Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Арыс

Ереже · № 2/16-V · қабылданған 14.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64426/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Арыс Күшін жойған Ереже ·№ 2/16-V ·14.03.2012
13.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Арыс

Күшін жойған Ереже ·№ 2/16-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Арыс
Атауы (қаз.)
Арыс қаласында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/16-V
Қабылданған күні
14.03.2012
Көрсетілген редакция
13.06.2012 AI64426_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12UB000127
ЭКБ идентификаторы
64426
Редакция идентификаторы
AI64426_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:49

0 Арыс қаласында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТI:

1 1. Арыс қаласында иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

2 Арыс қаласында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы

2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Е.Сарбасов
Қалалық мәслихат хатшысы                   Қ.Баймурзаев
Арыс қалалық мәслихатының
14 наурыз 2012 жылғы
№ 2/16-V шешімімен бекітілген
Арыс қаласында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Арыс қаласында иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес әзiрленген және Арыс қаласында иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау тәртібін белгілейді.

2 2. Иттер мен мысықтарды күтіп ұстау тәртiбi

2 2. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендiрiледi.

3 3. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар аудан аумағынан тысқары шығару, кiргiзу иттер мен мысықтардың «құтыруға қарсы егiлген» белгiсi бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етiледi.

4 4. Мыналарға рұқсат етiлмейдi:

1 1) тiркелмеген (есепке алынбаған) және ветеринарлық егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;

2 2) иттер мен мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аулаларында, балалар ойнайтын, көпшiлiк шаралар өткiзiлетiн алаңдарда серуендетуге;

3 3) иттердi тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;

4 4) мас күйiндегi адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспiрiмдерге иттердi серуендетуге;

5 5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;

6 6) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;

7 7) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң және жатақханалардың ортақ пайдаланатын орындарына ұстауға.

5 5. Адамдарды немесе жануарларды тiстеген иттер және мысықтар тез арада оқшауланып, бақылау жасау үшiн жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесiне жеткiзiледi.

6 6. Иттердi және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағиданың талаптарын орындаған жағдайда мыналарға:

1 1) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтерлерде), тек өзiнiң тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келiсiмi бойынша көршiлердiң дәрiгерлiк керi көрсеткiшi (ұшыну) болмаса ит пен мысықты тұратын тұрғын жайда ұстауға;

2 2) иттердi тұмылдырықсыз және шылбырсыз елдi мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларда бос ұстауға рұқсат берiледi.

3 3. Қорытынды ережелер

8 8. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленедi.

Қолданыстағы