Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам
Күшін жойған
Қаулы
·№ 120
·
23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам
- Атауы (қаз.)
- Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесiн белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 120
- Қабылданған күні
- 12.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2013 64483_188740.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DB000135
- ЭКБ идентификаторы
- 64483
- Редакция идентификаторы
- 64483_188740
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:51
0 Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесiн белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi келесідей белгiленсін:
уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;
бұрын жұмыс істемеген адамдар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
елу жастан үлкен тұлғалар.