Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в населенных пунктах Казыгуртского района

Ереже · № 3/26-V · қабылданған 14.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64395/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил содержания собак и кошек в населенных пунктах Казыгуртского района Күшін жойған Ереже ·№ 3/26-V ·14.03.2012
15.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в населенных пунктах Казыгуртского района

Күшін жойған Ереже ·№ 3/26-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил содержания собак и кошек в населенных пунктах Казыгуртского района
Атауы (қаз.)
Қазығұрт ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/26-V
Қабылданған күні
14.03.2012
Көрсетілген редакция
15.06.2012 AI64395_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12UF000160
ЭКБ идентификаторы
64395
Редакция идентификаторы
AI64395_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:49

0 Қазығұрт ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы

"Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған Қазығұрт ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы бекiтiлсiн.

2 Қазығұрт ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Ж.Қарабеков
Аудандық мәслихат хатшысы                  М.Момынов
Қазығұрт аудандық мәслихатының
2012 жылғы 14 наурыздағы № 3/26-V
шешімімен бекітілген
Қазығұрт ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қазығұрт ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау қағидасы Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазығұрт ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау тәртібін белгілейді.

2 2. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау тәртібі

2 2. Иттер мен мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендіріледі.

3 3. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар аудан аумағынан тысқары шығару, кіргізу иттер мен мысықтардың «құтыруға қарсы егілген» белгісі бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етіледі.

4 4. Мыналарға рұқсат етілмейді:

1 1) тіркелмеген (есепке алынбаған) және ветеринарлық егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;

2 2) иттер мен мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, балалар ойнайтын, көпшілік шаралар өткізілетін алаңдарда серуендетуге;

3 3) иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;

4 4) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттерді серуендетуге;

5 5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;

6 6) тұрғын үй қоры пәтерлерінде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлері үшін паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;

7 7) иттерді және мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің және жатақханалардың ортақ пайдаланатын орындарына ұстауға.

5 5. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер және мысықтар тез арада оқшауланып, бақылау жасау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесіне жеткізіледі.

6 6. Иттерді және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағиданың талаптарын орындаған жағдайда мыналарға:

1 1) бірнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтерлерде), тек өзінің тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келісімі бойынша көршілердің дәрігерлік кері көрсеткіші (ұшыну) болмаса ит пен мысықты тұратын тұрғын жайда ұстауға;

2 2) иттерді тұмылдырықсыз және шылбырсыз елді мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларда бос ұстауға рұқсат беріледі.

3 3. Қорытынды ережелер

8 8. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

Қолданыстағы