Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты, регулирующие вопросы осуществления бухгалтерского учета и составления финансовой отчетности

Қаулы · № 43 · қабылданған 24.02.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64406/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты, регулирующие вопросы осуществления бухгалтерского учета и составления финансовой отчетности Қолданыста Қаулы ·№ 43 ·24.02.2012
27.08.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты, регулирующие вопросы осуществления бухгалтерского учета и составления финансовой отчетности

Қолданыста Қаулы ·№ 43 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты, регулирующие вопросы осуществления бухгалтерского учета и составления финансовой отчетности
Атауы (қаз.)
Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43
Қабылданған күні
24.02.2012
Көрсетілген редакция
27.08.2018 64406_368056.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007503
ЭКБ идентификаторы
64406
Редакция идентификаторы
64406_368056
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:57

0 Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 43 қаулысына
1-қосымша
Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (2008 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзгеде орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
2-бөлімде:
3-тарауда:
3390 91 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
"3390 92 Орындаушы алдындағы міндеттемелер";
3-бөлімде:
11-тарауда:
3390 91 шотының сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 3390 92 шотының атауымен және сипатымен толықтырылсын:
"3390 92 "Орындаушы алдындағы міндеттемелер" (пассив).
Мақсаты: арнайы қаржы компанияларының орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша арнайы қаржы компаниясының орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясының кредитормен жасасқан заем шартынан және (немесе) облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны орындаушыға аудару кезіндегі орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жүргізіледі.".

2

3 3. Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қолданыстағы