Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107/4
- Қабылданған күні
- 09.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2013 64977_192753.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PL000124
- ЭКБ идентификаторы
- 64977
- Редакция идентификаторы
- 64977_192753
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:35
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Успен ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жұмыс орындары квотасы аудандағы жұмыс орындар санының төрт пайыз көлемінде белгіленсін.
2 2. Кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектеріне жұмыс орындары квотасы аудандағы жұмыс орындар санының бір пайыз көлемінде белгіленсін.
3
3. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін осы қаулыны басшылыққа алсын.