Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной материальной помощи

Қаулы · № 1883 · қабылданған 13.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65031/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об оказании единовременной материальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 1883 ·13.04.2012
04.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной материальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 1883 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной материальной помощи
Атауы (қаз.)
Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1883
Қабылданған күні
13.04.2012
Көрсетілген редакция
04.05.2012 65031_197147.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LI000221
ЭКБ идентификаторы
65031
Редакция идентификаторы
65031_197147
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:29

0 Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 5, 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4 бабына сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 67000 (алпыс жеті мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 30 сәуіріне дейін берілсін.

2 2. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 25000 (жиырма бес мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 30 сәуіріне дейін берілсін.

3

3. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 28000 (жиырма сегіз мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 30 сәуіріне дейін берілсін.

4 4. "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (И.Байкенжеев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Қ.Оңғаровқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы