Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе депозитария финансовой отчетности, фондовой биржи информации о корпоративных событиях, финансовой отчетности и аудиторских отчетов, а также информации о суммарном размере вознаграждения членов исполнительного органа по итогам года

Қаулы · № 72 · қабылданған 24.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64792/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе депозитария финансовой отчетности, фондовой биржи информации о корпоративных событиях, финансовой отчетности и аудиторских отчетов, а также информации о суммарном размере вознаграждения членов исполнительного органа по итогам года Күшін жойған Қаулы ·№ 72 ·24.02.2012
28.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе депозитария финансовой отчетности, фондовой биржи информации о корпоративных событиях, финансовой отчетности и аудиторских отчетов, а также информации о суммарном размере вознаграждения членов исполнительного органа по итогам года

Күшін жойған Қаулы ·№ 72 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе депозитария финансовой отчетности, фондовой биржи информации о корпоративных событиях, финансовой отчетности и аудиторских отчетов, а также информации о суммарном размере вознаграждения членов исполнительного органа по итогам года
Атауы (қаз.)
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
72
Қабылданған күні
24.02.2012
Көрсетілген редакция
28.01.2016 AI64792_12.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007578
ЭКБ идентификаторы
64792
Редакция идентификаторы
AI64792_12
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:59

0

Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр Б. Жәмішев
2012 жылғы 31 наурыз

0 Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 72 қаулысымен
бекітілген
Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары
Осы Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және:
акционерлік қоғамы қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі - қаржылық есептілік депозитарийі) интернет-ресурсында Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, акционерлік қоғамының жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты;
қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ақпаратқа қосымша ретiнде жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктi, аудиторлық есептердi, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты және тiзбесi Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

1 1. Осы Қағидаларының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым – Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізу жөніндегі қызметті жүргізуге уәкілетті «Ақпараттық-оқу орталығы» акционерлік қоғамы;

2

2) бағдарламалық қамтамасыз ету – қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым әзірлеген және шаблондар түрінде бағдарламалық қамтамасыз етуінде ұсынылған есептіліктің және ақпараттың әр түрлі нысандарын дайындауға арналған «Есептілікті берудің бірыңғай жүйесі» (ЕББЖ) бағдарламалық қамтамасыз ету;

3 3) электрондық цифрлық қол қою (бұдан әрi - ЭЦҚҚ) - бұл электрондық цифрлық қол қою құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық символдардың жиынтығы;

4 4) электрондық есеп - ұлттық куәландырушы орталығы берген ЭЦҚҚ қол қоятын осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ақпаратпен жылдық және (немесе) тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктің нысандарымен қамтамасыз етудің толтырылған тиісті шаблоны;

5 5) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы - «www.dfo.kz» адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;

6 6) қор биржасының интернет-ресурсы - «www.dfo.kz» адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы.

2

2. Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын акционерлік қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) (бұдан әрі - № 422 бұйрық) бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты ұсынады.
Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын, бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасына № 422 бұйрықпен бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты ұсынады.
Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын акционерлік қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8571 тіркелген) (бұдан әрі - № 130 қаулы) бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, және бар болса аудиторлық есепті, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты ұсынады.
Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын, бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасына № 130 қаулымен бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, және бар болса аудиторлық есепті, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты ұсынады.
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасына халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті ұсынады.

3 3. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4

4. Бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген және қор биржасының алаңында айналыста болмайтын, шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне, шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасына тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және мыналардан тұратын өзге ақпаратты ұсынады:

1 1) № 422 бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларында белгіленген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен шығындар туралы есеп - қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын эмитент үшін;

2 2) № 130 қаулымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен шығындар туралы есеп - екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, қаржы ұйымы болып табылатын эмитент үшін;

3

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 147 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8618 тіркелген) қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес жасалған банктің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп – екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент үшін;

4 4) ХҚЕС-ке сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және меншікті қаражат бойынша пайда мен шығындар туралы есеп – арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын эмитент үшін.

4-1

4-1. Тізіміне шығарылған бағалы қағаздары енгізілген қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында, бағалы қағаздары сондай-ақ, шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент тізіміне шығарылған бағалы қағаздары енгізілген қаржылық есептілік депозитарийіне, қор биржасына ХҚЕС-ке сәйкес жасалған тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының қор биржасының қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімде ұсынады.
Екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа қосымша Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты Қазақстан Республикасының қор биржасының қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімде ұсынады.

5 5. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруға тиісті жылдық қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына сәйкес ұсынылады.

6 6. Тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыруға тиісті жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті эмитент Microsoft Office Excel форматта электрондық тасымалдауышта ұсынады.

2012 жылғы 1 шілдеден бастап қаржылық есептiлiк қор биржасының ережелерімен айқындалатын форматта ұсынылатын деректердiң конфиденциалдылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзудiң тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде қор биржасына ұсынылады.
Аудиторлық есеп қор биржасына PDF, TIFF немесе JPEG форматтарда ұсынылады (қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі).

7

7. Акционерлік қоғам интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептілік депозитарийіне тізбесі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 79-бабының 1-тармағында айқындалған, осы Қағидалардың 1-қосымшасының 2, 3, 5, 7, 9, 10, 12, 13-тармақтарына сәйкес жасалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты туындаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 1-қосымшасының 1, 4, 6, 8-тармақтарына сәйкес туындаған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынады.
Акционерлік қоғам осы Қағидалардың 1-қосымшасының 11-тармағына сәйкес жасалған корпоративтік дау бойынша сотта iс қозғалғаны туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептілік депозитарийіне қоғам корпоративтік дау жөнiндегi азаматтық iс бойынша тиiстi сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде ұсынады.

8

8. Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитент қаржылық есептілік депозитарийге және тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жасалған Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында көзделген бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын эмитенттің қызметінде өзгерістері туралы ақпаратты интернет-ресурсында орналастыру үшін олар туындаған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ұсынады.

8-1

8-1. Бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген акционерлік қоғам болып табылатын эмитент интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген ақпаратқа қосымша осы Қағидалардың 1-қосымшасының 2, 3, 5, 9, 10 және 13-тармақтарына сәйкес жасалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты туындаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
Акционерлік қоғам болып табылатын, бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитент осы Қағидалардың 1-қосымшасының 11-тармағына сәйкес жасалған корпоративтік дау бойынша сотта iс қозғалғаны туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру үшін қаржылық есептілік депозитарийіне және қор биржасына эмитент корпоративтік дау жөнiндегi азаматтық iс бойынша тиiстi сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде ұсынады.

9 9. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушысының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалады және мынадай тәртіпте қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымға ұсынылады:

1

1) корпоративтік оқиғалар, жылдық немесе тоқсан сайынғы қаржылық есептілік үшін арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің тиісті шаблоны толтырылады. Акционерлік қоғам және эмитент қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның өңірлік бөлімшелерінде (электрондық ақпарат тасымалдауыштарда) немесе қаржылық есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында бағдарламалық қамтамасыз етуді алады;

2 2) шаблонды толтыру нәтижесінде ЭЦҚҚ қол қоюға қажетті электрондық есеп қалыптастырылады;

3 3) электрондық есепке қол қойғанға дейін оған:

жылдық қаржылық есептілікті орналастырған кезде - акционерлердің жалпы жиналысының «Аcrobat Reader» электрондық форматында жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті бекіту туралы сканирленген шешімдері (қол қойылған және аудиторлық ұйымының мөрімен расталған қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі);
осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделген ақпаратты орналастырған кезде - «Аcrobat Reader» электрондық форматында акционерлік қоғамының сканирленген өтінімі (қазақ және орыс тілдерінде бағдарламалық қамтамасыз ету шаблонда ақпараттық хабарламаның мәтінін теру нәтижесінде басып шығарылған, бірінші басшысы қол қойған және мөрімен расталған қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі) қоса тіркеледі;
Акционерлік қоғамдар туралы заңның және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның талаптарына сәйкес немесе қаржылық есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында акционерлік қоғамының «электрондық досье» қосымша бетінде орналастыратын өзінің бастамасы бойынша жарияланатын «Аcrobat Reader» электрондық форматында сканирленген құжаттар;

4

4) депозитарий құрылымына есепті жіберу және енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуде бар сервисті пайдалана отырып, қаржылық есептілік депозитарий серверіне (эмитентте интернетке шығу болған кезде) немесе қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының өңірлік бөлімшелеріне (электрондық ақпарат тасымалдауышта) электрондық есепті жібереді.

10

10. Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым акционерлік қоғамының электрондық есеп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде акционерлік қоғамының оның ЭЦҚҚ көрсетілген электрондық адресіне электрондық есепті қаржылық есептілік депозитарийге енгізу және оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электронды хабарлама жібереді.

11 11. Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының қол қойылған ЭЦҚҚ электронды хабарламасы басып шығарылу, бірінші басшы, бас бухгалтер және корпоративтік хатшысы (корпоративтік оқиғаларды орналастырған кезде) қол қою және акционерлік қоғамда сақталу тиіс.

12 12. Акционерлік қоғамының осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының қаржылық есептілікті қабылдауынан бас тартуына негіз болып табылады.

13 13. Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат және қаржылық есептілік әрбір акционерлік қоғам және қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзiлген эмитент бойынша бөлігінде қалыптасады.

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын эмитенттің қызметінде өзгерістері не акционерлік қоғамның бұрын болған корпоративтік оқиғалардың, оның ішінде ұзақ сипаты бар салдарлары туралы ақпаратты ұсынған кезде бірыңғай ақпараттық хабарлама мәтінінде сол сияқты бұрын орналастырылған ақпарат көрсетіледі.

14

14. Акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердің қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына ұсынатын жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктерін, аудиторлық есептерін қаржылық есептiлiк депозитарийі мен шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасы оларды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырады.
Акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердің қаржылық есептiлiк депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасына ұсынатын корпоративтік оқиғалар туралы және эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратын қаржылық есептiлiк депозитарийі мен шығарылған бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзiлген қор биржасы оларды алған күні орналастырады.

15

15. Қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс қаржылық есептілік, аудиторлық есептер және өзге де ақпарат Қағидаларда белгіленген тәртіппен орналастырылған күннен бұрын бұқаралық ақпарат құралдарының басқа көздері арқылы жариялануға (орналастырылуға) жатпайды.
Осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдары, сондай-ақ бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитенттер тізіміне шығарылған бағалы қағаздары енгізілген қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру үшін, көрсетілген ақпараттың сауда жүйесінде халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитенттердің бағалы қағаздары айналыста болған, шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларына берілуі ұқсас көлемде және мерзімде қаржылық есептілікті және бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитенттердің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады.

1 Қаржылық есептілік депозитарийінің және тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылатын акционерлік қоғамының корпоративтік оқиғалар туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар

Қаржылық есептілік
депозитарийінің, қор биржасының
интернет-ресурсында
корпоративтік оқиғалар туралы
ақпаратты, қаржылық есептілікті және
аудиторлық есептерді
орналастыру қағидаларына
1-қосымша
Қаржылық есептілік депозитарийінің және тізіміне шығарылған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылатын акционерлік қоғамының корпоративтік оқиғалар туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар

Ақ­па­рат тү­рі
Ақ­па­рат маз­мұ­ны
1
2
3
1.
Ақ­па­рат­ты ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның іш­кі құ­жат­та­ры­на сәй­кес ак­ци­о­нер­лер­ге және ин­ве­стор­лар­ға жі­бе­ре­тін мә­се­ле­лер­дің тіз­бе­сі бой­ын­ша ак­ци­о­нер­лер­дің жал­пы жи­на­ла­сын­да және ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі қа­был­дан­ған ше­шім­дер ту­ра­лы ақ­па­рат
1) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның то­лық ата­уы мен ор­на­лас­қан же­рі;
2) ак­ци­о­нер­лер­дің жал­пы жи­на­лы­сын, ди­рек­тор­лар ке­ңе­сін өт­кі­зу кү­ні, уа­қы­ты және ор­ны;
3) ак­ци­о­нер­лер­дің жал­пы жи­на­лы­сын­да, ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің оты­ры­сын­да күн тәр­ті­біне ен­гі­зі­л­ген мә­се­ле­лер;
4) ак­ци­о­нер­лер­дің жал­пы жи­на­ла­сын­да және да­уыс бе­ру қо­ры­тын­ды­ла­рын (нәти­же­ле­рін) көр­се­те оты­рып ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі қа­был­да­ған ше­шім­дер;
5) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ше­ші­мі бой­ын­ша өзге мә­лі­мет­тер.
2.
Ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ак­ци­я­лар­ды және бас­қа ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды шы­ға­руы ту­ра­лы және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің (бұ­дан әрі - уәкі­лет­ті ор­ган) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ор­на­ла­сты­ру қо­ры­тын­ды­ла­ры ту­ра­лы есеп­тер­ді, қо­ғам­ның ба­ға­лы қа­ға­з­да­рын өтеу, қо­ғам­ның ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры шы­ға­ры­лы­мын жою қо­ры­тын­ды­ла­ры ту­ра­лы есеп­тер­ді бе­кі­туі ту­ра­лы ақ­па­рат
1) ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мын мем­ле­кет­тік тір­ке­уді жү­зе­ге асыр­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы, ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мын мем­ле­кет­тік тір­кеу кү­ні;
2) шы­ға­ру­ға жа­ри­я­лан­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың тү­рі, са­ны, ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ға бе­рі­л­ген ұлт­тық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі;
3) об­ли­га­ци­я­лар­ды шы­ғар­ған жағ­дай­да но­ми­нал­ды құ­ны, ай­на­лы­сқа жі­бе­ру мер­зі­мі және өтеу тәр­ті­бі, олар бой­ын­ша кі­рі­сті тө­леу тәр­ті­бі мен мер­зім­де­рі, ко­ве­нант­тар және (неме­се) олар­дың шы­ға­ры­лым про­спек­ті­сін­де көр­се­ті­л­ген шек­те­улер қо­сым­ша көр­се­ті­ле­ді;
4) жа­ри­я­лан­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­ны­ның өсуі: жа­ри­я­лан­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар са­нын өсі­ру бө­лі­гін­де ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың шы­ға­ры­лы­мы про­спек­ті­сін­де өзге­рі­стер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу кү­ні, жа­ри­я­лан­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­ны­ның өсуі ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­дау кү­ні және осы ше­шім­ді қа­был­да­ған ак­ци­о­нер­лік қо­ғам ор­га­ны, ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың түр­ле­рі бой­ын­ша бө­лі­гін­де ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың шы­ға­ры­лым про­спек­ті­сіне ти­іс­ті өзге­рі­стер­ді мем­ле­кет­тік тір­ке­уден кей­ін жа­ри­я­лан­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­ны;
5) ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­да­ған кү­ні;
6) ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ор­на­ла­сты­ру ба­стал­ған күн, ор­на­ла­сты­ру­ға ұсы­ны­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­нын және ор­на­ла­сты­ру тә­сі­лін көр­се­те оты­рып ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ор­на­ла­сты­ру шар­тта­ры;
7) ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ор­на­ла­сты­ру аяқ­тал­ған күн (ор­на­ла­сты­ру­дың есеп­ті ке­зе­ңін көр­се­те оты­рып), ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды өтеу кү­ні;
8) ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ор­на­ла­сты­ру қо­ры­тын­ды­ла­ры ту­ра­лы есеп­тің, есеп­ті ке­зең­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған (өтел­ген) ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­ны мен тү­рін көр­се­те оты­рып өтеу қо­ры­тын­ды­ла­ры ту­ра­лы есеп­тің бе­кі­ті­л­ген кү­ні;
9) есеп­ті ке­зең­де ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның олар шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды олар­ды ұста­у­шы­лар­дан са­тып ал­ған са­ны мен тү­рі;
10) есеп­ті ке­зең­де ак­ци­я­лар бой­ын­ша ди­ви­денд­тер­ді, об­ли­га­ци­я­лар бой­ын­ша кі­рі­стер­ді тө­леу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
11) жою үшін негіз­де­ме­сін көр­се­те оты­рып ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың шы­ға­ры­лы­мын жой­ған кү­ні. Ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы уәкі­лет­ті ор­ган­нан эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды шет мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да шы­ға­ру­ға және (неме­се) ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат ал­ған жағ­дай­да уәкі­лет­ті ор­ган­ның осын­дай рұқ­сат­тың кү­ні және нө­мі­рі, сон­дай-ақ шы­ға­ры­лым­ның негіз­гі өл­шем­де­рі көр­се­ті­ле­ді.
3.
Ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы ірі мәмі­ле­лер­ді жа­са­ға­ны және оны жа­са­ған­да қо­ғам­ның мүд­де­лі­лі­гі бар мәмі­ле­лер­ді жа­са­ға­ны ту­ра­лы ақ­па­рат
1) Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам ор­га­ны­ның мәмі­ле­лер­ді жа­сау ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­да­ған күн;
2) мәмі­ле мәні бо­лып та­бы­ла­тын мү­лік­тің құ­ны;
3) мәмі­ле мәні бо­лып та­бы­ла­тын мү­лік­ті соң­ғы ба­ға­лау кү­ні;
4) осы ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ак­тив­те­рі­нің жал­пы құ­ны­на мәмі­ле мәні бо­лып та­бы­ла­тын мү­лік құ­ны­ның пай­ы­здық ара­қа­ты­на­сы;
5) мәмі­ле­нің негіз­гі ма­ңы­зды шар­тта­ры;
6) мәмі­ле жа­сал­ған күн.
4.
Ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның мүл­кін осы қо­ғам­ның ак­тив­те­рі­нің бес және одан да көп пай­ы­зын құ­рай­тын со­ма­сы­на ке­пі­л­ге (қай­та ке­пі­л­ге) бе­ру
1) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам ор­га­ны ак­ци­о­нер­лік қо­ғам мүл­кін ке­пі­л­ге бе­ру (қай­та ке­пі­л­ге бе­ру) ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­да­ған күн;
2) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның мүл­кін (шарт жа­сау) ке­пі­л­ге бе­ру (қай­та ке­пі­л­ге бе­ру) кү­ні қа­был­да­ған күн және мү­лік­ті ке­пі­л­ге (қай­та ке­пі­л­ге бе­ру) жү­зе­ге асы­ры­ла­тын мер­зім;
3) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ке­пі­л­ге бе­рі­ле­тін (қай­та ке­пі­л­ге бе­рі­ле­тін) мүл­кі­нің құ­ны;
4) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ке­пі­л­ге бе­рі­ле­тін (қай­та ке­пі­л­ге бе­рі­ле­тін) мүл­кін соң­ғы­ба­ға­лау кү­ні;
5) осы ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ак­тив­те­рі­нің жал­пы құ­ны­на қа­ты­сты ке­пі­л­ге бе­рі­ле­тін (қай­та ке­пі­л­ге бе­рі­ле­тін) мүл­кі­нің пай­ы­здық қа­ты­на­сы;
5.
Ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы қо­ғам­ның мен­шік­ті ка­пи­та­лы мөл­ше­рі­нің жиыр­ма бес және одан да көп пай­ы­зын құ­рай­тын мөл­шер­де қары­зды алуы ту­ра­лы ақ­па­рат
1) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам ор­га­ны­ның қары­зды алу ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­да­ған кү­ні;
2) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның қары­зды ал­ған кү­ні;
3) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам ал­ған қары­зды мақ­сат­ты пай­да­ла­ну;
4) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам ал­ған қары­здың мөл­ше­рі;
5) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам ал­ған қары­здың мөл­ше­ріне ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның мөл­ше­ріне пай­ы­здық ара­қа­ты­на­сы.
6.
Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның қыз­мет­тің қан­дай да бір түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ру­ға, қо­ғам­ның қыз­мет­тің қан­дай да бір тү­рін (іс-әре­кет­тер­ді) жү­зе­ге асы­ру­ға бұ­рын ал­ған ли­цен­зи­я­сы­ның қол­да­ны­луын тоқ­та­та тұ­ру неме­се тоқ­та­ту ту­ра­лы ақ­па­рат
1) рұқ­сат бер­ген, рұқ­сат­тың қол­да­ны­луын тоқ­та­та тұ­ру, тоқ­та­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған рұқ­сат бе­ру ор­га­ны­ның ата­уы;
2) рұқ­сат бе­рі­л­ген кү­ні, нө­мі­рі, рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі;
3) жү­зе­ге асы­ру үшін рұқ­сат­тың бо­луы та­лап еті­ле­тін қыз­мет тү­рі­нің (іс-әре­кет­тің) ата­уы;
4) мем­ле­кет­тік ор­ган­ның рұқ­сат­тың қол­да­ны­луын тоқ­та­та тұ­ру (тоқ­та­та тұ­ру мер­зі­мі), қол­да­ны­луын жа­ңар­ту кү­ні ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­да­ған кү­ні;
5) рұқ­сат­ты тоқ­та­та тұ­ру­ға (жа­ңар­ту­ға) негіз­де­ме;
6) мем­ле­кет­тік ор­ган­ның рұқ­сат­тың қол­да­ны­сын тоқ­та­та тұ­ру ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­да­ған кү­ні (рұқ­сат­тың қол­да­ны­луын тоқ­та­ту­ға негіз­де­ме).
7.
Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның заң­ды тұл­ға­ны қру­ға қа­ты­суы ту­ра­лы ақ­па­рат
1) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның заң­ды тұл­ға­ны құ­ру (ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ме­ке­ме­ге қа­ты­суы ту­ра­лы) ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған күн, ше­шім қа­был­да­ған ак­ци­о­нер­лік қо­ғам ор­га­ны­ның ата­уы;
2) құ­ры­ла­тын заң­ды тұл­ға­ның то­лық және қы­сқар­ты­л­ған ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі;
3) құ­ры­ла­тын заң­ды тұл­ға жү­зе­ге асы­ра­тын қыз­мет түр­ле­рі.
8.
Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның мүл­кіне тый­ым са­лу ту­ра­лы ақ­па­рат
1) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның мүл­кіне тый­ым са­лу ту­ра­лы ше­шім­нің кү­ні, нө­мі­рі, қо­ғам­ның мүл­кіне тый­ым са­лу ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы, тый­ым са­лу­дың негіз­де­ме­сі;
2) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның тый­ым са­лын­ған мүл­кі­нің ата­уы және оның қо­ғам ак­тив­те­рі­нің жал­пы құ­ны­на пай­ы­здық ара­қа­ты­на­сы;
Банк­тер­де­гі, банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­да­ғы бо­рыш­кер­дің ақ­ша­сы­на тый­ым са­лын­ған жағ­дай­да - тый­ым са­лын­ған ақ­ша со­ма­сын көр­се­ту. Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ға тый­ым са­лын­ған жағ­дай­да - тый­ым са­лын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың жал­пы са­ны, олар­дың түр­ле­рі, сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, осы ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың эми­тен­ті ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
3) тый­ым са­лу­ды ал­ған жағ­дай­да - ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның мүл­кіне тый­ым са­лу­ды алу ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған мем­ле­кет­тік ор­ган ше­ші­мі­нің кү­ні, нө­мі­рі.
9.
Ба­лан­стық құ­ны қо­ғам ак­тив­те­рі­нің жал­пы мөл­ше­рі­нің он және одан астам пай­ы­зын құ­рай­тын нәти­же­сін­де ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның мүл­кі жой­ы­л­ған тө­тен­ше си­патта­ғы жағ­дай­лар­дың ба­ста­луы ту­ра­лы ақ­па­рат
1) тө­тен­ше си­патта­ғы жағ­дай­лар ба­ста­луы­на бай­ла­ны­сты жой­ы­л­ған ак­ци­о­нер­лік қо­ғам мү­лі­гі­нің ата­уы;
2) тө­тен­ше си­патта­ғы жағ­дай­лар ба­ста­лу нәти­же­сін­де ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның жой­ы­л­ған мүл­кі­нің ба­лан­стық құ­ны;
3) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам мүл­кі­нің жой­ы­луы­на әкеп соқ­қан тө­тен­ше си­патта­ғы жағ­дай­лар­дың ба­стал­ған кү­ні.
10.
Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ды және оның ла­у­а­зым­ды тұ­лға­ла­рын әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы ақ­па­рат
1) әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы ше­шім шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы;
2) мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы ше­шім шы­ғар­ған кү­ні, нө­мі­рі;
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы ко­дек­сі­нің ба­бын көр­се­те оты­рып, әкім­ші­лік жа­за қол­да­ну­дың (әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық құ­ра­мы­ның) маз­мұ­ны.
11.
Сот­та кор­по­ра­тив­тік дау бой­ын­ша іс қоз­ға­луы ту­ра­лы ақ­па­рат
1) кор­по­ра­тив­тік дау бой­ын­ша та­лап­кер­дің, жа­у­ап­кер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, бар бол­са әке­сі­нің аты; заң­ды тұл­ға­ның ор­на­лас­қан же­рі);
2) та­лап арыз бер­ген күн, ша­ғым та­лап­тар­дың қы­сқа­ша маз­мұ­ны;
3) кор­по­ра­тив­тік дау бой­ын­ша та­лап арыз қа­ра­ла­тын сот­тың ата­уы;
4) сот ше­ші­мі қа­был­дан­ған күн, сот ше­ші­мі­нің қа­рар­лық бө­лі­гін­де көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер;
5) апел­ля­ци­я­лық, кас­са­ци­я­лық ша­ғым­дар бе­ру, өті­ніш­тер бе­ру, сот ше­ші­міне на­ра­зы­лық біл­ді­ру және олар­ды қа­рау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат.
12.
Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ды мәж­бүр­леп қай­та құ­ру ту­ра­лы ше­шім жө­нін­де­гі ақ­па­рат
1) осын­дай ше­шім­ді қа­был­да­удың негіз­де­ме­сін көр­се­те оты­рып, ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ды мәж­бүр­леп қай­та құ­ру ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің кү­ні мен нө­мі­рі;
2) ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ды мәж­бүр­леп қай­та құ­ру ту­ра­лы қа­был­дан­ған ше­шім­ді ша­ғым­да­ну, орын­да­лу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
13.
Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның жар­ғы­сы­на, сон­дай-ақ ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры шы­ға­ры­лы­мы­ның про­спек­ті­сіне сәй­кес ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ак­ци­о­нер­ле­рі­нің және ин­ве­стор­лар­дың мүд­де­сіне қа­ты­сты өзге жағ­дай­ла­ры ту­ра­лы ақ­па­рат
ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның жар­ғы­сы­на, сон­дай-ақ ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры шы­ға­ры­лы­мы­ның про­спек­ті­сіне сәй­кес ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ак­ци­о­нер­ле­рі­нің және ин­ве­стор­лар­дың мүд­де­сіне қа­ты­сты өзге де мә­лі­мет­тер.

2 Қаржылық есептілік депозитарийінің және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылатын қор биржасының бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүддесін қозғайтын тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар

Қаржылық есептілік
депозитарийінің, қор биржасының
интернет-ресурсында
корпоративтік оқиғалар туралы
ақпаратты, қаржылық
есептілікті және аудиторлық есептерді
орналастыру қағидаларына
2-қосымша
Қаржылық есептілік депозитарийінің және тiзiмiне шығарылған бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылатын қор биржасының бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүддесін қозғайтын тізіміне бағалы қағаздары енгізілген эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар
р/с №
Ақ­па­рат тү­рі
Ақ­па­рат маз­мұ­ны
1
2
3
1.
Эми­тент ор­ган­да­ры­ның құ­ра­мын өзгер­ту ту­ра­лы ақ­па­рат
1) ше­шім қа­был­да­ған эми­тент ор­га­ны­ның ата­уын көр­се­те оты­рып эми­тент ор­га­ны­ның құ­ра­мын өзгер­ту ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­да­ған күн;
2) құ­ра­мы өзгер­ті­л­ген эми­тент ор­га­ны­ның ата­уы;
3) эми­тент ор­га­ны­ның құ­ра­мын­да­ғы өзге­рі­стер­дің мәні: ор­ган құ­ра­мы­нан шы­ға­ры­л­ған тұл­ға­ның те­гі, аты және бар бол­са әке­сі­нің аты, ор­ган құ­ра­мы­на сай­лан­ған (та­ғай­ын­дал­ған) тұл­ға­ның те­гі, аты және бар бол­са әке­сі­нің аты.
2.
Эми­тент­тің да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның (үле­сте­рі­нің) он және одан да көп пай­ы­зын ие­ле­не­тін ак­ци­о­нер­ле­рі (қа­ты­су­шы­лар) құ­ра­мын өзгер­ту ту­ра­лы ақ­па­рат
1) эми­тент­тің да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның (үле­сте­рі­нің) он және одан да көп пай­ы­зын ие­ле­не­тін ак­ци­о­нер­лер (қа­ты­су­шы­лар) құ­ра­мын өзгерт­кен күн (ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ұста­у­шы­лар ті­зі­лім жүй­е­сін­де неме­се но­ми­нал­ды ұста­у­шы­лар­ды есеп­ке алу жүй­е­сін­де өзге­рі­стер­ді тір­кеу кү­ні);
2) эми­тент ак­ци­о­нер­ле­рі­нің (қа­ты­су­шы­ла­ры­ның) құ­ра­мын өзгер­ту­дің негіз­де­ме­сі (мәмі­ле, сый­ға бе­ру, сот ше­ші­мі және т.б.);
3) эми­тент ак­ци­о­нер­ле­рі­нің (қа­ты­су­шы­ла­ры­ның) құ­ра­мын өзгер­ту­дің мәні.
3.
Эми­тент­тің оның ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­ның және тәу­ел­ді ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры­ның қай­та ұй­ым­да­сты­ры­луы неме­се та­ра­ты­луы ту­ра­лы ақ­па­рат
1) мәж­бүр­леп қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған неме­се та­ра­ты­л­ған жағ­дай­да - эми­тент­тің, оның ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­ның және тәу­ел­ді ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры­ның қай­та ұй­ым­да­сты­ры­луы, та­ра­ты­луы ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы (қай­та ұй­ым­да­сты­ры­ла­тын неме­се та­ра­ты­ла­тын заң­ды тұл­ға­ның ор­на­лас­қан же­рін, ата­уын көр­се­ту­мен), осын­дай ше­шім қа­был­дан­ған күн және ше­шім қа­был­да­удың негіз­де­ме­сі, қай­та ұй­ым­да­сты­ру­дың өзге та­лап­та­ры;
2) эми­тент­ті, оның ен­ші­лес ұй­ым­да­рын және тәу­ел­ді ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­рын мәж­бүр­леп қай­та ұй­ым­да­сты­ру, та­ра­ту ту­ра­лы қа­был­дан­ған ше­шім­ді ша­ғым­да­ну, орын­дау жө­нін­де­гі ақ­па­рат;
3) эми­тент ерік­ті түр­де қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған, та­ра­ты­л­ған жағ­дай­да - эми­тент ор­га­ны­ның ше­шім қа­был­да­ған ор­ган­ның ата­уын көр­се­ту­мен, эми­тент­ті ерік­ті түр­де қай­та ұй­ым­да­сты­ру, та­ра­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дан­ған күн, оның ен­ші­лес ұй­ым­да­рын және тәу­ел­ді ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­рын ерік­ті түр­де қай­та ұй­ым­да­стыр­ған, та­ра­тқан жағ­дай­да - ұй­ым (ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның) ор­га­ны­ның ше­шім қа­был­да­ған ор­ган­ның ата­уын, сон­дай-ақ қай­та ұй­ым­да­сты­ры­ла­тын неме­се та­ра­ты­ла­тын заң­ды тұл­ға­ның ор­на­лас­қан же­рін көр­се­ту­мен ерік­ті түр­де қай­та ұй­ым­да­сты­ру неме­се та­ра­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дан­ған күн;
4) та­ра­ту про­це­сі ба­стал­ған және аяқ­тал­ған күн.
4.
Эми­тент­тің мүл­кіне тый­ым са­лу ту­ра­лы ақ­па­рат
1) Тый­ым са­лу ту­ра­лы ше­шім қа­был­дан­ған күн, нө­мі­рі, эми­тент­тің мүл­кіне тый­ым са­лу ту­ра­лы ше­шім қа­был­дан­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы, тый­ым са­лу­дың негіз­де­ме­сі;
2) тый­ым са­лын­ған мү­лік­тің ата­уы және оның қо­ғам ак­тив­те­рі­нің жал­пы құ­ны­на пай­ы­здық ара­қа­ты­на­сы;
Банк­тер­де­гі, банк­тік опе­ра­ци­я­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­да­ғы бо­рыш­кер­дің ақ­ша­сы­на тый­ым сал­ған жағ­дай­да - тый­ым са­лын­ған ақ­ша со­ма­сын көр­се­ту.
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ға тый­ым са­лын­ған жағ­дай­да - тый­ым са­лын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың жал­пы са­ны, олар­дың түр­ле­рі, сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, осы ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың эми­тен­ті ту­ра­лы де­ректер;
3) тый­ым са­лу­дан боса­тқан жағ­дай­да - эми­тент­тің мүл­кін тый­ым са­лу­дан боса­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған мем­ле­кет­тік ор­га­ны ше­шім қа­был­да­ған кү­ні, нө­мі­рі.
5.
Осы эми­тент ак­тив­те­рі­нің бес және одан да ар­тық пай­ы­зда­рын құ­рай­тын со­ма­да­ғы эми­тент мүл­кін ке­пі­л­ге бе­ру (қай­та ке­пі­л­ге бе­ру) жө­нін­де­гі ақ­па­рат
1) эми­тент ор­га­ны­ның эми­тент­тің мүл­кін ке­пі­л­ге бе­ру (қай­та ке­пі­л­ге бе­ру) ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған күн;
2) эми­тент­тің мүл­кін ке­пі­л­ге бер­ген (қай­та ке­пі­л­ге бер­ген) күн (шарт жа­сал­ған) және мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру (қай­та ке­пі­л­ге бе­ру) жү­зе­ге асы­ры­ла­тын мер­зім;
3) эми­тент­тің ке­пі­л­ге бе­рі­ле­тін (қай­та ке­пі­л­ге бе­рі­л­ген) мүл­кі­нің құ­ны;
4) эми­тент­тің ке­пі­л­ге бе­рі­ле­тін (қай­та ке­пі­л­ге бе­рі­ле­тін) мүл­кін соң­ғы рет ба­ға­ла­ған күн;
5) осы эми­тент ак­тив­те­рі­нің жал­пы құ­ны­на ке­пі­л­ге бе­рі­ле­тін (қай­та ке­пі­л­ге бе­рі­ле­тін) мү­лік құ­ны­ның пай­ы­здық ара­қа­ты­на­сы.
6.
Эми­тент­тің ли­цен­зи­я­ны алуы, оның қол­да­ны­сын тоқ­та­та тұ­ру неме­се ай­ы­ру ту­ра­лы ақ­па­рат
1) ли­цен­зи­я­ны бер­ген, ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­сын тоқ­та­та тұ­ру, тоқ­та­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы;
2) ли­цен­зи­я­ның кү­ні, нө­мі­рі, ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі;
3) ли­цен­зия бе­рі­ле­тін қыз­мет тү­рі­нің ата­уы;
4) ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­сын тоқ­та­та тұ­ру; (тоқ­та­та тұ­ру мер­зі­мі) ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы, ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­сын жа­ңар­ту кү­ні;
5) ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­сын тоқ­та­та тұ­ру­ға (жа­ңар­ту­ға) негіз;
6) мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­сын тоқ­та­ту (ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­сын тоқ­та­ту­ға негіз) ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған кү­ні.
7.
Эми­тент ак­ци­о­нер­ле­рі­нің (қа­ты­су­шы­ла­ры­ның) жал­пы жи­на­лы­сы­ның ше­шім­де­рі ту­ра­лы ақ­па­рат
1) эми­тент­тің то­лық ата­уы және ор­на­лас­қан же­рі;
2) эми­тент ак­ци­о­нер­ле­рі­нің (қа­ты­су­шы­ла­ры­ның) жал­пы жи­на­лы­сын өт­кі­зу кү­ні, уа­қы­ты және ор­ны;
3) эми­тент ак­ци­о­нер­ле­рі­нің (қа­ты­су­шы­ла­ры­ның) жал­пы жи­на­лы­сы­ның күн тәр­ті­біне ен­гі­зі­л­ген мә­се­ле­лер;
4) эми­тент ак­ци­о­нер­ле­рі­нің (қа­ты­су­шы­ла­ры­ның) жал­пы жи­на­лы­сы да­уыс бе­ру­дің қо­ры­тын­ды­ла­рын (нәти­же­ле­рін) көр­се­ту­мен қа­был­дан­ған ше­шім­де­рі;
5) эми­тент ак­ци­о­нер­ле­рі­нің (қа­ты­су­шы­ла­ры­ның) жал­пы жи­на­лы­сы қа­был­да­ған ше­шім­нің орын­да­луы ту­ра­лы ақ­па­рат;
6) эми­тент ше­ші­мі бой­ын­ша өзге мә­лі­мет­тер.
8.
Эми­тент әр­бір осын­дай ұй­ым ак­ци­я­ла­ры­ның он және одан астам пай­ы­зы­на ие (үле­сі, пай­ла­ры) бо­ла­тын ұй­ым­дар­дың ті­зі­міне өзгер­ту ту­ра­лы ақ­па­рат
1) ұй­ым­ның то­лық ата­уы, олар­дың ор­на­лас­қан же­рі, олар жү­зе­ге асы­ра­тын қыз­мет түр­ле­рі;
2) ұй­ым­ның ор­на­ла­сты­ры­л­ған ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на (үле­сі, пай­ла­ры) ұй­ым­ның эми­тент ие ак­ци­я­ла­ры­ның (үле­сі, пай­ла­ры) (үле­сі, пай­ла­ры) са­ны­на пай­ы­здық ара­қа­ты­на­сы.
9.
Эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мы про­спек­ті­сін­де­гі өзгер­ту­лер ту­ра­лы ақ­па­рат
1) эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мы про­спек­ті­сіне өзге­рі­стер ен­гі­зу үшін негіз бо­лып та­бы­ла­тын эми­тент ор­га­ны­ның ше­шім қа­был­да­ған кү­ні, ше­шім қа­был­да­ған ор­ган­ның ата­уы;
2) эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мы про­спек­ті­сіне ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер­дің маз­мұ­ны (мәні).
10.
Эми­тент­тің мем­ле­кет­тік емес об­ли­га­ци­я­лар шы­ға­ры­лу про­спек­ті­сі­мен көз­дел­ген та­лап­тар­ды орын­да­мауы, осы эми­тент жі­бер­ген де­фолт фак­ті­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат
1) эми­тент­тің мем­ле­кет­тік емес об­ли­га­ци­я­лар шы­ға­ры­лу про­спек­ті­сі­мен көз­дел­ген та­лап­тар­ды орын­да­мауы ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­ле­ді;
2) орын­дал­ма­ған мін­дет­те­ме­лер­дің кө­ле­мі, мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­маудың се­бе­бі, сон­дай-ақ эми­тент об­ли­га­ци­я­лар бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­ма­ған не ти­ісін­ше орын­да­ма­ған­да эми­тент­тің мін­дет­те­ме­ле­рі бой­ын­ша эми­тент­ке, бір­лес­кен неме­се қо­сым­ша жа­у­ап­кер­ші­лік­ті кө­те­ре­тін тұ­лға­лар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­мен өті­ніш бе­ру тәр­ті­бін қо­са өз та­лап­та­рын қа­на­ғат­тан­ды­ру бой­ын­ша об­ли­га­ци­я­лар ұста­у­шы­лар­дың іс-әре­кет­те­рін атап шы­ғу;
3) эми­тент об­ли­га­ци­я­лар бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ле­рі орын­да­ма­ған неме­се ти­ісін­ше орын­да­ма­ған жағ­дай­да эми­тент­тің қол­дан­ған ша­ра­ла­ры;
4) об­ли­га­ци­я­лар бой­ын­ша сый­а­қы тө­леу бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­ма­ған неме­се ти­ісін­ше орын­да­ма­ған жағ­дай­да об­ли­га­ция ұста­у­шы­лар­дың құқық­та­рын қор­ғау рә­сім­де­рі, оның ішін­де мін­дет­те­ме­лер­ді қай­та құ­ры­лым­дау тәр­ті­бі және та­лап­та­ры.

3 Қаржылық есептілік

депозитарийінің, қор биржасының
интернет-ресурсында
корпоративтік оқиғалар туралы
ақпаратты, қаржылық есептілікті
және аудиторлық есептерді
орналастыру қағидаларына
3-қосымша
Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі:

1 1) Азия даму банкi;

2 2) Америкааралық даму банкi;

3 3) Африка даму банкi;

4 4) Еуразиялық даму банкi;

5 5) Еуропа инвестициялық банкi;

6 6) Еуропа қайта құру және даму банкi;

7 7) Еуропалық Кеңестiң даму банкi;

8 8) Ислам даму банкi;

9 9) Скандинавия инвестициялық банкi;

10 10) Халықаралық есеп айырысу банкi;

11 11) Халықаралық қайта құру және даму банкi;

12 12) Халықаралық қаржы корпорациясы.

Қолданыстағы