақталады.

8 8. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке алуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жүзеге асырады.

9

9. Ата-аналары ата-ана құқықтарынан айрылған балалар туралы мәліметтер ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң өңірлік есепке қою үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына тапсырылады.

10

10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органында белгiленген тәртіппен ресімделген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сауалнамасының тіркелген күні жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою күні болып саналады.

11

11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы мәліметтерді алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке алу журналына тиісті жазбаларды енгізу арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қояды.

12

12. Егер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өңірлік есепке қойылған күнінен бастап отбасына тәрбиелеуге (қорғаншылық (қамқоршылық), патронат, бала асырап алу) орналастырылмаса, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жеті жұмыс күні ішінде асырап алуға жататын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамаларын және құжаттарды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) орталықтандырылған есепке қою үшін жібереді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қоюға қажетті құжаттардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

13 13. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сауалнамаларының уәкілетті органда оған қатысты құжаттарды қоса отырып тіркелген күні жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою күні болып саналады.

14 14. Уәкілетті орган жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке олар туралы тиісті мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық базаға енгізу арқылы қояды.

15 15. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есепке алынуын қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын міндетті талаптар:

1 1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiметтерді жинау;

2 2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді тек қана жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүдделерi үшін пайдалану;

3 3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпараттың толықтығы және шынайылығы;

4 4) ақпаратты жария болудан, ұрлатудан, жоғалтудан, жасанды көшiрмеден және бұрмалаудан қорғау болып табылады.

16

16. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесі өзгерген кезде (ата-аналардың ата-ана құқықтарынан айрылуы, ата-аналардың хабарсыз кетті деп танылуы және басқа), оларды жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бір ұйымнан басқасына ауыстырған, кәсіптік оқу орындарына білім алуға түскен кезде жеті жұмыс күні ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебіне тиісті өзгерістерді енгізу үшін уәкілетті органға ақпарат жібереді.

17 17. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қойғаннан кейін уәкілетті органға:

1 1) үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың фотосуреттерін жылына бір рет, үш жастан он сегіз жасқа дейінгілердің – үш жылда бір рет;

2 2) отбасына орналасқан, кәмелет жасқа толған немесе кәмелет жасқа толғанға дейін толық әрекетке қабілеттілікке ие болған, қайтыс болған кезде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есептен алынғаны туралы ақпаратты жібереді.

18 18. Бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есепке алуды жүргізуді жүзеге асыратын органдар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді.

19 19. Бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есепте тұрған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратқа қол жеткізуді мұндай есепке алуды жүргізуді жүзеге асыратын органдар соттың және прокуратура органдарының сұрау салуы кезінде ұсынады.

20 20. Бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған есепке қою үшін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібінің және мерзімдерінің бұзылуына жол берілмейді.

1 Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы есепке алу журналы

Жетім балаларды, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған және
асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру
және олар туралы ақпаратқа
қол жеткізу қағидаларына
1-қосымша
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы есепке алу журналы

Есеп­ке қой­ы­л­ған күн
Ба­ла­ның Т.А.Ә.
Ту­ған кү­ні
Оқу ор­ны, егер мек­теп­ке дей­ін­гі ба­ла бол­са, ба­ла­бақ­ша­ның № көр­се­тіл­сін
Есеп­ке қой­ы­л­ған се­бе­бі
Мә­лі­мет­тер кім нен тү­сті
Ата-ана­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (те­гі, аты, әке­сі­нің аты, ту­ған кү­ні, олар­дың бол­мау се­бе­бі мен оны рас­тай­тын құ­жат­тың тү­рі, оның № және кү­ні)
Ба­ла­ның бұ­рын­ғы тұр­ған ме­кен­жайы
Ба­ла қай­да ор­на­ла­сты­рыл­ды
Ба­ла­ны ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың ше­ші­мі (құ­жат­тың № және кү­ні, тү­рі)
Оны өңір­лік есеп­ке қою үшін мә­лі­мет­тер­ді жі­бе­ру ту­ра­лы хат­тың № және кү­ні
Есеп­тен шы­ға­ры­л­ған күн
Есеп­тен шы­ға­ру се­бе­бі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14

2 Баланың сауалнамасы

Жетім балаларды, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған және
асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және
олар туралы ақпаратқа
қол жеткізу қағидаларына
2-қосымша
Фо­то­су­ре­ті
3х4
Баланың сауалнамасы
Сауалнама толтырылған күн ___________________________________________
Бастапқы есепке қойылған күн және №
Баланың Т.А.Ә._______________________________________________________
Туу туралы куәлiк нөмiрi_____ сериясы ______ Берiлген күнi __________
Туған күні __________________________________________________________
Ұлты ________________________________________________________________
Баланың әлеуметтік мәртебесі, асты сызылсын (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған)
Өңірлік есепке қойылған күн және № __________________________________
Әкімнің балалар мекемесіне орналастыру туралы шешімінің күні,
№ (әкімдіктің атауы көрсетілсін) ______________________________________
Баланы орналастырудың хронологиясы __________________________________
(қашан, қайдан келді (отбасы, перзентхана, аурухана)
Қай мектепте, сыныпта және қалай оқыды (үздік, жақсы, орта - асты сызылсын)
_____________________________________________________________________
Бос уақытта бала немен айналысқанды ұнатады (хоббиі, әуестенулері, қабілеті,
қоғамдық өзіндік қызметке, спорттық жарыстарға, үйірмелерге қатысуы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бала денсаулығының жағдайы (мекемеге түскен сәтінде, толық)
_____________________________________________________________________
Ата-ана туралы мәліметтер:
анасы (Т.А.Ә., туған күні) __________________________________________
Анасы туралы мәліметтер (тіркелген, тұратын мекенжайы, айналысатын жұмысының түрі,
баласына бара ма. Егер бала некеден тыс туылса, белгі жасалсын. Болмау себептері:
қайтыс болуы, ата-ана құқықтарынан айырылуы, сотталуы және т.б.)
әкесі (Т.А.Ә., туған күні) __________________________________________
Әкесі туралы мәліметтер (тіркелген, тұратын мекенжайы, айналысатын жұмысының түрі,
баласына бара ма. Егер бала некеден тыс туылса, белгі жасалсын. Болмау себептері:
4-Н, қайтыс болуы, ата-ана құқықтарынан айырылуы, сотталуы және т.б.)
_____________________________________________________________________
Баланың аға-інілері, апа-сіңлілері
_____________________________________________________________________
(туған күні, тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, үй, ұялы,
жұмыс телефондары кодымен)
Баланың жақын туысқандары (аталары, әжелері, көкелері, тәтелері)
_____________________________________________________________________
(туған күні, тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, үй, ұялы,
жұмыс телефондары кодымен)
Олар бала орналасқан мекеменің әкімшілігімен байланыс орната ма
_____________________________________________________________________
Қосымша мәліметтер __________________________________________________
(Баланың ақыл-ой және дене дамуының сипаттамасы,
жас ерекшелік дамуы (жасына сәйкес келе ме)
Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органдардың ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге
орналастыру бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________ Ауданның, облыстық маңызы бар
қаланың, астананың қорғаншылық
және қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын
органы маманының қолы

3 Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке алу журналы

Жетім балаларды, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған және
асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және
олар туралы ақпаратқа
қол жеткізу қағидаларына
3-қосымша
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке алу журналы

Есеп­ке қой­ы­л­ған күн
Ба­ла­ның Т.А.Ә.
Ту­ған кү­ні
Ұй­ым­ның то­лық ата­уы
Есеп­ке қой­ы­л­ған се­бе­бі
Ата-ана­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (те­гі, аты, әке­сі­нің аты, ту­ған кү­ні, олар­дың бол­мау се­бе­бі мен оны рас­тай­тын құ­жат­тың тү­рі, оның № және кү­ні)
Ба­ла­ның бұ­рын­ғы тұр­ған ме­кен­жайы
Ба­ла қай­да ор­на­ла­сты­рыл­ды
Ба­ла­ны ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың ше­ші­мі (құ­жат­тың № және кү­ні, тү­рі)
Оны ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған есеп­ке қою үшін мә­лі­мет­тер­ді жі­бе­ру ту­ра­лы хат­тың № және кү­ні
Есеп­тен шы­ға­ры­л­ған күн
Есеп­тен шы­ға­ру се­бе­бі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13

4 Асырап алуға жататын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер банкі

Жетім балаларды, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған және
асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және
олар туралы ақпаратқа
қол жеткізу қағидаларына
4-қосымша
Асырап алуға жататын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер банкі
Об­лыс ата­уы
Ба­ла­ның су­ре­ті
Ба­ла­ның Т.А.Ә.
Ту­ған кү­ні (кү­ні, айы, жы­лы)
Ұл­ты
Жы­ны­сы
Ба­ла­ның әле­умет­тік мәр­те­бе­сі, рас­тай­тын құ­жат­тың кү­нін және № көр­се­те оты­рып
Же­тім
Бас тар­ты­л­ған
Та­стан­ды
Ата-ана­ла­ры ата-ана құқық­та­ры­нан ай­ры­л­ған
Ата-ана­ла­рын сот әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз деп та­ны­ған
кестенің жалғасы
Ди­а­гноз
АИТВ жұқ­тыр­ған
Ту­бер­ку­лез жұқ­тыр­ған
Си­фи­лис және өзге де ве­не­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­лар
Жү­рек-қан та­мыр жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры
С ге­па­ти­ті
Ба­ла­лар­дың це­ре­браль­ді сал ау­руы
Да­ун син­дро­мы
Туа біт­кен кө­пте­ген кем­ші­лік­тер
Жүй­ке жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры
Көз ау­ру­ла­ры
Бас­қа ау­ру­лар
Де­ні сау
кестенің жалғасы
Әкім­дік­тің ба­ла­ны ме­ке­ме­ге ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы қа­улы­сы­ның кү­ні және №
Ата-ана­ла­ры, аға-іні­ле­рі, апа-сің­лі­ле­рі және бас­қа туы­сқан­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет
Ба­стап­қы есеп­ке қой­ы­л­ған күн және №
Өңір­лік есеп­ке қой­ы­л­ған күн және №
Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған есеп­ке қой­ы­л­ған күн
Асы­рап алу­ға ұсы­ныл­ды
Ата-ана­ла­ры­ның Т.А.Ә., ту­ған кү­ні, тұр­ғы­лық­ты же­рі (ме­кен­жайы, тел. коды­мен, жұ­мыс ор­ны)
Аға-іні­ле­рі­нің және апа сін­лі­ре­рі­нің Т.А.Ә., ту­ған кү­ні, тұр­ғы­лық­ты же­рі (ме­кен­жайы, тел. коды­мен, жұ­мыс ор­ны)
Жа­қын туы­сқан­да­ры­ның Т.А.Ә., ту­ған кү­ні, тұр­ғы­лық­ты же­рі (ме­кен­жайы, тел. коды­мен, жұ­мыс ор­ны)
Аза­мат­тар­дың Т.А.Ә., ұя­лы, жұ­мыс тел. коды­мен, жұ­мыс ор­ны
Бас тар­ту се­бе­бі
кестенің жалғасы
Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған есеп­тен шы­ға­ру се­бе­бі
Есеп­тен шы­ға­ру кү­ні
ҚР аза­мат­та­ры асы­рап ал­ды (Т.А.Ә., ұя­лы, жұ­мыс тел. коды­мен, жұ­мыс ор­ны)
Ше­тел­дік аза­мат­тар асы­рап ал­ды (Т.А.Ә., ұя­лы, жұ­мыс тел. коды­мен, жұ­мыс ор­ны)
Қор­ған­шы­лық­қа (қам­қор­шы­лық­қа) ор­на­ла­сты­рыл­ды (Т.А.Ә., ұя­лы, жұ­мыс тел. коды­мен, жұ­мыс ор­ны)
Па­тро­нат­тық тәр­би­е­ге ор­на­ла­сты­рыл­ды (Т.А.Ә., ұя­лы, жұ­мыс тел. коды­мен, жұ­мыс ор­ны)
Жа­сы бой­ын­ша
Қай­тыс бо­луы (қай­тыс бо­лу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің кү­ні және №)
Ата-ана­ла­ры­на қай­та­ру (Т.А.Ә., ұя­лы, жұ­мыс тел. коды­мен, жұ­мыс ор­ны)

Қолданыстағы