Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам лизинга

Заң · № 75-II · қабылданған 04.07.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6460/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам лизинга Қолданыста 04.07.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам лизинга

Қолданыста Заң № 75-II 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам лизинга
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне лизинг мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
75-II
Қабылданған күні
04.07.2000
Көрсетілген редакция
04.07.2000 AI6460_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z000000075_
ЭКБ идентификаторы
6460
Редакция идентификаторы
AI6460_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:23
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне лизинг мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. "Шетелдiк инвестициялар туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, 280-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 11, 143-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 17-18, 218-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; 1999 ж., N 21, 786-құжат):
1-баптың үшiншi бөлiгi "және Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарында көзделген шарттармен лизинг нысаналарын беру" деген сөздермен толықтырылсын.

2. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат, N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):

1) 18-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

"9-1) лизинг нысанасы - Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарына сәйкес айқындалатын және Қазақстан Республикасына лизинг туралы шартқа сәйкес әкелiнетiн мүлiк;";

2) 65-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша әкетуге кеден режимi қолданылатын лизинг нысаналарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";

3) 67-бап мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген лизинг нысаналары үшiн уақытша әкелу мен уақытша әкету мерзiмдерi осы бапта көзделген шектеулер қолданылмай, лизинг шартының талаптарына сәйкес белгiленедi. Осы аталған лизинг нысаналары үшiн уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң мерзiмдерiн лизинг шартына енгiзiлген өзгерiстердi көрсету негiзiнде лизинг нысанасын уақытша әкелген немесе уақытша әкеткен адам өтiнiш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары өзгертедi.";

4) 68-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген және уақытша әкелiнген немесе уақытша әкетiлген лизинг нысаналары кеден баждары мен салықтарынан толық босатылады.".

3. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):

564-баптағы "егер" деген сөзден кейiн "заң актiлерiнде және" деген сөздермен толықтырылсын.

4. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):

1) 139-баптың 1-тармағындағы "жылжымайтын", 141-баптың 3-тармағындағы және 146-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "жылжымалы" деген сөздер

алып тасталсын;

2) 140-баптың 8) тармақшасындағы "шығарылады" деген сөз алып

тасталып, бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) егер лизинг туралы заң актiлерiне сәйкес лизинг нысанасын алып
қою туралы талап мәлiмделген болса, шығарылады.".

2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.