Об утверждении требований к ветеринарным врачам подразделений производственного контроля
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении требований к ветеринарным врачам подразделений производственного контроля
- Атауы (қаз.)
- Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 513
- Қабылданған күні
- 24.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2015 AI64992_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000513
- ЭКБ идентификаторы
- 64992
- Редакция идентификаторы
- AI64992_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:23
0 Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 24 сәуірдегі
№ 513 қаулысымен
бекітілген
Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптарды анықтайды.
2 2. Осы талаптарда мынадай ұғым қолданылады:
өндірістік бақылау бөлімшелері – жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң әкiмшiлiктерi құрған жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi бөлiмшелер.