Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 520 · қабылданған 26.04.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64998/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 520 ·26.04.2012
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 520 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
520
Қабылданған күні
26.04.2012
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI64998_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000520
ЭКБ идентификаторы
64998
Редакция идентификаторы
AI64998_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:21

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) ғимараттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыру, автокөлік және шаруашылық қызмет көрсету қызметін негізгі мәні етіп айқындай отырып, серіктестіктің жарғысын бекітсін;

2 2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Серіктестіктің мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқығын берсін;

4 4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 520 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-151-жолмен толықтырылсын:
«21-151. «Шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %».
«Павлодар облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 265-6-жол алынып тасталсын.

3 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 205-7 және 205-13-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-32-жолмен толықтырылсын:
«205-32. «Шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %».

4 4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын;
«2. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 62, 66, 66-1-жолдар алынып тасталсын;
«4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген бөлімде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 104-жолмен толықтырылсын:
«104. «Шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қолданыстағы