Құжат мәтініне өту

Об утверждении образцов аншлагов границ охотничьих хозяйств, воспроизводственных участков и зон покоя, а также запретные для охоты сроки и места

Бұйрық · № 25-03-02/96 · қабылданған 13.03.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64723/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении образцов аншлагов границ охотничьих хозяйств, воспроизводственных участков и зон покоя, а также запретные для охоты сроки и места Қолданыста Бұйрық ·№ 25-03-02/96 ·13.03.2012
15.06.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении образцов аншлагов границ охотничьих хозяйств, воспроизводственных участков и зон покоя, а также запретные для охоты сроки и места

Қолданыста Бұйрық ·№ 25-03-02/96 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении образцов аншлагов границ охотничьих хозяйств, воспроизводственных участков и зон покоя, а также запретные для охоты сроки и места
Атауы (қаз.)
Аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
25-03-02/96
Қабылданған күні
13.03.2012
Көрсетілген редакция
15.06.2023 64723_643738.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007573
ЭКБ идентификаторы
64723
Редакция идентификаторы
64723_643738
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:50

0

Аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Аңшылық шаруашылықтарының, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының шекараларын, сондай-ақ аң аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарын көрсететін аншлагтардың үлгілері;»

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарын көрсететін аншлагтардың үлгілері;

3 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысаны бекітілсін.

2

2. «Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 267 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6238 болып тіркелген, 2010 жылы 30 қарашада № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан», 2011 жылы 2 сәуірде № 124-127 (26529) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйырықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Аңшылық шаруашылығы шекараларының, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарын, сондай-ақ аң аулау үшін тыйым салынған мерзімдері мен орындарын көрсететін аншлагтардың үлгілері

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 25-03-02/96 бұйрығына
1-қосымша
Аңшылық шаруашылығы шекараларының, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарын, сондай-ақ аң аулау үшін тыйым салынған мерзімдері мен орындарын көрсететін аншлагтардың үлгілері

1 1. Аңшылық шаруашылығы және немесе учаскелері шекараларын көрсететін негізгі аншлагтың үлгісі

Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­нің ата­уы
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық­тың (участ­ке­нің) ата­уы
НА­ЗАР АУДА­РЫ­ҢЫ­ЗДАР!
Рұқ­сат­сыз және мер­зім­нен тыс уа­қы­тын­да аң­шы­лық
жүр­гіз­ген үшін акім­ші­лік ай­ып­пұл са­лы­на­ды!
Бай­ла­ныс тел. 8 (код) нө­мі­рі
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның
кар­та - сыз­ба­сы
Кар­та - схе­ма охот­ни­чье­го хо­зяй­ства
На­име­но­ва­ние субъ­ек­та охот­ни­чье­го хо­зяй­ства
На­име­но­ва­ние охот­ни­чье­го хо­зяй­ства (участ­ка)
ВНИ­МА­НИЕ
За охо­ту без раз­ре­ше­ния и вне се­зо­на на­ла­га­ет­ся
ад­ми­ни­стра­тив­ный штраф!
Кон­такт­ный тел. 8 (код) но­мер
Ескертпе:
Негізгі аншлаг аңшылық шаруашылығы және немесе учаскелерінің шекараларын білдіреді (бұдан әрі – № 1 аншлаг) аңшылық шаруашылығы және немесе учаскелерінің шекараларында орнатылады және карта-сызбасы болады.
№ 1 аншлагта мынандай ақпараттар көрсетіледі:

1 1) аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы;

2 2) аңшылық шаруашылығының және (немесе) учаскенің атауы;

3 3) байланыс телефоны;

4 4) аң аулау қағидасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту шаралары.

5 5) аңшылық шаруашылығының және (немесе) учаскелерінің карта–сызбасы.

2 2. Өсімін молайту учаскесін көрсететін аншлагтың үлгісі

НА­ЗАР АУДА­РЫ­ҢЫ­ЗДАР!
Өсі­мін мо­лай­ту учас­ке­сі
Аң­шы­лық­ты жүр­гізу­ге тый­ым са­лы­на­ды! Учас­ке­нің кар­та-сыз­ба­сы
Кар­та-схе­ма участ­ка ВНИ­МА­НИЕ!
Вос­про­из­вод­ствен­ный уча­сток
Охо­та за­пре­ща­ет­ся!
Ескертпе:
Өсімін молайту учаскесін білдіретін аншлаг (бұдан әрі - № 2 аншлаг) жануарлардың көбею орындарында орнатылады және ол жерлерде аң аулаға тыйым салынған мерзімнің ұзақтығы туралы ақпараттандырады, учаскенің карта–сызбасы болады.

3 3. Аңның тыныштық аймағын көрсететін аншлагтың үлгісі

НА­ЗАР АУДА­РЫ­ҢЫ­ЗДАР!
Аң­ның ты­ны­штық ай­ма­ғы
Аң­шы­лық­ты жүр­гізу­ге тый­ым са­лы­на­ды! Учас­ке­нің кар­та-сыз­ба­сы
Кар­та-схе­ма участ­ка ВНИ­МА­НИЕ!
Зо­на по­коя ди­чи
Охо­та за­пре­ща­ет­ся!
Ескертпе:
Аңның тыныштық аймағының шекараларын көрсететін аншлаг (бұдан әрі – аншлаг № 2) аң аулауға жыл бойы тыйым салынған орындарда орнатылады және карта–сызбада көрсетілген учаскеде аң аулауға тыйым салынғаны туралы ақпараттандырады.

4 4. Аңшылық шаруашылығында және (немесе) учаскелерінде аң аулауға тыйым салынған мерзімдері мен орындарын көрсететін аншлагтың үлгісі

Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның (учас­ке­нің) ата­уы
НА­ЗАР АУДА­РЫ­ҢЫ­ЗДАР!
20__ жыл­дың __________«___»____________«___»  ара­лы­ғын­да
Аң­шы­лық­ты жүр­гізу­ге тый­ым са­лы­на­ды! Учас­ке­нің кар­та-сыз­ба­сы
Кар­та-схе­ма участ­ка ВНИ­МА­НИЕ!
Охо­та за­пре­ща­ет­ся в пе­ри­од
с «____» __________ по «___»___________ 20___ го­да
На­име­но­ва­ние охот­ни­чье­го хо­зяй­ства (участ­ка)
На­име­но­ва­ние субъ­ек­та охот­ни­чье­го хо­зяй­ства
Ескертпе:
Аң аулауға тыйым салынған мерзімдері мен орындарын көрсететін аншлаг (бұдан әрі – аншлаг № 4) аңшылық шаруашылығында және (немесе) учаскелерінде орнатылады, аң аулауға тыйым салынған мерзімдері мен орындары туралы ақпараттандырады, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы, аңшылық шаруашылығы және (немесе) учаскенің атауы туралы ақпараты, аңшылық шаруашылықтың және (немесе) учаскенің карта-сызбасы болады.
Аншлагтардың жалпы сипаттамалары
Аншлагтар келесі сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс:
тіреуіш бағанадан және белгі беру тақтадан тұруы тиіс;
белгі беру тақтасы тік төртбұрыш түрінде оның мөлшері мен қатысты ұзындығы 1,2 метр және жалпақтығы 0,6 метрден кем болмауы тиіс;
белгі беру тақтасының төменгі жағынан жер бетіне дейінгі арақашықтық 1,5 метрден кем болмауы тиіс;
Аншлагтардың негізгі түстері:
№ 1 аншлаг үшін - ашық көк түс;
№ 2 және № 3 аншлагтар үшін – сары түс;
№ 4 аншлаг үшін – ашық қызыл түс;
аншлагтардың жиектері үшін –көк түс.
Жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс.
Аңшылық шаруашылығы шекараларының, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, сондай-ақ аң аулау үшін тыйым салынған мерзімдері мен орындарының карта-сызбалары белгі беру тақтаның ортасында орналасуы, өлшемі белгі беру тақтаның 1/4 бөлігінің өлшемінен кем болмауы және 1/3 бөлігінің өлшемінен артық болмауы тиіс және бейне көк түспен бейнеленуі тиіс.
Аншлагтар саны 1 бірліктен кем болмайтын аңшылық шаруашылығы және (немесе) учаскелерінің шекаралары бойындағы кіреберіс жолдардың оң жағына орнатылады.

2 Өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтардың, балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдері мен орындарын көрсететін аншлагтардың үлгілері

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 25-03-02/96 бұйрығына
2-қосымша
Өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтардың, балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдері мен орындарын көрсететін аншлагтардың үлгілері

1 1. Өсімін молайту учаскелерінің шекараларын көрсететін аншлагтың үлгісі

НА­ЗАР АУДА­РЫ­ҢЫЗ!
УЫЛ­ДЫ­РЫҚ ША­ШУ ОР­НЫ!
Ба­лық ре­сур­ста­ры мен бас­қа да су жа­ну­ар­ла­ры­ның уыл­ды­рық ша­шуы және кө­бе­юі ке­зе­ңін­де
«___» __________ - «___» __________  ара­лы­ғын­да ба­лық аула­у­ға тый­ым са­лы­на­ды.
Уыл­ды­рық ша­шу орын­да­ры­ның кар­та-сыз­ба­сы
Кар­та-схе­ма мест нере­сти­ли­ща ВНИ­МА­НИЕ!
НЕРЕ­СТИ­ЛИ­ЩЕ!
Ры­бо­лов­ство за­пре­ща­ет­ся в пе­ри­од нере­ста и раз­мно­же­ния рыб­ных ре­сур­сов и дру­гих вод­ных жи­вот­ных с «__» __________ - «__» ____________.
Өсімін молайту учаскелерінің шекараларын көрсететін аншлаг (бұдан әрі – аншлаг № 1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею орындарында орнатылады және балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашуы және көбеюі кезеңінде балық аулауға тыйым салынған мерзімнің ұзақтығы туралы ақпараттандырады, су айдынның және (немесе) учаскенің карта-сызбасы болады.

2 2. Тыныштық аймағының шекараларын көрсететін аншлагтың үлгісі

НА­ЗАР АУДА­РЫ­ҢЫЗ!
ТЫ­НЫ­ШТЫҚ АЙ­МА­ҒЫ!
Ба­лық аула­у­ға тый­ым са­лы­на­ды. Ты­ны­штық ай­ма­ғы­ның кар­та-сыз­ба­сы
Кар­та-схе­ма зо­ны по­коя ВНИ­МА­НИЕ!
ЗО­НА ПО­КОЯ!
Ры­бо­лов­ство за­пре­ща­ет­ся.
Ескертпе:
Тыныштық аймағының шекараларын көрсететін аншлаг (бұдан әрі – аншлаг № 2) балық аулауға жыл бойы тыйым салынған орындарда орнатылады және карта-сызбада көрсетілген су айдында және (немесе) учаскеде балық аулауға тыйым салынғаны туралы ақпараттандырады, су айдынның және (немесе) учаскенің карта–сызбасы болады.

3 3. Балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінің шекараларын көрсететін аншлагтың үлгісі

БА­ЛЫҚ ША­РУ­А­ШЫ­ЛЫ­ҒЫ СУБЪ­ЕК­ТІ­СІ­НІҢ АТА­УЫ
СУ АЙ­ДЫ­НЫ­НЫҢ және (неме­се) УЧАС­КЕ­СІ­НІҢ АТА­УЫ
НА­ЗАР АУДА­РЫ­ҢЫЗ!
РҰҚ­САТ­СЫЗ НЕМЕ­СЕ ЖОЛ­ДА­МА­СЫЗ БА­ЛЫҚ АУЛА­ҒАН ҮШІН
ӘКІМ­ШІ­ЛІК АЙ­ЫП­ПҰЛ СА­ЛЫ­НА­ДЫ!
Бай­ла­ныс тел: 8 (код) нө­мі­рі Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­дын­да­ры­ның және (неме­се) учас­ке­ле­рі­нің кар­та-сыз­ба­сы
Кар­та-схе­ма ры­бо­хо­зяй­ствен­но­го во­до­е­ма и (или) участ­ка НА­ИМЕ­НО­ВА­НИЕ СУБЪ­ЕК­ТА РЫБ­НО­ГО ХО­ЗЯЙ­СТВА
НА­ИМЕ­НО­ВА­НИЕ ВО­ДО­Е­МА и (или) УЧАСТ­КА
ВНИ­МА­НИЕ!
ЗА РЫ­БО­ЛОВ­СТВО БЕЗ РАЗ­РЕ­ШЕ­НИЯ ИЛИ ПУ­ТЕВ­КИ
НА­ЛА­ГА­ЕТ­СЯ АД­МИ­НИ­СТРА­ТИВ­НЫЙ ШТРАФ!
Кон­такт­ный тел: 8 (код) но­мер
Ескертпе:
Балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінің шекараларын көрсететін аншлаг (бұдан әрі – аншлаг № 3) бекітілген балық шаруашылығы су айдынға және (немесе) учаскеге келетін жолдарда орнатылады, балық шаруашылығы субъектісінің атауы, су айдынның және (немесе) учаскенің атауы, байланыс телефоны туралы ақпараты болады және рұқсатсыз немесе жолдамасыз балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілігі туралы ақпараттандырады, су айдынның және (немесе) учаскенің карта–сызбасы болады.

4 4. Балық аулауға тыйым салынған мерзімдері мен орындарын көрсететін аншлагтың үлгісі

БА­ЛЫҚ ША­РУ­А­ШЫ­ЛЫ­ҒЫ СУБЪ­ЕК­ТІ­СІ­НІҢ АТА­УЫ
СУ АЙ­ДЫ­НЫ­НЫҢ және (неме­се) УЧАС­КЕ­СІ­НІҢ АТА­УЫ
НА­ЗАР АУДА­РЫ­ҢЫЗ!
«___» __________- «___» ___________ ара­лы­ғын­да кар­та-сыз­ба­да көр­се­ті­л­ген орын­да ба­лық аула­у­ға тый­ым са­лы­на­ды. Ба­лық аула­у­ға тый­ым са­лын­ған орын­дар­дың кар­та-сыз­ба­сы
Кар­та-схе­ма мест за­прет­ные для ры­бо­лов­ства НА­ИМЕ­НО­ВА­НИЕ СУБЪ­ЕК­ТА РЫБ­НО­ГО ХО­ЗЯЙ­СТВА
НА­ИМЕ­НО­ВА­НИЕ ВО­ДО­Е­МА и (или) УЧАСТ­КА
ВНИ­МА­НИЕ!
Ры­бо­лов­ство за­пре­ща­ет­ся в ме­стах ука­зан­ных на кар­те-схе­ме во­до­е­ма в пе­ри­од
с «___» ____________ - «___»_____________.
Ескертпе:
Балық аулауға тыйым салынған мерзімдері мен орындарын көрсететін аншлаг (бұдан әрі – аншлаг № 4) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде орнатылады, балық аулауға тыйым салынған мерзімдері мен орындары туралы ақпараттандырады, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектісінің атауы, су айдынның және (немесе) учаскенің атауы туралы ақпараты, су айдынның және (немесе) учаскенің карта–сызбасы болады.
Аншлагтардың жалпы сипаттамалары
Аншлагтар мына сипаттарға сәйкес болуы тиіс:
тіреуіш бағанадан және белгі беру тақтадан тұруы тиіс;
белгі беру тақтасы тік төртбұрыш түрінде және мөлшері мен қатысты ұзындығы 1,2 метр және жалпақтығы 0,6;
белгі беру тақтасының төменгі жағынан жер бетіне дейінгі арақашықтық 1,5 метрден кем болмауы тиіс.
Аншлагтардың негізгі түстері:
№ 1 аншлаг үшін – жасыл түс;
№ 2 аншлаг үшін – ақ түс;
№ 3 аншлаг үшін – сары түс;
№ 4 аншлаг үшін – ашық көк түс;
аншлагтардың жиектері үшін – қызыл түс.
Белгі беру тақтадағы жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде қара түспен жазылуы тиіс.
Өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтардың, балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдері мен орындарын көрсететін карта – сызбалары сигналдық тақтаның ортасында орналасуы, өлшемі сигналдық тақтаның 1/4 бөлігінің өлшемінен кем болмауы және 1/3 бөлігінің өлшемінен артық болмауы тиіс және бейне көк түспен бейнеленуі тиіс.

3 Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналы (кәсіпшілік журнал)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 25-03-02/96 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу
журналы (кәсіпшілік журнал)
____________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі)
____________________________________________________________________
(ведомствоның аумақтық бөлімшесімен келісім-шарт жасасқан балық
шаруашылығы субъектісінің атауы)
_____________________________________________________________________
(бригадирдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), басқа жауапты тұлға)
Аулау күні
Су айдынының немесе учаскенің атауы
Пайдаланылған аулау құралдарының түрлері және саны
Аулауды жүзеге асырған балықшылар саны
Ауланған балық көлемі, килограмм
1
2
3
4
5
Кестенің жалғасы
Ауланған балықтың түрлік құрамы, балық түрлері, килограмм
Жіберілген балық көлемі, килограмм
Жіберу күні, жүк құжаты № автокөлік, кеме №
Ауланған балықты қабылдаушының аты-жөні, қолы
6
7
8
9

Қолданыстағы