О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Центр олимпийской подготовки по современному пятиборью и водным видам спорта" Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры
Қолданыста
Қаулы
·№ 435
·
16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Центр олимпийской подготовки по современному пятиборью и водным видам спорта" Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 435
- Қабылданған күні
- 09.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI64495_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000435
- ЭКБ идентификаторы
- 64495
- Редакция идентификаторы
- AI64495_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:35
0 Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні - спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 9 сәуірдегі
№ 435 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар