Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах республиканской собственности

Қаулы · № 518 · қабылданған 25.04.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64996/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О некоторых вопросах республиканской собственности Қолданыста Қаулы ·№ 518 ·25.04.2012
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах республиканской собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 518 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах республиканской собственности
Атауы (қаз.)
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
518
Қабылданған күні
25.04.2012
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI64996_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000518
ЭКБ идентификаторы
64996
Редакция идентификаторы
AI64996_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:22

0 Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) құрылсын.

2 2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып айқындалсын.

3 3. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) серіктестіктің жарғысын бекітуді;

2 2) серіктестікті әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3 3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

6 6. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні қабылдағаннан кейін «Қазмедиа орталығы» ғимаратын жер учаскесімен бірге сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.

7

7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тэртіппен мүлікті қабылдау-беру актісіне крл қойылғаннан кейін «Қазмедиа орталығы» ғимаратын серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша үлес ретінде енгізу жолымен берсін.

8 8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

9 9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 сәуірдегі
№ 518 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-147-жолмен толықтырылсын:
«21-147. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдардағы акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 278-15-жолмен толықтырылсын:
«278-15. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

4 4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер)» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-жолмен толықтырылсын:
«20. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

0 «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 сәуірдегі
№ 518 қаулысына
қосымша
«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі
Р/с №
Мү­лік­тің ата­уы
Са­ны
Тең­ге­рім ұста­у­шы
1
Canon iR2016J кө­ші­ру ап­па­ра­ты
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі­нің Ақ­па­рат және мұ­ра­ғат ко­ми­те­ті
2
Canon 6317 кө­ші­ру ап­па­ра­ты
1
3
Philips SBC MD 650 мик­ро­фо­ны
5
4
Samsung ML-2250 прин­те­рі
2
5
МФУ HP Color LaserJet C1015MFP прин­те­рі
1
6
НР Color LaserJet CM1015MFP (A4) Color Laser Printer/Skaner/Copier, 1200dpi,8ppm,96 прин­те­рі
1
7
HP LaserJet 1160, A4, 19 ppm, 1200x1200dpi, 16Mb, PCL5e, LPT+USB, tray 250 page прин­те­рі
2
8
Жұ­мыс стан­ци­я­сы (ком­пью­тер­лік про­цес­сор, мо­ни­тор )
1
9
Samsung SCX-4521F ска­не­рі
2
10
Panasonic фак­си­миль­ді ап­па­ра­ты
1
11
Бас­шы­ға ар­нал­ған үстел тум­ба­сы­мен Се­на­тор (қою ал­ма - ло­кар­на­сы)
2
12
Ком­пью­тер­лік үстел қо­сым­ша­сы­мен Се­на­тор (қою ал­ма - ло­кар­на­сы)
2
13
Орын­дық­тар
10
14
Xerox Phaser 3100 МFР прин­те­рі
5
Жиы­ны:
36

Қолданыстағы