Құжат мәтініне өту

О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения

Өзге акт · № 40 · қабылданған 09.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65065/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения Күшін жойған Өзге акт ·№ 40 ·09.04.2012
20.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения

Күшін жойған Өзге акт ·№ 40 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения
Атауы (қаз.)
Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40
Қабылданған күні
09.04.2012
Көрсетілген редакция
20.02.2013 65065_170544.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KF000140
ЭКБ идентификаторы
65065
Редакция идентификаторы
65065_170544
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:35

0 Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. 2012 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:

1 1) жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – тегін жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);

2 2) жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншыдан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);

3 3) кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының оқушыларын – белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);

4

4) әлеуметтік көмек көрсетілетін мына азаматтар санатына жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда, кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының оқушыларына – тегін жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда):
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
көп балалы отбасылардың балалары;
кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балалар;
жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
толық емес отбасынан шыққан балалар.

2

2. "Күндізгі бөлім оқушыларының қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 наурыздағы XXХІІІ сессиясының N 419 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-6-121 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі 34 (1900) нөмірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
"Сәтбаев қаласының білім, дене
шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш. Жанасылова
2012 жылғы 9 сәуір

Қолданыстағы