Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной материальной помощи

Қаулы · № 121 · қабылданған 26.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65073/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об оказании единовременной материальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 121 ·26.04.2012
05.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной материальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 121 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной материальной помощи
Атауы (қаз.)
Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
121
Қабылданған күні
26.04.2012
Көрсетілген редакция
05.06.2012 65073_203806.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LE000180
ЭКБ идентификаторы
65073
Редакция идентификаторы
65073_203806
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:21

0 Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6, 7, 20 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабына сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына 67000 (алпыс жеті мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 31 мамырына дейін берілсін.

2 2. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 25000 (жиырма бес мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 31 мамырына дейін берілсін.

3

3. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға біржолғы материалдық көмек (коммуналдық төлемдердің орнына) 2012 жылдың 31 мамырына дейінгі мерзімде төмендегі мөлшерде берілсін:
Қармақшы ауданы бойынша – 49 208 теңге;
Байқоңыр қаласы бойынша – 103 714 теңге.

4 4. Әлеуметтік қолдау көрсету мақсатындағы біржолғы материалдық көмек 2012 жылдың 31 мамырына дейін төмендегі мөлшерде берілсін:

1 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне – 50 айлық есептік көрсеткіш;

2

2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 40 айлық есептік көрсеткіш;

3

3) бұрынғы КСР Одағының үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер, жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге; 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі – АЭС) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар және Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 25 айлық есептік көрсеткіш.

5 5. "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә. Қошалақов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә. Ерсұлтановқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы