О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 496
- Қабылданған күні
- 19.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2015 AI64872_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000496
- ЭКБ идентификаторы
- 64872
- Редакция идентификаторы
- AI64872_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:24
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 сәуірдегі
№ 496 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Марлен Нұрахметұлы ортаны қорғау вице-министрі
Шаяхметов - Қазақстан Республикасының Білім
Саят Болатұлы және ғылым вице-министрі
Толыбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркінұлы шаруашылығы вице-министрі
Жақсылықов - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мекешұлы даму және сауда вице-министрі
Мамашева - Қазақстан Республикасы Қаржы
Дина Талғатқызы министрлігінің Кедендік бақылау
комитеті төрағасының орынбасары;
көрсетілген құрамнан Руслан Ескендірұлы Бөлтіріков, Серік Әзтайұлы Ырсалиев, Марат Әбілахатұлы Оразаев, Тимур Мұратұлы Сүлейменов, Игорь Викторович Тен шығарылсын.
2. «Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 13, 147-құжат):
Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мұхамбетов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Мирлан Бегежанұлы ортаны қорғау вице-министрі
Бекшин - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Жандарбек Мұхтарұлы сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің төрағасы
Тағымов - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;
Марат Мырзағалиұлы
көрсетілген құрамнан Мәжит Әбдіқалықұлы Тұрмағамбетов, Кеңес Сәрсенғалиұлы Оспанов, Қалижан Серікұлы Әбдірайымов шығарылсын.