Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы нагрудного знака егеря и специальной одежды со знаками различия

Бұйрық · № 25-03-02/121 · қабылданған 26.03.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64794/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы нагрудного знака егеря и специальной одежды со знаками различия Қолданыста Бұйрық ·№ 25-03-02/121 ·26.03.2012
24.12.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы нагрудного знака егеря и специальной одежды со знаками различия

Қолданыста Бұйрық ·№ 25-03-02/121 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы нагрудного знака егеря и специальной одежды со знаками различия
Атауы (қаз.)
Қорықшылардың омырауға тағатын белгісінің нысаны мен айырым белгілері бар нысанды киімін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
25-03-02/121
Қабылданған күні
26.03.2012
Көрсетілген редакция
24.12.2015 AI64794_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007582
ЭКБ идентификаторы
64794
Редакция идентификаторы
AI64794_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:45

0 Қорықшылардың омырауға тағатын белгісінің нысаны мен айырым белгілері бар нысанды киімін бекіту туралы

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 34) тармақшасына БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қорықшылардың омырауға тағатын белгісінің нысаны;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қорықшылардың айырым белгілері бар нысанды киімі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті осы бұйрықтың заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Қорықшылардың омырауға тағатын белгісі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 25-03-02/121
бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қорықшылардың омырауға тағатын белгісі
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі үшін
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі үшін
Ескертпе:
Қорықшылардың омырауға тағатын белгісі мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен мөлшері 72x56 миллиметр қалқан түрінде дайындалады. Омырауға тағатын белгінің сұлбасы кейіннен алтын түсті гальванмен көмкеріле отырып ені 3 мм қатпарлау тәсілімен жасалады. Орталық жоғары бөлігінде "ҚОРЫҚШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ" деген алтын түстес жазу орналастырылған (әріптің биіктігі - 5 миллиметр, ені - 1 миллиметр).
Қалқанның төменгі бөлігінің ортасында омырауға тағатын белгінің жеке нөмірі үшін мөлшері 35x9 миллиметр алтын түстес тікбұрышты алаңқай орналасқан. "№" белгісі мен нөмір цифрлары қысып өрнектеу тәсілімен жасалып, қара эмальмен көмкерілген. Омырауға тағатын белгінің ортасында Қазақстанның алтын түстес күн шапақ шашқан картасының жасыл сұлбасы бейнеленген, картаның бер жағында алтын түстес марал (аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін), бекіре (балық шаруашылығы субъектілері үшін) бейнеленген. Белгі көгілдір эмальмен көмкерілген (Қазақстан Республикасы жалауының түсі).
Омырауға тағатын белгінің астыңғы беті бұрандамен бекітілетін етіп жасалған.
Омырауға тағатын белгі қорықшылардың айырым белгілері бар нысанды киіміне, сол жақта, кеуде тұсына тағылады.

2 Айырым белгілері бар арнайы киім нысаны

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 25-03-02/121
бұйрығына
2-қосымша
Айырым белгілері бар арнайы киім нысаны
Қорықшылардың айырым белгілері бар жазғы және қысқы теңбіл түсті (қорғаныштық түс) арнайы киімі мыналардан тұрады:

1 1) жазғы: жеңіл күрте, шалбар, кепкі, қара түсті бәтеңке мен туфли;

2 Қорықшылардың айырым белгілері

2) қысқы: жылы күртелер мен шалбарлар, құлақшын, түсі қара аяқкиім (етік, пима, унта).
Күртелердің жағасы қайырмалы, белгіленген үлгідегі петлицалар мен айырым белгілері тігілген, сол жеңнің сырт жағында "иықтан төмен" белгіленген үлгідегі шеврон тігіледі (бекітіледі).
Қорықшылардың айырым белгілері
Аға қо­рық­шы
Шет­ті­гі ал­тын тү­сті жіп­пен әдеп­тел­ген кө­ле­мі 95x38x95x38 мил­ли­метр қою жа­сыл тү­сті бар­қыт­тан жа­сал­ған па­рал­ле­ле­пи­пед тә­р­із­ді ны­сан­да­ғы пет­ли­ца­лар. Пет­ли­ца­ның жо­ға­ры бө­лі­гін­де қо­рық­шы­лар эм­бле­ма­сы. Пет­ли­ца­ның ор­та тұ­сын­да кө­ле­мі 22x6 мил­ли­метр екі дө­ңес тікбұ­рыш.
Қо­рық­шы
Пет­ли­ца мен эм­бле­ма сон­дай. Пет­ли­ца­ның ор­та тұ­сын­да кө­ле­мі 22x6 мил­ли­метр бір дө­ңес тікбұ­рыш.
Аға қорықшылар мен қорықшылардың айырым белгілері
Аға қорықшылар мен қорықшылардың айырым белгілері кейіннен алтын түсті гальванмен көмкеріле отырып, мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен дайындалады. Айырым белгілері (көлемі 22x6 миллиметр) дөңес тікбұрыш нысанында орындалған. Эмблема астыңғы бетінен ортасынан сыммен бекітіледі.
Жағаға арналған петлицалар
Ескертпе:
Шеттігі алтын түсті жіппен әдептелген көлемі 95x38x95x38 миллиметр қою жасыл түсті барқыттан жасалған параллелепипед тәрізді нысандағы петлицалар. Петлицаның жоғары бөлігінде қорықшылық қызметінің эмблемасы, петлицаның орта тұсында қорықшылардың айырым белгілері, петлицалар қорықшылардың нысанды киімі жағасының төменгі жиегіне тігіледі.
Петлицаларға арналған эмблемалар
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі үшін
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі үшін
Ескертпе:
Эмблема кейіннен алтын түсті гальванмен көмкеріле отырып, мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен дайындалады (көлемі 22x19 миллиметр). Эмблема жартылай дөңгелек емен жапырағы нысанында төменгі жағынан лента тартылып орындалған. Эмблеманың ортасына жасыл фонда марал (аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін), бекіре (балық шаруашылығы субъектілері үшін) бейнеленген қалқан (көлемі 14x16 миллиметр) орналастырылған. Эмблеманың төменгі бөлігінде, қалқан мен жапырақтан жоғары айқастырылған екі мылтық (көлемі 17x3,5 миллиметр) орналастырылған (тек аңшылық шаруашылығының қорықшылары үшін). Эмблема астыңғы бетінен ортасынан сыммен бекітіледі.
Жеңге тағылатын шеврон
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі үшін
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі үшін
Ескертпе:
Қорықшылардың арнаулы киімдерінің жеңіне тағылатын шеврон тығыз тоқыма материалдан дайындалады. Нысаны дөңгелек "аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін) және сопақ (балық шаруашылығы субъектілері үшін) шевронның сыртқы диаметрі 85 миллиметр. Ішкі диаметрі 65 миллиметр құрайды. Сыртқы және ішкі диаметрлерінің арасында сары түспен мемлекеттік тілде аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығының атаулары жазылған. Шевронның ортасында, сары фонда, қалқан түрінде жасалған қорықшының эмблемасы орналастырылған. Эмблеманың жоғары орталық бөлігінде "ҚОРЫҚШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ" деген жазу орналастырылған. Эмблеманың ортасында Қазақстанның алтын күн шапақ шашқан жасыл картасы бейнеленген, картаның фонында алтын түстес марал (аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін), бекіре (балық шаруашылығы субъектілері үшін) бейнеленген. Шеврон қорықшылардың нысандық киімінің сол жеңіне, иық тігісінен 120 миллиметр төмен тігіледі.
Бас киімге тағылатын кокарда
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі үшін
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі үшін
Ескертпе:
Кейіннен алтын түсті гальванмен көмкеріле отырып, мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен дайындалады.
Кокарда (55x43 миллиметр) көлбеу сопақша түрінде орындалған, оның орта тұсында сопақша нысандағы (29x34 миллиметр) тік розетка орналасады. Сопақша розетканың (17x21 миллиметр) орта тұсында сопақшаны екі тең бөлікке бөлетін, алтын түстес сегіз қырлы созалаң жұлдыз орналасқан. Сол жағы жасыл эмальмен, ал оң жағы көгілдір эмальмен көмкерілген. Сопақша розетка жиегінің үстіңгі беті сәуле шашқан алтын түспен бедерленген. Розетка, екі жағынан да, кокарданың төменгі бөлігіне лента тартылып, әрбір жағына бес данадан алтын жалатқан лавр жапырақтарымен жиектелген. Төменгі бөлікте, жапырақ пен розетканың жоғары жағында айқастырылған алтын түстес 43x6 миллиметр екі мылтық орналастырылған (тек аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін).
Кокарда астыңғы бетінен ортасынан сыммен бекітіледі.

Қолданыстағы