Об утверждении Перечня документов, необходимых для получения разрешения на производство строительно-монтажных работ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня документов, необходимых для получения разрешения на производство строительно-монтажных работ
- Атауы (қаз.)
- Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 108
- Қабылданған күні
- 27.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 09.08.2012 AI65059_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007593
- ЭКБ идентификаторы
- 65059
- Редакция идентификаторы
- AI65059_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:43
0 Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берiлген Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2 2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов) белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3
3. «Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 наурыздағы № 92 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6151 болып тіркелген және 2010 жылғы 18 мамырдағы № 69 (1865) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсiн.
5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 27 наурыздағы
№ 108 бұйрығымен
бекітілген
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесі
1 1. Осы тізбенің қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш.
2
2. Жер учаскесiне тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешiмiнің көшірмесі (меншік құқығымен тапсырыс берушінің иелігіндегі үй жанындағы, саяжай, бау-бақша учаскелерінде уақытша құрылыстарды, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды және абаттандыру элементтерін, сондай-ақ жерді пайдалану құқығымен тапсырыс беруші пайдаланатын жер учаскелерінде (аумақтарда) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын үйлер мен тұрмыстық үй-жайларды салуды қоспағанда).
3 3. Жобалау-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысының көшірмесі (бір сатылы жобалау кезінде жұмыс жобасы бойынша не екі сатылы жобалау кезінде жоба бойынша).
4 4. Бас мердiгердiң құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерiнiң тiзбесi бар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензиясының көшірмесі.
0 Құрылыс-монтаж жұмыстарын
жүргiзуге рұқсат алуға қажеттi
құжаттардың тiзбесiне
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторына
____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
Тапсырыс берушi (құрылыс салушы) _____________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін тегi, аты, әкесiнiң аты, мекенжайы және телефоны,
заңды тұлға үшін ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны)
ӨТІНІШ
____________________________________________________________________
(объектiнiң атауы, мекенжайы)
____________________________________________________________________
Объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында ___________ айға
(айларға) бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтық мерзіміне құрылыс-монтаж жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беруді сұраймын.
Құрылыс 20___ жылғы «__» __________ басталды.
Пайдалануға беру мерзiмi 20___ жылы «__» __________
Мынаны хабарлаймын:
жер учаскесiне тиісті құқық беру туралы 20___«__» __________ № _____ шешім (меншік
құқығымен тапсырыс берушінің иелігіндегі үй жанындағы, саяжай, бау-бақша учаскелерінде
уақытша құрылыстарды, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды және абаттандыру элементтерін,
сондай-ақ жерді пайдалану құқығымен тапсырыс беруші пайдаланатын жер учаскелерінде
(аумақтарда) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын үйлер
мен тұрмыстық үй-жайларды салуды қоспағанда);
объектіні салуға арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы
____________________________________________________________________
(жобалау ұйымның атауы, лицензия №, берілген күні, жобалаудың
сатылығы)
____________________________________________________________ әзірледі
және _______________________________________________________ бекітті,
(ұйымның атауы, бұйрықтың күні және №)
бұл орайда объект ___________________________________________________
(бірінші – жоғары, екінші – қалыпты немесе үшінші –
төмен)
жауапкершілік деңгейіне жатады.
Сонымен қатар, мынаны мәлімдеймін:
а) жұмыстар мердігерлік әдіспен _______________________________
_____________________________________________________________________
(құрылысты жүзеге асыратын ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны,
лицензияның №, алған күні)
20__ «__»____________ №____ мердігерлік шарты негізінде жүргізіледі;
б) сараптамалық сүйемелдеу режимінде (егер құрылысты кезең-кезеңмен жүргізу
қарастырылған болса) құрылыстың тиісті кезеңдеріне арналған 20___ «___»______________
№_____ шешім берілген;
в) тапсырыс берушінің атынан жауапты тұлға ретінде ____________
_____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
білімі бар __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалған;
г) бас мердігердің атынан құрылыс үшін жауапты тұлға ретінде __
_____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
білімі және құрылыста ________ жыл еңбек өтілі, «Сейсмикаға төзiмдi құрылыс»
(сейсмикалық аудандарда құрылыс жүргізілген жағдайда) курсы бойынша
_____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, кіммен берілген және ұзартылған)
____________________________________________ қолданыстағы куәлiгi бар
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
20___ «___»____________ № _____ бұйрықпен тағайындалған;
д) авторлық қадағалауды (қажетті тармақшаларды толтыру қажет) мыналар
жүзеге асырады:
1) 20___ «___»______________ № ___ бұйрыққа сәйкес ____________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
атынан жобаны әзірлеуші _____________________________________________
____________________________________________________________________,
(ұйымның атауы, лицензияның №, алған күні, мекенжайы, телефоны)
2) 20___ «___»___________ №_____ шартқа сәйкес өз құрамында аттестатталған(-дер)
сарапшы(-лар) бар ______________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
ұйым_______________________________________________________________,
(ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны)
3) 20___ «___»____________ №_____ шартқа сәйкес сарапшы________
____________________________________________________________________;
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты, аттестаттың № және алған күні,
мекенжайы және телефоны)
е) техникалық қадағалауды (қажетті тармақшаларды толтыру қажет) мыналар жүзеге
асырады:
1) өз штатында 20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалған(-дар)
аттестатталған сарапшысы(-лары) бар _____________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
тапсырыс беруші;
2) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес өз құрамында аттестатталған(-дер)
сарапшысы(-лары) бар ___________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
ұйым _______________________________________________________________,
(ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны)
3) 20___ «___»____________ №_____ шартқа сәйкес сарапшы________
____________________________________________________________________;
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты, аттестаттың № және алған күні,
мекенжайы және телефоны)
Осы өтініште келтірілген мәліметтерге байланысты барлық өзгерістер туралы
сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына уақытылы хабарлауға міндеттенемін.
Тапсырыс беруші Бас мердігер
(құрылыс салушы)
_________________________ ___________________________
(тегі, аты, әкесінің (тегі, аты, әкесінің
аты, лауазымы, қолы) аты, лауазымы, қолы)
М.О. М.О.