Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О введении должности государственных ветеринарных инспекторов

Өзге акт · № 344 а · қабылданған 01.03.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6483/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О введении должности государственных ветеринарных инспекторов Күшін жойған 01.03.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О введении должности государственных ветеринарных инспекторов

Күшін жойған Өзге акт № 344 а 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении должности государственных ветеринарных инспекторов
Атауы (қаз.)
Селолық округтік мемлекеттік малдәрігерлік инспекторлар лауазымын селолық, поселкелік әкімят штатын кіргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
344 а
Қабылданған күні
01.03.2000
Көрсетілген редакция
01.03.2000 6483_259150.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V000001198_
ЭКБ идентификаторы
6483
Редакция идентификаторы
6483_259150
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:37
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Селолық округтік мемлекеттік малдәрігерлік инспекторлар

лауазымын селолық, поселкелік әкімят штатын кіргізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - шешімнің қолданылу
мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты Маңғыстау облыстық әділет департаментінің
10.01.2005 № 2/46 хатымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылшаруашылығы өндірістік дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2000 жылғы 5 ақпандағы №175 қаулысын орындау, сондай-ақ облыс көлемінде эпизотикалық жағдайға тиісті бақылау жасауды жақсарту және жоспарлы малдәрігерлік алдын алу шараларын орындау мақсатында, шешім етемін:

1. 32 мемлекеттік малдәрігерлік инспекторын ұстауєа арнап облыс әкімінің резервтік қорынан шығыстар сметасына сәйкес 5433800 теңге бөлінсін (№ 1 қосымша).

2. Малдәрігерлік инспекторлар облыстың елді мекендеріне бекітілсін (№ 2 қосымша).

3. Бағдарламалардың әкімшісі болып облыстық ауылшаруашылығы басқармасы белгіленсін.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы (Д. Сейбағытов) мемлекеттік малдәрігерлік инспекторын ұстауға арнап "Облыстық малдәрігерлік лабораториясы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен келісім-шарт жасасын.

4. Облыстық қаржы басқармасы (Шаметова С.Б.) бағдарламаның әкімшісі облыстық ауылшаруашылығы басқармасы арқылы мемлекеттік малдәрігерлік инспекторларды белгіленген сметаға сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5. Қалалар мен аудандардың әкімдері Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі облыстық аймақтық басқармасымен (С. Берішбаев) бірлесе отырып, жоғарыда көрсетілген мамандарды басқа жұмысқа араластыруға жол берместен өз орнында пайдалануєа қатаң бақылау орнатсын.

6. Осы шешімнің орындалсын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Керелбаевқа жүктелсін.

7 № 1 қосымша

Облыс әкімінің
2000 жылғы 01.03.
№ 344а шешімімен
бекітілген
Маңғыстау облысының селолық округтерінің мемлекеттік
малдәрігерлік инспекторларын ұстауға 2000 жылға арналған
шығыстар сметасы
-------------------------------------------------------------------
Сыныпша    ! Ерекшелік  !       Ерекшелік атауы        ! 2000 ж.
!            !                              ! сомасы
-------------------------------------------------------------------
110                          Жалақы                  3424397
111        Негізгі жалақы                3113088
114        ЖЗК-на міндетті жарна         311309
120                    Жұмыс берушілердің аударымы
121        Әлеуметтіксалық              809403
130                    Өзге де тауарларды және 
                           көрсетілетін қызметтерді сатып
                           алу                           1200000
133        Ағымдағы шаруашылық мақсатқа
                           арнап заттармен материалдар
                           сатып алу                     1200000
Жиыны:                   5433800

8 № 2 қосымша

Облыс әкімінің
2000 жылғы 01.03.
№ 344а шешімімен
бекітілген
Малдәрігерлік инспекторлар бекітілетін елді мекендерді
Тізімі
----------------------------------------------------------------
№№ !                Елді мекендердіѕ атауы          !
------------------------------------------------------------------
1  !                           2                    !        3
------------------------------------------------------------------
Бейнеу ауданы
1.    Боранқұл селолық округі                              1
2.    Жанкелдин селолық округі                             1
3.    Ақжігіт селолық округі                               1
4.    Сыңғырлау селолық округі                             1
5.    Тұрыш селолық округі                                 1
6.    Түлеп селолық округі                                 1
7.    Сам селолық округі                                   1
8.    Есет селолық округі                                  1
Жиыны:                                               8
Қарақия ауданы
1.    Сенек селолық округі                                 1
2.    Бостан селолық округі                                1
3.    Құланды селолық округі                               1
4.    Мұнайшы поселкелік округі                            1
5.    Жетібай поселкелік округі                            1
6.    Құрық поселкелік округі                              1
Жиыны:                                               6
Маңғыстау ауданы
1.    Ақшымырау селолық округі                             1
2.    Қызан селосы                                         1
3.    Тұщықұдық селосы                                     1
4.    Жыңғылды селосы                                      1
5.    Шайыр селосы                                         1
6.    Жармыш селосы                                        1
7.    Онды селосы                                          1
8.    Үштағана селосы                                      1
9.    Өтес селосы                                          1
Жиыны:                                               9
Түпқараған ауданы
1.    Таушық селосы                                        1
2.    Қызылөзен селосы                                     1
3.    Ақшұқыр селосы                                       1
4.    Баутин поселкесі                                     1
Жиыны:                                               4
Ақтау қаласы
1.    Баянды поселкесі                                     1
2.    Маңғыстау поселкесі                                  1
3.    Өмірзақ поселкесі                                    1
Жиыны:                                               3
Жаңаөзен қаласы
1.    Теңге поселкесі                                      1
2.    Қызылсай поселкесі                                   1
Жиыны:                                               2
Барлығы                                              32

9 № 3 қосымша

Облыс әкімінің
2000 жылғы 01.03.
№ 344а шешімімен
бекітілген
Мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы туралы
Ереже

1. Мемлекеттік малдәрігерлік мәртебесі

1. Малдјрігерлік инспектор жоғарғы не орта білімді, мемлекеттік малдәрігерлік қызметі органдарында аттестациялаудан өткен және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік малдәрігерлік қызметтің өкілі болып табылады.

2. Мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы аудандық малдәрігерлік бөлім бастығының және елді мекен үкімінің ұсынысы бойынша "Облыстық малдәрігерлік лабораториясы" РМК директорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

3. Арнайы мәселелер бойынша малдәрігерлік инспектор Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі аудандық, қалалық аймақтық басқармасының малдәрігерлік қызметінің алдында есеп береді.

4. Малдәрігерлік инспектор елді мекендерге, кооперативтерге шаруа қожалыќтарына және селолардың, селолық округтердің аумағындағы жеке меншіктегі малға қызмет көрсетеді және қадағалауға жататын объектілерде малдәрігерлік-санитарлық тәртіптерін сақтау жөнінде мемлекеттік малдәрігерлік қадағалауды жүзеге асырады.

2. Малдәрігерлік инспектордың міндеттері

1. Мемлекеттік малдәрігерлік инспектор:

Өзіне бекітілген пункттегі меншік нысанына қарамастан, селолардың, селолық округтер мен поселкелердің аумағындағы шаруашылық субъектілерінің, мал сою және сәт өнімдері пункттерінің, азық-түлік базарларының, малдан өндірілетін өнімдер мен шикізаттарды өңдеу жөніндегі ұқсату кәсіпорындарының малдәрігерлік қызмет көрсетілуін, малдәрігерлік- санитарлық жай-күйін қадағалауды жүзеге асыруға;
селолық округ аумағында ауру алдын ала сауықтыру және оны жою, мал өнімдерін малдәрігерлік-санитарлық жағынан жоғары сапада шығару жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін бақылауға;
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі аудандық аймақтық басқармасы бекіткен ауруларға қарсы алдын ала сауықтыру іс-шараларын өткізу жөніндегі ведомстволық және жеке кәсіпкерлік қызметтері малдәрігерлік мамандарының жұмысын үйлестіруге;
селолардағы, селолық округтердегі және поселкелердегі мал иелерінің меншік нысанына қарамастан жаңадан келіп қосылған малдың карантиндық іс-шаралар тәртібін сақтауын және малдың орын ауыстыруын есепке алу мен бақылау жасауды жүзеге асыруға;
малдан өндірілетін өнімдер мен шикізаттарды сақтау және сатып өткізуге арналған қоймалардағы, мал қораларының төңірегіндегі малдәрігерлік-санитарлық жай-күйіне қадағалауды жүзеге асыруға;
зерттеуге арналған материалдарды тиісті аудандық диагностикалық орталыққа жіберуге;
"Мал дәрігерлік туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларының, облыстық және аудандық әкімияттар шешімдерінің Қазақстан Ауылшаруашылығы министрлігінің облыстық және аудандық басқармалар шешімдерінің сақталуын қадағалауға;
селолар, селолық округтер мен поселкелер елді мекендеріндегі мал иелерінің мал дәрігерлік алдын ала сауықтыру іс-шараларын өткізу жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқаулар беруге және олардың қолданудағы малдәрігерлік тәртібін сақтауына бақылау жасауға;
Қазақстан Республикасының малдәрігерлік заңдарын бұзушылықты болдырмау жөнінде шаралар алуға;
мал ауруларын және жоспарлы өткізілетін эпизоотикалыққа қарсы іс-шаралардың есебін жүргізуге, белгіленген тәртіпте малдәрігерлік есептілікті аймақтық басқарманың аудандық малдәрігерлік бөліміне табыс етуге міндетті.

3. Малдәрігерлік инспектордыі құқығы

Мемлекеттік малдәрігерлік инспектордың мынадай құқығы бар:
малдәрігерлік заңдардың нормаларының орындалуын және қолданудағы малдәрігерлік тәртіптің сақталуын тексеру мақсатымен селолардың, селолық округтер мен поселкелердің аумағында орналасқан барлық нысандағы меншіктің малдәрігерлік қадағалау объектілеріне бөгеусіз болуына;
эпизоотикалыққа қарсы және басқа да малдәрігерлік іс-шараларды өткізу турасында заңды жјне жеке тұлғаларға талаптар қоюға, сондай-ақ осынау талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
ауырған малды және малдың жұқпалы ауруымен ауырады деген күдіктілерін оқшаулау туралы орындау үшін міндетті нұсқаулар беруге;
осы елді мекен аумағындағы лицензия иелерінің қызметі туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аймақтық басқармасының аудандық малдәрігерлік бөліміне ұсыныстар енгізуге;
мал өнімдерін өндірудегі, сақтаудағы, тасымалдаудағы және сатып өткізудегі малдәрігерлік-санитарлық тәртіп бұзушылықты түзеткенге дейін, заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық қызметін тоқтатуға;
малдәрігерлік тәртіпті бұзушылыққа жол берген, лауазымды қызмет адамдары мен азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға;
малдәрігерлік-санитарлық тәртіпті бұзғаны үшін лауазымды қызмет адамдары мен азаматтарға сол жерде хаттама жасауға, айыппұл салуға;
елді мекеннен тысқары тасымалданып шығарылатын малға Қазақстан Республикасының малдәрігерлік қадағалау комитеті бекіткен малдәрігерлік құжаттар, сондай-ақ малдан өндірілетін шикізаттарға, өнімдерге тәртіпке сәйкес малдәрігерлік құжаттар беруге;
селолардың, селолық округтар мен поселкелердің аумағындағы жеке меншік секторына малдәрігерлік - алдын ала сауықтыру іс-шараларын жүргізу, емдеу жөнінде малдәрігерлік көрсетілетін қызмет көрсетуге;
кәсіпорындардың, жеке мал ауруларының және елді мекендердің эпизоотикалық жай-күйін анықтау үшін қажетті, мәліметтер мен құжаттарды табыс етуді лауазымды қызмет адамдары мен жекелеген азаматтардан талап етуге;
елді мекеннің атауы жазылған бұрыштамалық мәртабан мен дөңгелек мөрі болады.