Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Сарканском районе
Күшін жойған
Қаулы
№ 126
19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Сарканском районе
- Атауы (қаз.)
- Сарқан ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 27.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2016 64924_200372.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DQ000116
- ЭКБ идентификаторы
- 64924
- Редакция идентификаторы
- 64924_200372
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:44
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Сарқан ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 9-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына, 7-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес, аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік құқығына қарамастан, Сарқан ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бір процент мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Сарқан ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Тертюбаев Оралбек Шабденұлы
27 наурыз 2012 жыл