Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого или ввозимого предмета"

Қаулы · № 103 · қабылданған 28.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64741/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого или ввозимого предмета" Күшін жойған Қаулы ·№ 103 ·28.03.2012
23.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого или ввозимого предмета"

Күшін жойған Қаулы ·№ 103 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого или ввозимого предмета"
Атауы (қаз.)
"Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
103
Қабылданған күні
28.03.2012
Көрсетілген редакция
23.11.2012 64741_178206.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12C0003391
ЭКБ идентификаторы
64741
Редакция идентификаторы
64741_178206
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:43

0 "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету» регламенті бекітілсін.

2 2. «Облыстық мәдениет басқармасы» ММ (бұдан әрі - басқарма) мемлекеттік қызметтің осы регламентін басқарманың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Нұрқатоваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»

5 Облыс әкімдігінің

2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 103 қаулысымен
бекітілген
«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Негізгі ұғымдар

1 1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мәдени құндылық – зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ, тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар құндылықтар;

2 2) тұтынушы – жеке немесе заңды тұлға;

3 3) регламент - «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі тәртіпті реттеуші нормативтік құқықтық акт;

4

4) қорытынды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген, әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы сараптама нәтижелері берілген құжат;

5 5) Сараптамалық комиссия– әкетілетін және әкелінетін мәдени құндылықтар бойынша облыстың жергілікті атқарушы органымен құрылатын комиссия;

6

6) құрылымдық - функционалдық бірлік – әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын басқарманың жауапты құрылымдық бөлімшесі, өзге де органдар және ақпараттық жүйе немесе олардың ішкі жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ).

2 2. Жалпы ережелер

2 2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік анықтамасы: Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру.

3

3. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметін Ақтөбе облысының мәдениет басқармасы (бұдан әрі Басқарма) көрсетеді, басқарманың мекенжайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысымен бекітілген «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

6

6. Басқарманың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес қағаз жеткізгіште қорытынды беруі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның тұрған жері, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оларды көрсету барысы туралы ақпаратты Стандарттың 1, 2 - қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: http://www.e.gov.kz, ресми ақпарат көздерінде және мемлекеттік қызмет көрсетін жерлердегі стенділерде орналастырылады.

8 8. Мемлекеттік қызмет Басқарманың ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру бір реттік рұқсатнама бойынша жүзеге асырылады.

Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализациялар және басқа да қауіпсіздік шаралары бар.
Басқарманың анықтамалық - ақпараттық тақтасында қажетті құжаттарды көрсетуге арналған үлгілер орналастырылған.

9 9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

10

10. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін Басқармаға қажетті құжаттар мен заттарды ұсынады, олар Басқарманың қабылдау бөлімінің маманымен тұтынушының өтінішінде көрсетілген тізімдеме бойынша қабылданады. Талаптарға сәйкес келетін құжаттар мен заттар қабылдау бөлімінде тіркеу мөртабанында бақылау белгілерін көрсете отырып беттерінің нөмірлері, күні және саны көрсетіліп рәсімделеді және тіркеледі. Тұтынушы басқарманың қабылдау бөлімінен тіркелгені туралы мөртабаны бар (кіріс номері, күні) өтініш көшірмесін алады.

11 11. Тұтынушы басқармаға Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

Қабылдау алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

12 12. Тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар мен заттар басқарма басшысына жіберіледі, кейіннен олар орындаушыға жіберіледі. Оларды алғаннан кейін орындаушы құжаттар мен заттарды сараптама комиссиясына сараптамаға жібереді.

Сараптаманы өткізу орны мен уақыты Басқарма басшысымен белгіленеді.
Сараптамалық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша екі данада қорытынды рәсімделеді, оның әрқайсысына комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Ресімделген қорытынды заттармен бірге орындаушыға беріледі.
Орындаушы қорытынды мен заттарды алған соң, қорытындыны басқарманың мөрімен бекітеді және оның бір данасын затпен қоса тұтынушыға береді.
Қорытындының екінші данасы, сондай-ақ, қаралған құжаттар пакеті сараптама комиссиясының мерзімсіз сақталуында қалады.
Қорытынды мен заттардың тұтынушыға берілуі берілген қорытындылар журналында тіркеледі.

13 13. Қорытынды және сараптамадан өткен мәдени құндылық ретінде қаралатын заттар тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкілге) жеке өзі келгенде стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайларда беріледі.

14 14. Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбау мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Қорытынды беруден бас тартылған жағдайда, Қорытынды беру үшін белгіленген мерзімде тұтынушыға жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

15 15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: басқарма қызмет тұтынушының құжаттар мазмұны туралы ақпаратының cақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.

16 16. Әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, көрсетілген.

17 17. ҚФБ және мемлекеттік қызмет көрсету үдересі арасындағы іс-әрекеттердің қисынды реттілігі мен өзара байланысты көрсететін схемалары осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

5 5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды азаматтардың жауапкершілігі

18 2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

18. Мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты.
«Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
1 кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)
1.
Іс әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №
1
2
3
4
5
2.
ҚФБ ата­уы
ҚФБ 1. Бас­қар­ма­ның қа­был­дау бө­лі­мі
ҚФБ 2.
Бас­қар­ма ба­стығы
ҚФБ 3.
Өнер және та­ри­хи мә­де­ни мұ­ра бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
ҚФБ 4.
Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­ды әке­ту және әке­лу жө­нін­де­гі са­рап­та­ма­лық ко­мис­сия
ҚФБ 5.
Өнер және та­ри­хи мә­де­ни мұ­ра бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
3.
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы­ның қа­жет­ті құ­жат­та­ры қо­са бе­рі­л­ген өті­ні­ші мен затта­рын тір­кей­ді, тұ­ты­ну­шы­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу мер­зі­мін көр­се­те­ді.
Са­рап­та­ма­ны өт­кі­зу ор­нын және уа­қы­ты ту­ра­лы өнер және та­ри­хи мә­де­ни мұ­ра бө­лі­мі­нің ма­ма­ны­на тап­сыр­ма бе­ре­ді
Құ­жат­тар­дың то­лық және дұ­рыс тол­ты­ры­луын тек­се­ре­ді және мә­де­ни құн­ды­лық­тар­ды әке­ту және әке­лу са­рап­та­ма ко­мис­си­я­сы­ның қа­ра­уы­на ұсы­на­ды.
Са­рап­та­ма­лық ко­мис­сия уа­қыт­ша әке­ті­л­ген мә­де­ни құн­ды­лық­тың мә­де­ни құн­ды­лы­ғы неме­се түп­нұс­қа­лы­ғы­на оның сәй­кест­і­гін ай­қын­дау мақ­са­тын­да са­рап­та­ма­ны жү­зе­ге асы­ра­ды.
Қо­ры­тын­ды­лар­ды бас­қар­ма­ның мө­рі­мен бе­кі­те­ді, қо­ры­тын­ды­ның бір да­на­сы мен заттар­ды тұ­ты­ну­шы­ға бе­ре­ді.
4.
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық өкім­дік ше­шім)
Құ­жат­тар мен заттар­ды тір­кеу
Са­рап­та­ма өт­кі­зу ор­ны мен уа­қы­тын бел­гі­леу
Құ­жат­тар мен заттар­ды са­рап­та­ма жі­бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ру
Уа­қыт­ша әке­ті­л­ген мә­де­ни құн­ды­лық­қа са­рап­та­ма жүр­гі­зу
Са­рап­та­ма ко­мис­си­я­сы­ның қа­на­ғат­тан­дырғ
анды­ғы неме­се бас тар­қанды­ғы ту­ра­лы қо­ры­тын­ды бе­ре­ді
5.
Орын­дау мер­зім­де­рі
15 ми­нут
1 күн ішін­де
1 күн ішін­де
3 күн ішін­де
10 ми­нут
2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыс барысы, ағыны)
ҚФБ 1. Бас­қар­ма­ның қа­был­дау бө­лі­мі
ҚФБ 2. Бас­қар­ма ба­стығы
ҚФБ 3. Өнер және та­ри­хи мә­де­ни – мұ­ра бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
ҚФБ 4. Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­ды әке­ту және әке­лу жө­нін­де­гі са­рап­та­ма­лық ко­мис­сия
Тұ­ты­ну­шы­ның қа­жет­ті құ­жат­та­ры қо­са бе­рі­л­ген өті­ні­ші мен затта­рын тір­кей­ді, тұ­ты­ну­шы­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу мер­зі­мін көр­се­те­ді.
Са­рап­та­ма­ны өт­кі­зу ор­нын және уа­қы­ты ту­ра­лы өнер және та­ри­хи мә­де­ни мұ­ра бө­лі­мі­нің ма­ма­ны­на тап­сыр­ма бе­ре­ді
Құ­жат­тар­дың то­лық және дұ­рыс тол­ты­ры­луын тек­се­ре­ді және мә­де­ни құн­ды­лық­тар­ды әке­ту және әке­лу са­рап­та­ма ко­мис­си­я­сы­ның қа­ра­уы­на ұсы­на­ды.
Са­рап­та­ма­лық ко­мис­сия қо­ры­тындыс­ын бе­ре­ді.
3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыс барысы, ағыны)
ҚФБ 1. Бас­қар­ма­ның қа­был­дау бө­лі­мі
ҚФБ 2. Бас­қар­ма ба­стығы
ҚФБ 3. Өнер және та­ри­хи мә­де­ни – мұ­ра бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
ҚФБ 4. Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­ды әке­ту және әке­лу жө­нін­де­гі са­рап­та­ма­лық ко­мис­сия
Тұ­ты­ну­шы­ның қа­жет­ті құ­жат­та­ры қо­са бе­рі­л­ген өті­ні­ші мен затта­рын тір­кей­ді, тұ­ты­ну­шы­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу мер­зі­мін көр­се­те­ді
Са­рап­та­ма­ны өт­кі­зу ор­нын және уа­қы­ты ту­ра­лы өнер және та­ри­хи мә­де­ни мұ­ра бө­лі­мі­нің ма­ма­ны­на тап­сыр­ма бе­ре­ді
Құ­жат­тар­дың то­лық және дұ­рыс тол­ты­ры­луын тек­се­ре­ді және мә­де­ни құн­ды­лық­тар­ды әке­ту және әке­лу са­рап­та­ма ко­мис­си­я­сы­ның қа­ра­уы­на ұсы­на­ды
Қа­рай­ды және дәлел­ді түр­де бас тар­та­ды
«Әкетілетін және әкелінетін
аттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы

Қолданыстағы