Об установлении Требований к приобретаемым банками, дочерними организациями банка или банковского холдинга акциям (долям участия в уставном капитале) юридических лиц, а также совокупной стоимости долей участия банка в уставном капитале либо акций юридических лиц
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении Требований к приобретаемым банками, дочерними организациями банка или банковского холдинга акциям (долям участия в уставном капитале) юридических лиц, а также совокупной стоимости долей участия банка в уставном капитале либо акций юридических лиц
- Атауы (қаз.)
- Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 84
- Қабылданған күні
- 24.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2019 64407_418670.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007504
- ЭКБ идентификаторы
- 64407
- Редакция идентификаторы
- 64407_418670
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:58
0 Банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар белгіленсін:
1 1) екінші деңгейдегі банктер, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын олар мынадай талаптарға сәйкес келген кезде сатып алатыны:
Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының акциялары осы қаулының қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста болады;
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымдары таныған заңды тұлғалардың акциялары қор биржасының тізіміне енгізілген;
Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұр;
Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген;
2
2) банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 8-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алады;
3 3) Банктер туралы заңның 8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың банктің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнының мөлшері банктің меншікті капиталының 50 (елу) пайызынан аспайды.
1-1 1-1. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген акциялардан басқа банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары:
депозитарлық қызметті немесе бағалы қағаздар нарығында сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың акцияларын;
Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізімінің «Негізгі» алаңының «акциялар» секторының «Стандарт» санатына және «Баламалы» алаңының «акциялар» секторына енгізілген, банктің және банк холдингінің еншілес ұйымы маркет-мейкер функцияларын жүзеге асыратын акциялары.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 84 қаулысына
қосымша
Халықаралық қор биржаларының
тізімі