Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О лицензировании"

Заң · № 79-II · қабылданған 04.07.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6462/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О лицензировании" Қолданыста 04.07.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О лицензировании"

Қолданыста Заң № 79-II 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О лицензировании"
Атауы (қаз.)
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
79-II
Қабылданған күні
04.07.2000
Көрсетілген редакция
04.07.2000 AI6462_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z000000079_
ЭКБ идентификаторы
6462
Редакция идентификаторы
AI6462_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:23
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-I4, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы "жасауға" деген сөздiң алдынан "және валюталық заңдармен белгiленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар" деген сөздермен толықтырылсын.

2. 6-бапта:

1) екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

"Банк операцияларын және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға арналған лицензиялар нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.";

2) мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Сақтандыру рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялар
нысандарын сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттiк орган белгiлейдi.".
3. 9-баптың 1-тармағында:

1) 5) тармақша "желiлерiн" деген сөзден кейiн "жобалау, салу," деген

сөздермен толықтырылсын;

2) 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"18) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен
препараттарын дайындау, өндiру, өңдеу және көтерме өткiзу, сондай-ақ
оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерi;";

3) 25) тармақша алып тасталсын;

4) мынадай мазмұндағы 47)-51) тармақшалармен толықтырылсын:

"47) темiр жолдың жылжымалы составын, қауiптi жүктердi тасымалдау
үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi дайындау және жөндеу;
48) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау,
жөндеу және пайдалану;
49) iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға
қарсы жұмыстар;
50) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша оларды
өндiру, өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою;
51) банкроттық процедураларында төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң
мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызмет.".

4. 10-бапта:

1) 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"4) адвокаттық қызмет;";

2) 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"6) нотариустардың қызметi;";

3) 8) тармақша алып тасталсын;

4) 10) тармақшада "жылжымайтын мүлiктi" деген сөз "мүлiктi;" деген

сөзбен ауыстырылсын.".

5. 11-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында ", заңдарға сәйкес валюталық операцияларға жатқызылған, шетел валютасымен жасалатын операцияларды" деген сөздер алып тасталсын.

6. Мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

"11-1-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
операцияларды лицензиялау
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялардың мынадай түрлерi лицензиялауға жатады:
1) қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауда жасау және қызметтер көрсету;
2) резиденттердiң өздерi тiркелген мемлекет заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетел банктерi мен өзге де қаржы институттарында шоттар (Қазақстан Республикасының валютасындағы шоттарды қоса алғанда) ашуы;
3) резиденттердiң шетелге инвестициялары (банктердiң брокерлiк-дилерлiк қызметiн қоспағанда);
4) резиденттердiң резидент еместер пайдасына жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтарын төлеуге аударымдары;
5) резиденттердiң резидент еместер пайдасына тауарлар, 120 күннен астам мерзiмге жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер үшiн, сондай-ақ тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) экспортына төленетiн валюталық түсiмдi алу мерзiмiн резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) экспортқа шығарылған күннен бастап 120 күннен астам уақытқа асырып жiбергенi үшiн аванстық төлемдi көздейтiн импорттық мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн аударымдары;
6) резиденттердiң резидент еместерге 120 күннен астам мерзiмге кредиттер беруi;
7) резиденттің резидент еместен несие ретiнде алған шетел валютасын үшiншi тұлғалардың есептеріне қосу.".

7. 15-бапта:

1) мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар жасауға лицензиялар берудiң, олардың қолданылуын тоқтатудың тәртiбi мен шарттары валюталық заңдармен белгiленедi.";

2) мынадай мазмұндағы оныншы, он бiрiншi, он екiншi және он үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:

"Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда ол бұл туралы көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса тiркей отырып, бiр ай мерзiм iшiнде лицензиарға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Заңды тұлғаның атауы, тұрған жерi (егер ол лицензияда көрсетiлген болса) өзгерген жағдайда, ол бiр айдың iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса тiркей отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiшiн берген күннен бастап он күннiң iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым төленедi.".

8. 16-баптың 3) тармақшасындағы "кәсiпкерлiк" деген сөз алып тасталсын.

9. 18-баптың атауы мен мәтiнiндегi "кәсiпкерлiк" деген сөз алып тасталсын.

10. 19-баптың 1-тармағында:

1) 3) тармақшадағы "кәсiпкерлiк" деген сөз алып тасталсын;

2) екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

"Банк операцияларын және валюталық құндылықтарды пайдалануға
байланысты жасалатын операцияларды жүзеге асыруға лицензия беруден бас
тартуға арналған өзге де негiздер банк және валюта заңдарымен белгiленуi
мүмкін.".

11. 21-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

12. 24-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Мемлекеттiк органдар (лицензиарлар) және олардың лауазымды
адамдары лицензиялау туралы заңдарды бұзғаны үшiн Қазақстан
Республикасының заң актiлерiмен белгiленген жауаптылықта болады."

2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi.