Об утверждении Правил совершения, банком или банковским холдингом сделок с собственными облигациями и облигациями, выпущенными дочерними организациями данного банка или банковского холдинга, обязательства по которым гарантированы банком или банковским холдингом
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил совершения, банком или банковским холдингом сделок с собственными облигациями и облигациями, выпущенными дочерними организациями данного банка или банковского холдинга, обязательства по которым гарантированы банком или банковским холдингом
- Атауы (қаз.)
- Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 24.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2026 64409_820628.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007507
- ЭКБ идентификаторы
- 64409
- Редакция идентификаторы
- 64409_820628
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:59
0 Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы"
1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің меншікті облигацияларымен және міндеттемелеріне банк кепілдік берген осы банктің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелерді жасау ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 қаулысының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 ақпанда № 5537 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 62 қаулысымен бекітілген
Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау қағидалары
Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау тәртібін айқындайды.
1. Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау туралы шешімді банктің немесе банк холдингінің директорлар кеңесі (немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында банк холдингі құрылған жағдайда байқау кеңесі) ішкі құжаттарға сәйкес қабылдайды.
2. Банктің директорлар кеңесінің шешіміне облигацияларды сатып алғаннан кейінгі өтімділікті жоғалту тәуекелі мен пайыздық тәуекел бойынша банктің позициясын бағалау, сондай-ақ банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі саясат пен рәсімдердің басқа да талаптарының сақталуы көрсетілетін тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қорытындысы қоса беріледі.
3. Банк холдингінің директорлар кеңесінің (немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында банк холдингі құрылған жағдайда байқау кеңесінің) шешіміне инвестицияларға байланысты тәуекел бойынша банк холдингінің позициясын бағалау, сондай-ақ жүргізілген инвестициялардың банк конгломератының Заңның 42-бабының 3-тармағында көзделген пруденциалдық нормативтерді сақтауына әсері көрсетілетін тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қорытындысы қоса беріледі.
4. Облигацияларды иемдену жөніндегі мәмілелер облигацияларды сатып алу күнінде қалыптасқан әділ нарықтық бағасы бойынша жүзеге асырылады.
5. Банк немесе банк холдингі сатып алған меншікті облигациялар және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдарының облигациялары туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) банктің немесе банк холдингінің ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша қағаз тасымалдағышта жасалады, банктің немесе банк холдингінің бірінші басшысы немесе ақпарат қол қоюға уәкілетті адам, банктің немесе банк холдингінің бас бухгалтері қол қояды және банкте немесе банк холдингінде осы ақпарат жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде сақталады.