О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Центр олимпийской подготовки по современному пятиборью и водным видам спорта" Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры
Қолданыста
Қаулы
·№ 435
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Центр олимпийской подготовки по современному пятиборью и водным видам спорта" Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 435
- Қабылданған күні
- 09.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI64495_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000435
- ЭКБ идентификаторы
- 64495
- Редакция идентификаторы
- AI64495_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:35
0 Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;
2 2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні - спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) кәсіпорынның Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 9 сәуірдегі
№ 435 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар