Об утверждении Положения об апелляционном совете
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения об апелляционном совете
- Атауы (қаз.)
- Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 85
- Қабылданған күні
- 24.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2018 64444_358238.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G12D0000085
- ЭКБ идентификаторы
- 64444
- Редакция идентификаторы
- 64444_358238
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:59
0 Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылы 12 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Апелляциялық кеңес туралы ереже бекітілсін.
2
2. «Апелляциялық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 81 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6154 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы, № 12 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 Апелляциялық кеңес туралы ереже
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 85 бұйрығымен бекітілген
Апелляциялық кеңес туралы ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Апелляциялық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңына (бұдан әрі - Селекциялық жетістіктер туралы заң), Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Заңына (бұдан әрі - Патент заңы) және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына (бұдан әрі - Тауар таңбалары туралы заң) сәйкес әзірленді.
2 2. Апелляциялық кеңес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) алқалы органы болып табылады.
3 3. Апелляциялық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4 4. Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1
1) апелляциялық кеңес - «Қазақстан Республикасының Патент заңы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес берілетін қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейін қарау жөніндегі Министрліктің алқалы органы;
2
2) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын, өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметті жүзеге асыратын Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйым;