Құжат мәтініне өту

Об утверждении отдельных категории нуждающихся граждан и перечня документов

Өзге акт · № 32 · қабылданған 10.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65066/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении отдельных категории нуждающихся граждан и перечня документов Күшін жойған Өзге акт ·№ 32 ·10.04.2012
10.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении отдельных категории нуждающихся граждан и перечня документов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 32 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении отдельных категории нуждающихся граждан и перечня документов
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32
Қабылданған күні
10.04.2012
Көрсетілген редакция
10.04.2012 AI65066_0.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KJ000147
ЭКБ идентификаторы
65066
Редакция идентификаторы
AI65066_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:34

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

3 3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығындарын қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451007 бағдарламасы бойынша аудан бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде жүргізіледі.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Ақтоғай аудандық мәслихатының

2012 жылғы 10 сәуірдегі
N 32 шешіміне
қосымша
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттардың тізбесі

1 1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына:

әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі;
жеке куәлігінің көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.

2 2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдарға:

әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі;
жеке куәлігінің көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысына теңестірілгендігінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.

3 3. I, II және III топтағы мүгедектерге (егер табыстары белгіленген күн көріс шегінен төмен болған жағдайда):

әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі;
жеке куәлігінің көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
мүгедектігін растайтын құжаттың көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.

4 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдарға:

әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі;
жеке куәлігінің көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
аурудың диагнозын растайтын медициналық мекемесінен құжат;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.

5 5. Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдарға:

әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі;
жеке куәлігінің көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды растайтын құзыретті мекеменің қорытындысы;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.

6 6. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына:

әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі;
жеке куәлігінің көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.

7 7. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген жас мамандарға (мұғалімдер мен дәрігерлерге):

әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі;
жеке куәлігінің көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
жоғарғы оқу орнын аяқтағаны жөнінде дипломның көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.

8 8. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (егер отбасының жиынтық табысы белгіленген кедейшілік шегінен аспаған жағдайда):

әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі;
жеке куәлігінің көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
отбасы мүшелерінің табыстары жөнінде анықтамалары;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.

9 9. 75 жастан асқан адамдарға (егер отбасының жиынтық табысы белгіленген кедейшілік шегінен аспаған жағдайда):

әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі;
жеке куәлігінің көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.

10 10. Мүгедек балаларға:

әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі;
туу туралы куәлігінің көшірмесі;
мүгедектігі жөнінде анықтама;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.

Қолданыстағы