О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 64
- Қабылданған күні
- 16.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2013 AI64746_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NI000149
- ЭКБ идентификаторы
- 64746
- Редакция идентификаторы
- AI64746_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:48
0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес, бюджетті іске асыру мақсатында Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әр балаға ай сайын 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.
3 3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылының ішінде төленеді деп белгіленсін.
4 4. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Ғ.К. Сүндетбаевқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ Д. Бидашев
"Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________________ Л. Зейнекина