О мерах по улучшению противопожарной защиты объектов хозяйствования области
Қолданыста
Өзге акт
№ 72
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по улучшению противопожарной защиты объектов хозяйствования области
- Атауы (қаз.)
- Облыстың шаруашылық объектілеріндегі өрттен қорғау шараларын жақсарту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 04.05.2000
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2000 6474_191783.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00C000590_
- ЭКБ идентификаторы
- 6474
- Редакция идентификаторы
- 6474_191783
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:30
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Облыстың шаруашылық объектілеріндегі өрттен қорғау шараларын жақсарту туралы
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Републикасныың 1996 жыл 22 қарашадағы Заңын және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жыл 22 мамырдағы № 616 қаулысын орындау, меншіктік нысанына қарамастан барлық объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өртті сөндіру, төтенше жағдайларды және олардан келетін зардаптарды болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдері өртке қарсы қызметі міндетті түрде құрылатын ұйымдардың тиісті тізімін бекітсін. Жеке құрамның штаттық және өрт сөндіру техникасының саны Мемлекеттік өртке қарсы қызметімен келісілсін.
2. Облыс Әкімінің 1997 жылдың 15 қазанындагы № 199 шешімінің күші жойылсын.
З. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. СУПРУНҒА жүктелсін.