Об утверждении критериев отнесения концессионных проектов к категории социально значимых
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев отнесения концессионных проектов к категории социально значимых
- Атауы (қаз.)
- Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 457
- Қабылданған күні
- 13.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2015 AI64656_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000457
- ЭКБ идентификаторы
- 64656
- Редакция идентификаторы
- AI64656_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:30
0 Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлерін бекіту туралы
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 457 қаулысымен
бекітілген
Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері
1 1. Осы концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері (бұдан әрі – критерийлер) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді.
2 2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақыны қолдану мақсатында концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу жүзеге асырылады.
3 3. Критерийлер – концессиялық жобаның оның қоғамға бағытталғандығын көрсететін белгілері (қоғамдық инфрақұрылым объектілерін салу, пайдалану арқылы қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру).
4 4. Мыналар концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері болып табылады:
1 1) мына:
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау;
денсаулық сақтау;
жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту;
коммуналдық шаруашылық;
көлік салаларының бірінде концессиялық жобаларды іске асыру.
2 2) мына:
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау объектілерінің;
денсаулық сақтау объектілерінің;
жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту объектілерінің;
коммуналдық шаруашылық объектілерінің;
көлік саласы объектілерінің санын ұлғайтуға алып келетін концессиялық жобаларды іске асыру.