Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам

Қаулы · № 3-57 · қабылданған 20.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64930/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам Күшін жойған Қаулы ·№ 3-57 ·20.03.2012
04.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам

Күшін жойған Қаулы ·№ 3-57 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам
Атауы (қаз.)
Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-57
Қабылданған күні
20.03.2012
Көрсетілген редакция
04.11.2013 64930_188821.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12DS000130
ЭКБ идентификаторы
64930
Редакция идентификаторы
64930_188821
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:46

0 Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Ұйғыр ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:

уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
ұзақ (бір жылдан астам) мерзімді жұмыс істемегендер;
елу жас және одан үлкен тұлғалар;
бұрын жұмыс істемегендер;
отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Ұйғыр ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Турдыбакиев Турсунжан
20 наурыз 2012 жыл
"Ұйғыр ауданының жұмыспен
қамту орталығы" мемлекеттік
мекеменің директоры
Капаров Серик Капарович
20 наурыз 2012 жыл

Қолданыстағы