Об утверждении форм справки по результатам инспектирования и ведомости объекта с описанием выявленных дефектов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении форм справки по результатам инспектирования и ведомости объекта с описанием выявленных дефектов
- Атауы (қаз.)
- Инспекциялаудың нәтижесі бойынша анықтаманың және анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектілер ведомосінің нысандарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 78
- Қабылданған күні
- 05.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2016 AI64590_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007522
- ЭКБ идентификаторы
- 64590
- Редакция идентификаторы
- AI64590_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:54
0 Инспекциялаудың нәтижесі бойынша анықтаманың және анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектілер ведомосінің нысандарын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 33-бабының 5-1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инспекциялау нәтижелері бойынша анықтаманың;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектілер ведомосінің нысаны бекітілсін.
2
2. "Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органымен берілетін нұсқаманың үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 2 тамыздағы № 299 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 4331 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Инпсекциялау нәтижелері бойынша анықтама
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық
шаруашылық істері
агенттігі төрағасының
2012 жылғы 5 наурыздағы
№ 78 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Инпсекциялау нәтижелері бойынша анықтама
20__жылғы "__" ____________ _______________________
(қала, облыс, аудан)
__________________________________________________________
____________________________________________________________________
(салынып жатқан объектінің атауы, орналасқан жері)
____________________________________________________________________
(инспекциялау жүргізген мемлекеттік құрылыс инспекторының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), лауазымы)
Тапсырыс беруші ______________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., мекенжайы және телефоны не заңды тұлғаның
атауы, мекенжайы және телефоны)
Бас мердігер ____________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., мекенжайы және телефоны не заңды тұлғаның
атауы, мекенжайы және телефоны)
Қосалқы мердігер _______________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., мекенжайы және телефоны не заңды тұлғаның
атауы, мекенжайы және телефоны)
Объектіге барған кезде мынадай жұмыстар жүргізіліп жатты:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ақаулар (қажетінің астын сызу):
анықталды. Қоса беріліп отырған анықталған ақаулардың сипаттамасы бар
объектілердің ведомосінде көрсетілді;
анықталған жоқ.
Мемлекеттік құрылыс инспекторы __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Тапсырыс беруші __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мердігер __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Анықтама 3 (үш) данада ресімделді.
2 Анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектінің ведомосі
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық
шаруашылық істері
агенттігі төрағасының
2012 жылғы 5 наурыздағы
№ 78 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Анықталған ақаулардың сипаттамасымен объектінің ведомосі
(20__жылғы "__" ____________ инспекциялау нәтижелері
бойынша анықтамаға қосымша)
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(салынып жатқан объектінің атауы, орналасқан жері)
№ р/с
Анықталған ақаулардың сипаттамасы
1.
2.
Мемлекеттік құрылыс инспекторы __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Тапсырыс беруші __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Мердігер __________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Ведомость 3 (үш) данада ресімделді.