Құжат мәтініне өту

Об утверждении инструкции по возмещению затрат на проезд, питание, проживание и медицинское освидетельствование граждан, направленных на профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации

Қаулы · № 727 · қабылданған 12.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64439/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении инструкции по возмещению затрат на проезд, питание, проживание и медицинское освидетельствование граждан, направленных на профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации Күшін жойған Қаулы ·№ 727 ·12.03.2012
20.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении инструкции по возмещению затрат на проезд, питание, проживание и медицинское освидетельствование граждан, направленных на профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации

Күшін жойған Қаулы ·№ 727 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении инструкции по возмещению затрат на проезд, питание, проживание и медицинское освидетельствование граждан, направленных на профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации
Атауы (қаз.)
Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
727
Қабылданған күні
12.03.2012
Көрсетілген редакция
20.03.2013 AI64439_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VM000122
ЭКБ идентификаторы
64439
Редакция идентификаторы
AI64439_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:51

0 Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген

азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру
шығындарын өтеу нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысы негізінде, жұмысқа орналасуда қиындық көріп отырған халықтың нысаналы топтарын әлеуметтiк қорғау бойынша қосымша шараларды белгiлеу мақсатында, Катонқарағай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың және жұмыссыздардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекіту туралы нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Рақышеваға жүктелсiн.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың және жұмыссыздардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығы

Катонқарағай ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 727 қаулысына қосымша
Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға
жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен
қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен
айналысатын адамдардың және жұмыссыздардың жол жүру, тамақтану,
тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық кәсіби даярлау, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жiберiлген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың және жұмыссыздардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу мәселелерi бойынша халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы заңнамалардың қолданылуын нақтылайды.

2 2. Жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Бөлiм) өтейдi.

3 3. Шығын Бөлiмде жұмыссыз ретiнде тiркелген, кәсiптiк жарамдылықты анықтауды талап ететiн мамандықтар бойынша оқытуға жiберiлген өтiнiш берушiлерге, тексеру нәтижесiнен тыс өтеледi.

4 4. Медициналық куәландыруды өтiнiш берушiлер Бөлiмнiң жолдауымен өтедi.

2 2. Шығындарын қайтарып алуға өтiнiш беру

5 5. Өтiнiш берушi Бөлiмге жазбаша өтiнiш бередi және келесi құжаттарды ұсынады:

1 1) банктен дербес шот нөмiрi;

2 2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарды немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;

3 3) медициналық куәландырудан өту туралы төлем құжаты.

3 3. Шығынды өтеу мөлшерi және төлеу

6 6. Медициналық куәландыру үшiн шығынды өтеу, құжаттармен расталған тексеруден өту құнының мөлшерi бойынша жүргiзiледi.

7 7. Өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолы үшін шығынды өтеу құжаттармен расталған жол жүру құны үшін жүргізіледі.

8 8. Тамақтануға және тұру шығындары төлем құжаттарын тапсырған соң өтеледі.

9 9. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.

10 10. Тамақтануға шығынды өтеу ай сайын жүргiзiледi.

11 11. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындарды өтеу құжаттар ұсынылғаннан кейiн бiр ай iшiнде жүргiзiледi.

12 12. Шығынды өтеу халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған аудандық бюджет қаражатының есебiнен, өтiнiш берушiнiң дербес шотына аудару жолымен жүргiзiледi.

Аудан әкімі аппаратының басшысы
Д. Алдажаров

Қолданыстағы