Құжат мәтініне өту

О социальной помощи на возмещение затрат за приобретение, установку или поверку индивидуальных приборов учета горячего и (или) холодного водоснабжения отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы

Өзге акт · № 10 · қабылданған 29.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64688/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О социальной помощи на возмещение затрат за приобретение, установку или поверку индивидуальных приборов учета горячего и (или) холодного водоснабжения отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы Күшін жойған Өзге акт ·№ 10 ·29.02.2012
19.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О социальной помощи на возмещение затрат за приобретение, установку или поверку индивидуальных приборов учета горячего и (или) холодного водоснабжения отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 10 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О социальной помощи на возмещение затрат за приобретение, установку или поверку индивидуальных приборов учета горячего и (или) холодного водоснабжения отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10
Қабылданған күні
29.02.2012
Көрсетілген редакция
19.12.2013 AI64688_4.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12R0000932
ЭКБ идентификаторы
64688
Редакция идентификаторы
AI64688_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:56

0 Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Алматы қаласында белгіленген тәртіпте тіркелген келесі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың есептеуіш құралдарын сатып алуы, орнатуы немесе тексеруден өткізуі бойынша шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін:

1 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);

2 2) жасына жеткен зейнеткерлерге;

3 3) мүгедектердің бірінші, екінші және үшінші топтарына.

2 2. Әлеуметтік көмек осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген тұлғаларға бір құралға төрт айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, екінші деңгейдегі банктердегі олардың есеп шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

3 3. Әлеуметтік көмек көрсету үшін өтініш иесі, тұрғылықты тұратын жері бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөліміне өтініш жасайды және осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш бланкісін алады.

4 4. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген тұлғалар өтініштеріне келесі құжаттарды қоса береді:

1 1) өтініш иесінің жеке бірыңғай нөмірі (ЖБН) бар жеке басының куәлігінің көшірмесі.

ЖБН жоқ болған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке кодын алғаны туралы куәлігі қоса беріледі;

2 2) тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі);

3 3) суық және (немесе) ыстық судың қажеттілігін есептеуіш құралдарын сатып алған төлемі және орнату жөнінде;

осы шешімнің 1 тармағының 2) тармақшасында қарастырылған тұлғаларға зейнетақы алушы куәлігінің көшірмесі;
осы шешімнің 1 тармағының 3) тармақшасында қарастырылған тұлғаларға мүгедектік куәлігінің көшірмесі немесе жәрдемақы алатын куәлігінің көшірмесі.

5 5. Әлеуметтік көмек тиісті қаржылық жылға жергілікті бюджетте аталған мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде көрсетіледі.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі комиссиясының төрағасы И. Лиға және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа (келісім бойынша) жүктелсін.

7 7. Алматы қаласының мәслихаты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

8 8. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады.

V-ші сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
III сессиясының
2012 жылғы 29 ақпандағы № 10
шешіміне 1 қосымша
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының бастығы
___________________________________________
зейнеткер, мүгедек, атаулы әлеуметтік және
тұрғын үй көмегін алушы (астын сызу керек)
___________________________________________
___________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні)
Мекен-жайы:________________________________
___________________________________________
тел: ______________________________________
Жеке бас куәлігі __________________________
салық төлеушінің нөмірі (СТН)
___________________________________________
әлеуметтік жеке код (ӘЖК)
___________________________________________
зейнеткер (мүгедектік) куәлігі
№ _________________________________________
Дербес шот ________________________________
Өтініш
Ыстық және суық судың қажеттілігін есептейтін құралдарды ___ дана сатып алған
және орнатылған (тексерілген) шығынның бағасын өтеуіңізді сұраймын.
Өтінішке қосымша: _________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
«___» ___________ жыл _______________________
(мерзім) (өтініш берушінің қолы)
Құжаттар қабылданды: « ___ » _______________ 20___ жылы
__________ __________________________________________
(қолы) (құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні)
---------------------------------------------------------------
(кесіп алу қыры)
Азаматтың(ша) өтініші ________________________________________________
№ _____ тіркелді құжаттар қабылданған мерзімі ________________________
______________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған тұлғаның аты-жөні, лауазымы, қолы)

Қолданыстағы