Құжат мәтініне өту

Об оказании ежегодной единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан ко дню Победы в Великой Отечественной войне

Өзге акт · № 41 · қабылданған 16.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65027/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об оказании ежегодной единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан ко дню Победы в Великой Отечественной войне Күшін жойған Өзге акт ·№ 41 ·16.04.2012
16.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании ежегодной единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан ко дню Победы в Великой Отечественной войне

Күшін жойған Өзге акт ·№ 41 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании ежегодной единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан ко дню Победы в Великой Отечественной войне
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне азаматтардың жекелеген санаттарына жыл сайынғы біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41
Қабылданған күні
16.04.2012
Көрсетілген редакция
16.04.2012 65027_282441.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KA000153
ЭКБ идентификаторы
65027
Редакция идентификаторы
65027_282441
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:27

0 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне азаматтардың жекелеген санаттарына жыл сайынғы біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес және Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнiн мерекелеуге байланысты, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Азаматтардың келесi санаттарына Жеңіс күніне жыл сайынғы бiржолғы материалдық көмек көрсетілсін:

1 1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерiне;

2

2) қорғанысына қатысу жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;

3

3) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына;

4 4) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

5 5) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға;

6 6) Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың (хабарсыз кеткен, қайтыс болған) қайтылап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына);

7 7) жалпы ауруға шалдығу, еңбек ету кезiнде зақымдану нәтижесiнде қайтыс болған соғыс мүгедектерi мен соғысқа қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулеріне);

8 8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерi және медальдарымен марапатталған тұлғаларға;

9

9) 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан кем емес жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жанқиярлық еңбегi мен мінсіз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға.

2 2. Осы шешімді жүзеге асыру бойынша Қарағанды қаласының әкімдігіне қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

3 3. Материалдық көмек көрсету шығындары "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтiк көмек" 007 бағдарламасында қаралған қаражат есебiнен қаржыландырсын.

4 4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтiк саланы дамыту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселесi бойынша тұрақты комиссияға жүктелсiн (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров).

5 5. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Келісілді:
"Қарағанды қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекеме бастығы
Ж. Ысқақов
17.04.2012 ж.

Қолданыстағы