О внесении изменений и дополнения в Закон Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" по вопросам автотранспорта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в Закон Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" по вопросам автотранспорта
- Атауы (қаз.)
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына автокөлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 65-II
- Қабылданған күні
- 04.07.2000
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2000 AI6458_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z000000065_
- ЭКБ идентификаторы
- 6458
- Редакция идентификаторы
- AI6458_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:23
0 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына автокөлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1. 128-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жүк автомобильдері:
жүк көтерімділігі 1,5 тоннаға дейін 9,0
жүк көтерімділігі 1,5 тоннадан 5,0 тоннаға дейін 12,0
жүк көтерімділігі 1,5 тоннадан жоғары 15,0";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Пайдаланылу мерзімі 6 жылдан асатын жеңіл автокөлік құралдары
бойынша салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін мынадай
түзету коэффициенттері қолданылады:
ТМД елдері шығарған машиналар үшін:
6 жылдан 20 жылға дейін - 0,3;
20 жылдан 30 жылға дейін - 0,2;
30 жылдан астам - 0,1;
двигателінің көлеміне қарай қалған машиналар үшін:
3000 текше сантиметрге дейін - 0,5;
3000-нан 4000 текше сантиметрге дейін - 0,7;
4000-нан және одан да жоғары - 1,0.".
2. 129-бапта, 9) тармақшадағы "адамдар" деген сөзден кейін нүктелі
үтір қойылсын және "босатылады" деген сөз алып тасталып, мынадай
мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) ауылшаруашылық құрамасынан шығу нәтижесінде пай ретінде алған
жүк автомобильдері мен автобустар бойынша жеке адамдар босатылады.".