Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева

Өзге акт · № 2-4 · қабылданған 06.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64565/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об оказании единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева Күшін жойған Өзге акт ·№ 2-4 ·06.03.2012
30.01.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2-4 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева
Атауы (қаз.)
Мағжан Жұмабаев ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2-4
Қабылданған күні
06.03.2012
Көрсетілген редакция
30.01.2014 64565_271068.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12SI000155
ЭКБ идентификаторы
64565
Редакция идентификаторы
64565_271068
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:53

0 Мағжан Жұмабаев ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мағжан Жұмабаев ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысына тәуелсіз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2 2) 2012 жылдан бастап Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласына мамандығы бойынша тұрақты жұмыс істеуге келіп жатқан дәрігерлер мен медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде, орта медициналық қызметкерлерге 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде.

2 2. Әлеуметтік төлемдер жергілікті бюджеттен екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы тиісті банкілік операциялардың түрлеріне әлеуметтік көмек алушылардың дербес шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылсын.

3 3. Әлеуметтік көмек көрсету шығындарын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық жылда осы мақсаттарға қарастырылған «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451 007 000 бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.

4 4. Мағжан Жұмабаев ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.

5 5. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Ауданның жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Қалиев Р.Е.

8 Аудандық мәслихаттың

2012 жылғы 6 наурыздағы
№ 2-4 шешіміне қосымша
Мағжан Жұмабаев ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар:

біржолғы әлеуметтік көмек алушының өтініші (бұдан әрі - өтінуші);
өтінушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
өтінушінің дербес шотының көшірмесі;
өтінушінің мекен жайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
материалдық зиян келтіру жағдайларына (өрт, тасқын) әкелген оқиғаларды растайтын төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің құжаты.

2 2. Дәрігерлер, медициналық жоғары оқу орындарының түлектері және орта медициналық қызметкерлері біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар:

біржолғы әлеуметтік көмек алушының өтініші (бұдан әрі - өтінуші);
өтінушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
өтінушінің дербес шотының көшірмесі;
өтінушінің мекен-жайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
өтінушінің жұмыс орнынан анықтама;
өтінушінің жоғары медициналық және арнайы орта медициналық білімі туралы құжаттың көшірмесі.

3 3. Тексерілгеннен соң құжаттардың түпнұсқасы өтінушіге қабылданған күні қайтарылып беріледі, көшірмелері куәландырылғаннан кейін іс құжаттарына тіркеледі.

Қолданыстағы