Об утверждении Правил присвоения звания "Заслуженный изобретатель Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил присвоения звания "Заслуженный изобретатель Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 446
- Қабылданған күні
- 11.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2015 AI64577_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000446
- ЭКБ идентификаторы
- 64577
- Редакция идентификаторы
- AI64577_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:33
0 "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 11 сәуірдегі
№ 446 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Патент заңы» туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру тәртібін регламенттейді.
2
2. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын (бұдан әрі – атақ) беру маңызды моральдық ынталандырудың бірі, азаматтардың жемісті еңбегін, олардың қабілеттері мен дарындылығын қоғамның мойындағанын білдіру болып табылады және азаматтардың инновациялық белсенділігін арттыруды, олардың Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жұмсаған күш-жігерін көтермелеуге арналады.
2 2. Атақты беру тәртібі
3
3. Атақ әр жылдың екінші тоқсанында өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) өткізетін конкурстың нәтижелері бойынша неғұрлым маңызды және кеңінен пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
4 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен құрамына уәкілетті және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ғалымдар және патенттік сенім білдірілген өкілдер кіретін Атақ беру жөніндегі ұсынымдарды қарайтын конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
5 5. Комиссияның отырыстары комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды деп есептеледi.
Комиссия қатысушы комиссия мүшелерiнің көпшiлiк даусымен шешiм қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
6 6. Атақ беру туралы ұсынымдар (бұдан әрі – ұсынымдар) білдіруге:
1 1) уәкілетті орган;
2 2) мемлекеттік органдар;
3 3) ғылыми ұйымдар немесе қоғамдық бірлестіктер бастамашы болады.
7 7. Ұсынымдар уәкілетті органға жыл сайын бірінші сәуірге дейін беріледі.
8
8. Ұсынымдарға мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың немесе қоғамдық бірлестіктердің бірінші басшылары (немесе оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды, онда кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), ұсынуға дейінгі соңғы үш жылдағы оның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелері бойынша атақ беруге ұсынудың негіздері көрсетіледі.
Ұсынымға: