Об утверждении Правил признания организациями, осуществляющими брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, индивидуальных и институциональных инвесторов квалифицированными инвесторами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил признания организациями, осуществляющими брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, индивидуальных и институциональных инвесторов квалифицированными инвесторами
- Атауы (қаз.)
- Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарының дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 78
- Қабылданған күні
- 24.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2022 64783_598490.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007557
- ЭКБ идентификаторы
- 64783
- Редакция идентификаторы
- 64783_598490
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:59
0 Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдары осы қаулының қолданылуы енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы № 78
қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары
Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
1. Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым;
2) тізілім - білікті инвесторлары деп танылған заңды және (немесе) жеке тұлғалар туралы мәліметтер жиынтығы;
3) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
2. Жеке және заңды тұлға (бұдан әрі - тұлға) осы Қағидалармен ұсынылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда білікті инвестор деп танылады.
3. Білікті инвестор деп танылуға ниеті бар тұлға білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаға мына құжаттарды ұсынады:
1) мыналардан тұратын өтініш:
өтініш беруші туралы мәліметтер:
жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері;
заңды мекен жайы және тұрғылықты жері;
заңды тұлға үшін:
толық және қысқартылған атауы;
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні;
орналасқан жері;
2) жеке тұлға үшін:
жоғары экономикалық, математикалық немесе заңгерлік білімінің болуын растайтын құжаттар;
қаржы ұйымында кемінде үш жыл жұмыс стажы болуын растайтын құжаттар;
3) заңды тұлға үшін - жоғары экономикалық, математикалық немесе заңгерлік білімі, сондай-ақ қаржы ұйымында кемінде үш жыл жұмыс стажы бар штатта кемінде екі қызметкерінің болуын растайтын құжаттар;
4) білікті инвестор деп тану туралы өтінішті берген күннің алдындағы бір күнтізбелік жыл ішінде бағалы қағаздармен және (немесе) өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің саны бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында кемінде елу мәмілені құрағаны туралы растайтын құжаттар;
5) тұлғаның білікті инвестор деп танылуға ниеті бар тұлғаға қатысты қызмет көрсетудің тізбесін және бағалы қағаздар және (немесе) өзге қаржы құралдар түрлерінің тізбесін көрсете отырып құжаттар;
6) өтініш беруші білікті инвесторларға арналған бағалы қағаздарға және (немесе) өзге қаржы құралдарға қатысты Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңнамасында белгіленген шектеулер, сондай-ақ осындай бағалы қағаздармен және (немесе) өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы хабардар болғанына көрсететін құжаттар;
7) Қағидалардың 12-тармағында белгіленген жағдайларда жасалған білікті инвесторлар қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарына жүзеге асыру бөлігінде қызмет көрсету бойынша шарт.
4. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде өтініш беруші ұсынған құжаттардың сәйкес келуі тұлғаны білікті инвестор деп тану үшін қажетті белгіленген талаптардың сақталу мәніне тексеруді жүзеге асырады.
5. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзімде Қағидалармен қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тұлғаны білікті инвестор деп танудан бас тартады. Тұлғаны білікті инвестор деп танудан бас тартқан жағдайда білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде бас тартудың негіздемелері туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
6. Тұлғаны білікті инвестор деп тану туралы шешім осы тұлға бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдардың қандай түрлеріне және (немесе) қызмет көрсетудің қандай түрлеріне қатысты білікті инвестор деп танылатыны көрсетілуі тиіс.
7. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қабылданған шешім туралы тұлғаға хабарлайды.
8. Тұлғаны білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға тізілімге қосу туралы жазбаны енгізген күнінен бастап ол білікті инвестор деп есептеледі.
9. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға білікті инвестор деп танылған заңды тұлғадан сәйкес келуі тұлғаны білікті инвестор деп тануы үшін қажетті талаптардың қадағалануын растауды және көрсетілген талаптардың тексерілуін жүзеге асыруды талап етуге міндетті. Тексеру тоқсанына бір рет жүргізіледі.
10. Білікті инвестор деп танылған тұлға, оны білікті инвестор ретінде таныған тұлғаға білікті инвестор мәртебесінен жалпы немесе бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдардың және (немесе) білікті инвестор ретінде танылған көрсетілетін қызметтің белгілі бір түрлерінен бас тартуға өтініш береді (бұдан әрі - бас тарту туралы өтініш). Бас тарту туралы өтінішті білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қанағаттандырады.
Тізілімге тиісті өзгерістер бас тарту туралы өтінішті алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал егер бас тарту туралы өтінішті берген білікті инвестор есебінен жасалған мәмілелер көрсетілген өтінішті алғанға дейін орындалмаса, соңғы жасалған мәміле орындалған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей енгізіледі.
11. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға тізілімді жүргізуді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін бағдарламалық қамтамасыз етуде электрондық түрде жүзеге асырады.
Тұлғаны білікті инвестор деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тұлғаны тізілімге қосу жүзеге асырылады.
Тізілімде білікті инвестор туралы мынадай ақпарат қамтылады:
тұлға туралы жазбаны тізілімге енгізу күні;
осы тұлға білікті инвестор болып танылғанға қатысты қызмет түрлері және (немесе) бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрлері;
тұлғаны тізілімнен алып тастау күні;
тұлғаны тізілімнен алып тастау себебі;
жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері;
заңды мекенжайы және тұрғылықты жері;
заңды тұлға үшін:
толық және қысқартылған атауы;
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі мен күні;
орналасқан жері.
Тізілімге өзгерістер енгізу білікті инвестордың өтініші, оның ішінде білікті инвестор мәртебесінен бас тарту туралы өтініш бойынша жүзеге асырылады.
Тізілімнен заңды тұлғаны алып тастауға байланысты өзгерістер енгізу, сондай-ақ егер заңды тұлға белгіленген талаптардың сақталуын растамаған жағдайда жүзеге асырылады.
Білікті инвестордың сұрау салуы бойынша білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға білікті инвесторға осы тұлға туралы ақпараттан тұратын тізілімнен үзінді көшірмені ұсынады.
Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша білікті инвесторлар туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынады.
Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға уәкілетті органның талабы бойынша сұрау салуда айқындалған мерзімде электронды нысанда және (немесе) қағаз тасымалдауышта тізілімді ұсынады.
12. Қағидалардың 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген шарт білікті инвестор деп тану туралы өтінішті берген күннің алдындағы бір күнтізбелік жыл ішінде меншікті қаражат есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен жасалу тиіс.
2 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе) дилерлік
қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың
дара және институционалдық
инвесторларды білікті инвесторлар
деп тану қағидаларына
қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға
Әкімшілік деректер нысаны http://finreg.kz интернет-ресурсына орналастырылады.
Білікті инвесторлар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі: F1-QI
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20 __ жылғы «_____» ____________ жағдай бойынша
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға
Әкімшілік деректерді ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірілмеуі керек.
Нысан
20 __ «____» _____________
жағдай бойынша
____________________________
____________________________
(білікті инвесторлар деп тануды
жүзеге асыратын тұлғаның толық атауы)
1. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер
1.1
Ұйымның толық атауы
1.2
Ұйымның қысқартылған атауы
1.3
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
1.4
Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың болуы туралы мәліметтер
1.5
Лицензияның нөмірі
1.6
Лицензия берілген күн
2. Білікті инвесторлардың тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн
2.1
Білікті инвесторлардың тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн
2.2
Есепті кезеңде тізілімге енгізілген жеке тұлғалардың саны
2.3
Есепті кезеңде тізілімнен шығарылған жеке тұлғалардың саны
2.4
Тізілімде тұрған жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің саны
2.5
Есепті кезеңде тізілімге енгізілген заңды тұлғалардың саны
2.6
Есепті кезеңде тізілімнен шығарылған заңды тұлғалардың саны
2.7
Тізілімде тұрған заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің саны
3. Жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты білікті инвесторлар деп танылған қызмет түрлері туралы мәліметтер
3.1 Қызмет түрі
3.2 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны
3.3 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны
4 Жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты білікті инвесторлар деп танылған бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрлері туралы мәліметтер
4.1 Бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрі
4.2 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны
4.3 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны
5. Есепті кезеңде білікті инвесторлардың қаражаты есебінен қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің көлемі туралы мәліметтер (мың теңгемен)
5.1
Жеке тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі
5.2
Заңды тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі
Ұйымның атауы ____________ Ұйымның мекенжайы ____________
Телефоны ________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________
Орындаушы
_________________________________________ _________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам
__________________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада
келтірілген
3 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Білікті инвесторлар туралы
мәліметтердің нысанына
қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру
бойынша түсіндірме
«Білікті инвесторлар туралы мәліметтер»
(F1-QI, тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) «Білікті инвесторлар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 3-тармағына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Нысанда қолданылатын терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген мағынада қолданылады.
3. Білікті инвесторларды тануды жүзеге асыратын тұлға Нысанды есепті кезеңің соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес) жүз теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес) жүз теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.